14.10.2021, 18:56 18307

Қазақстан тағы екі елдің вакцинация паспорттарын өзара таныды

Қазақстан Үндістан және Филиппинмен вакциналау паспортын өзара таныды.
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚАЗАН - Қазақстан Үндістан және Филиппинмен вакциналау паспортын өзара таныды, деп хабарлады кеше ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Үндістан және Филиппинмен өзара вакциналау төлқұжатын тану іске асырылды, нәтижесінде Қазақстан Республикасы 15 елмен вакциналау паспортын тану туралы келісімге қол жеткізді (Түркия, Венгрия, Грузия, Қырғызстан, Молдова Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Беларусь Республикасы, Армения, Иран, Сан-Марино, Аргентина, Эстония, Үндістан мен Филиппин)", - делінген ВАК шешімдерінің тізімінде.

 
Сонымен қатар, карантиндік шектеулер кезеңінде ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне ҚР аумағына еркін кіру (ВАК шешімінсіз) бөлігінде өзгерістер енгізілді: туыстық фактісін растай отырып, ҚР азаматтарының туыстары болып табылатын шетелдіктерге; ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктерге ауыр науқастанғандарға күтім жасау үшін, олардың ілесіп жүретін жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жерлеу рәсіміне келгендерге.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны