15.07.2025, 19:56 84601

Қазақстанда аграрлық азық-түлік маркетплейсі пайда болуы мүмкін

Қазақстанда аграрлық азық-түлік маркетплейсі пайда болуы мүмкін
Үкімет мамандандырылған аграрлық азық-түлік маркетплейсін құруды қарастырады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Үкімет отырысында Премьер-министр ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті әрі сапалы қорын қалыптастыру үшін тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, өнімді сақтау және сату тетіктерін әзірлеу міндетін қойды.

Сауда саласын дамытуды қолдау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға арнайы аграрлық азық-түлік маркетплейсін құру бойынша ұсыныстар беру тапсырылды.

Цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру сауда саласының одан әрі дамуына оң серпін беруге тиіс. Бұл ішкі сауда көлемін кеңейтіп қана қоймай, отандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуын да қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны