23.09.2022, 15:42 31771

Қазақстан Доминикан, Албания және Парагваймен визасыз режим туралы келісімге қол қойды

Сыртқы істер министрі Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында Доминикан, Албания және Парагваймен визасыз режим туралы келісімге қол қойды.
Қазақстан Доминикан, Албания және Парагваймен визасыз режим туралы келісімге қол қойды
НЬЮ-ЙОРК. 23 ҚЫРКҮЙЕК - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында Доминикан, Албания және Парагваймен визасыз режим туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Министр М.Тілеуберді ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидтпен, Нидерланды сыртқы саяси ведомствосының басшысы Вопке Хукстрамен, Парагвай сыртқы саяси ведомствосының басшысы Хулио Рамиреспен, Доминикан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Роберто Альвареспен, Албания сыртқы саяси ведомствосының басшысы Олта Джачкамен және БАӘ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Абдалла әл Нахайянмен бөлек келіссөздер жүргізді. Тараптар аталған елдермен және ұйыммен екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын талқылады", - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 
Доминикан Республикасымен келіссөздер қорытындысы бойынша ұлттық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімдерге, ал Албаниямен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.
 
Сондай-ақ, Парагваймен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны