20.10.2021, 16:30 29281

Қазақстанда мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа тәртібі бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚАЗАН - Қазақстанда мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа тәртібі бекітілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

СOVID-19 пандемиясына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өту бойынша шектеулер жалғасуда. 2021 жылғы 13 қазанда ҚР Үкіметі жанындағы Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантиндік шектеулер кезеңінде шекарадан өтудің жаңа тәртібін бекітті", - деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.

 
Елден тыс жерлерге шығатындар үшін өзгерістер мен жеңілдіктер енгізілді:
 
Жерлеуге немесе ауыр науқас отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (жұбайлары, ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері мен немерелері) күтіп-бағу үшін бара жатқан Қазақстан азаматтары туыстығын растайтын құжаттары болған кезде өздерінің жұбайымен, кәмелетке толмаған балаларымен шекарадан өте алады.
 
Жерлеуге және ауыр науқас отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (жұбайлары, ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері мен немерелері) күтіп-бағу үшін бара жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туыстығын растайтын құжаттары болған кезде өздерінің жұбайымен, кәмелетке толмаған балаларымен бірге шекарадан өте алады.
 
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан аумағына келуге болатын туыстарының тізбесі кеңейтілді. Ата-аналардан, балалардан, ерлі-зайыптылардан басқа, асырап алушылар, асырап алынған, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек, яғни бір ғана ортақ ата-анасы бар, ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері мен немерелері қосылады. Ағайын-туыс бауырлар бұл шарттарға бағынбайды.
 
Сонымен қатар, шетелдіктерге шекарадан жұбайымен, кәмелетке толмаған балаларымен бірге 30 күнде бір реттен артық емес өтуге рұқсат етіледі.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны