20.10.2025, 12:19 3436

Қазақстанда 26,3 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 26,3 млн тонна астық бастырылды
Сурет: gov.kz
Егін жинау науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат, 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны