17.07.2025, 18:23 31456

Қазақстан президенті елорда мен ірі қалаларды дамыту туралы заңға қол қойды

Қазақстан президенті елорда мен ірі қалаларды дамыту туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Түзетулердің бірінші блогы елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды. Түзетулердің екінші блогы жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді. Түзетулердің үшінші блогы шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды. Түзетулердің төртінші блогы кеден мәселелерін реттеуге бағытталған. Түзетулердің бесінші блогы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр", деп көрсетілген мәтінде.


Сондай-ақ, түзетулердің алтыншы блогы жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты. Жетінші блогы мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді. Сегізінші блогы бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны