26.05.2021, 19:25 17135

Қазақстанда мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласқаны үшін жазаланатын болады

Рейдерлік басып алуды ұйымдастырушылар және оларға шенеуніктер қатарынан көмектесетіндер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - Мәжіліс пленарлық отырыста рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
 
Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода атап өткендей, Қылмыстық кодекске түзетулер күштік деп аталатын әдістерді қолданумен, яғни бақылаушы, құқық қорғау және басқа да органдарды пайдаланумен байланысты рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Рейдерлік басып алуды ұйымдастырушылар және оларға шенеуніктер қатарынан көмектесетіндер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
 

Қылмыстық кодекстің 365-бабында заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру тәсілдері нақтыланады, Санкциялар күшейтіледі, бұл қылмыс ауыр қылмыс санатына өтеді", - деп келтіреді Kazpravda басылымы депутаттың сөзін.

 
Азаматтар мен бизнестің проблемаларын шешуге прокурорлық қадағалауды қайта бағдарлау үшін "Прокуратура туралы" заңға прокурордың бизнестің шенеуніктерге шағымдары бойынша тексерулер жүргізу құқығын, сондай-ақ мемлекеттік органдар салған тыйым салу немесе шектеу шараларын жою құқығын көздейтін өзгерістер енгізіледі.
 
Бұдан басқа, Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің бірқатар баптарына бизнес пен азаматтардың заңсыз тексерулерге, тінтулерге, алынуларға шағымдарын қарау мерзімдерін қысқартуға бағытталған түзетулер енгізіледі.
 

Ақпарат көзі: kazpravda.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны