10.01.2022, 11:16 6966

Қазақстанда лаңкестік шабуыл салдарынан қаза болғандарды аза тұту күні

Қазақстанда лаңкестік шабуыл салдарынан қаза болғандарды аза тұту күні
Сурет: pixabay
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚАҢТАР - Бүгін Қазақстанда террористік шабуылдың салдарынан қаза болғандарды аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі қайғылы оқиғалар салдарынан көптеген адам өліміне байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
 
Бүгінде республика бойынша тулар түсірілді. Ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылды.
 
Бұған дейін хабарлағандай, ҚР Президенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" Жарлыққа қол қойды.
 
Әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталсын:
 
ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
 
Әділбай Дастан Әділбайұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы
 
Барғанаев Дархан Ермекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті жедел қимылдау арнайы жасағының инспекторы 
 
Жағалбаев Жандос Мұхтарұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының аға офицері
 
Кабдинов Андрей Вячеславович (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кафедра бастығы
 
Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Тараз қаласы полиция басқармасының 1-бөлімінің учаскелік инспекторы; 
 
ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
 
Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің көлік жүргізуші-полицейі
 
Аманов Айбат Ерболұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі
 
Асылханов Ален Мұхитұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі 
 
Әділхан Жайық Ұғұлқанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының бөлімше командирі
 
Бітім Мейірхан Ержанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты
 
Ержанов Ербол Тілеубекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/16 мекемесінің аға бақылаушысы
 
Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты
 
Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі
 
Қамбетов Ринат Талғатұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі 
 
Смайылқанов Ғабдолла Ғалымұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімінің маманы (операторы);
 

Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:

 
Нұркенов Әділ Дулатұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кіші жедел уәкілі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны