14.09.2022, 18:12 19556

Қазақстанда автокөліктердің мемлекеттік нөмірлері үшін арнайы элементтер енгізілді

Қазақстанда автокөліктердің мемлекеттік нөмірлері үшін арнайы элементтер енгізілді
Сурет: ҚР СИМ
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР автомашиналарының нөмірлік белгілерінің енді арнайы элементтері болуы тиіс. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандарты қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..
 
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша, ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандартында бұрмалаудан (қолдан жасаудан) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуы тиіс нөмірлік белгілер мен оларға арналған дайындамаларға қойылатын талаптар жазылған.
 

Стандартты ҚР ІІМ "Ақпараттық-өндірістік орталық" РМК әзірледі және ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартта сараптамадан өтті. Стандарт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғаныш элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді", - деп хабарлады ведомствода.

 
Қосымша қорғаныш элементтеріне полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алатын бірегей DMC кодтарын салу да жатқызылды.
 

Арнайы қорғаныш элементтерін нөмірлік белгінің бетінен химиялық құралдармен немесе физикалық әсермен алып тастау мүмкін емес және нөмірлік белгінің бүкіл пайдалану мерзімі ішінде сақталуы тиіс", - деп ведомствода атап өтті.

 
Бұдан басқа, СИМ ақпараты бойынша, ҚР СТ 986-2022 қолданысқа енгізу өнімді дайындау бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны