30.06.2025, 17:18 47176

Қазақстанда Антикор қайта ұйымдастырылуда

Қазақстанда Антикор қайта ұйымдастырылуда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын.


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі - Қызмет) құрылсын.

Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін" деп көрсетілген құжатта.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны