07.12.2022, 13:28 16056

Қазақстан Президенті ШОБ тексерулеріне мораторийді ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті ШОБ тексерулеріне мораторийді ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: Depositphotos
Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Астана. 7 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: 2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер", - делінген Жарлықтың мәтінінде.

 
Осы Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 
Бұған дейін Қазақстанда ШОБ тексерулеріне мораторий 2023 жылға дейін ұзартылатыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны