01.07.2025, 19:33 49051

Қайтарылған активтер қаражаты есебінен жалпы құны 160 млрд теңгені құрайтын 200-ден астам жоба іске асырылуда

Қайтарылған активтер қаражаты есебінен 160 млрд теңге сумен жабдықтау жобаларына бағытталды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында елімізде азаматтарды сумен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру жалғасуда. Осы мақсаттарға бірнеше қаржы көздерінен, оның ішінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржы бөлінеді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысы барысында Арнаулы мемлекеттік қордан 230 сумен жабдықтау жобасын жүзеге асыруға 160 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

Жалпы, қаржыландыру көлемі 284,3 млрд теңгені құрайды. Қаражат екі министрлікке бағытталады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы 183,4 млрд теңге бөлінеді, оның 101,3 млрд теңгесі - Арнаулы мемлекеттік қордан.

Су ресурстары және ирригация министрлігі арқылы 100,9 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде Арнаулы мемлекеттік қордан 59,3 млрд теңге қарастырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны