15.07.2025, 17:49 65081

Қазақстанда көппәтерлі үйлерді басқарудың екі нысаны ғана қалады

Қазақстанда көппәтерлі үйлерді басқарудың екі нысаны ғана қалады
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Заң Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға түзетулер енгізді.

Түзетулердің бірінші блогы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жай серіктестік нысанын жойып, басқарудың екі түрін ғана сақтады: МИБ (меншік иелері бірлестігі) және ТББ (тікелей бірлесіп басқару).

Түзетулердің екінші блогы салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты.

Заң, сонымен қатар, декларациялау мәселелерінде құқықтық айқындықты арттыруға және Салық кодексінің ережелеріне сілтеме нормаларды өзектендіруге бағытталған басқа да түзетулерді қамтыды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны