13.09.2021, 22:26 8507
Қазақстанда вакцина өндіруге арналған екінші алаң іске қосылды
Достарға айту
Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бүгін "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын — ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі. БҚПҒЗИ "Антиген" алаңын пайдалана отырып, медициналық вакциналарды, оның ішінде "QazVac" шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты. Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды", - делінген ҚР Премьер-Министрінің сайтында.
Биылғы жылдың қыркүйек айында қуаты айына 1 млн дозаға дейін жететін "Антиген" алаңында "QazVac" вакциналарының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды. Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"Антиген" ҒӨК "OtarBioPharm" ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар БҚПҒЗИ әзірлеген "QazVac" қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.09.2023, 19:39 10881
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Қос киенің сақшысы Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
«Бүгінде еліңіз – саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта Сіздің басшылығыңызбен Корольдіктің дамуы баянды, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.09.2023, 19:28 11131
Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімболып тағайындалды
Сурет: ?Р Сенаты
Достарға айту
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ғауез Торсанұлы өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы «Магнайский» совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып бастап, ьүрлі мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарған.
2015 жылдан 2023 жылға дейін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2023 жылдың 25 қантарынан бастап ҚР Парламенті Сенатының Депутаты болып сайланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.09.2023, 19:22 11346
Қазақстан мен Сейшел аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Сейшел аралдарының Сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд екіжақты қатынастарды дамыту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдар бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
М.Нұртілеу Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастығының өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өтті. Ол екіжақты негізде және көпжақты бірлестіктер шеңберінде өзара қызығушылық тудыратын салаларда қазақ-сейшел ынтымақтастығын дамытуға бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сейшел Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Ол әрбір жарты жылда 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде паспорттардың барлық түрлері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді. Аталған Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.09.2023, 18:34 12111
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымын 2 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарлануда
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Таразда өтіп жатқан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы I Өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан тарапынан іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары - Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, энергетика вице-министрлері Жандос Нұрмағанбетов, сауда және интеграция вице-министрі - Қайрат Төребаев, ауыл шаруашылығы вице-министрі - Ербол Тасжүреков, сондай-ақ cыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев қатысты.
Бизнес өкілдері екі күн бойы іскерлік әріптестіктің практикалық мәселелерін, ал өңірлер - экономикалық және әлеуметтік дамудың, агроөнеркәсіптік кооперацияның және су-энергетикалық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптарын талқылады.
Әлихан Смайылов атап өткендей, форум екі Мемлекет басшыларының Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының өзара іс-қимылының жаңа форматын құру жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр.
Бүгінгі форум екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер ашатынына, елдеріміздің өңірлерін жақындастырып, экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін айқындайтынына сенімдімін", - деді ол.
Премьер-Министр Қырғызстан еліміздің маңызды сауда серіктесі екенін атап өтті. Соңғы жылдары өзара сауда тұрақты түрде өсу қарқынын көрсетіп келеді. 2021 жылдың өзінде-ақ тауар айналымын $1 млрд-қа көтеру мақсатына қол жеткізілді, ал 2022 жылдың қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш тағы 19%-ға артты.
Бүгінгі таңда алдымызда бұдан да ауқымды мақсат - сауда көлемін $2 млрд-қа жеткізу тұр. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Біз оларды белсенді түрде пайдалануымыз қажет", - деді Әлихан Смайылов.
Бұл ретте екі ел арасында тиімді инвестициялық өзара іс-қимыл жолға қойылған. 2005 жылдан бері қазақстандық компаниялар Қырғызстан экономикасына шамамен $1,3 млрд инвестиция салса, өткен жылдың өзінде $200 млн-ға жуық инвестиция құйылды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 2,5 есеге көп.
Қазақстанда 3,5 мың бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді, өткен жылдан бері олардың қатарына 200-ге жуық жаңа компания қосылды. Біздің инвестициялық ынтымақтастығымыздың мүмкіндіктері әлдеқайда кең екені сөзсіз және біз бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға мүдделіміз", - деді Премьер-Министр.
Оның айтуынша, бұл ретте өңірлердің ынтымақтастығы басты рөл атқарады. Қазақстанның екі облысы - Алматы мен Жамбыл ұзындығы шамамен 1200 км мемлекеттік шекара арқылы Қырғызстанның үш облысымен шектеседі. Сонымен қатар бүгінде өңіраралық және шекара маңы сауда қатынастарының түбегейлі жаңа жүйесі құрылып отыр.
Өткен жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға сапары барысында біздің облыстарымыз ынтымақтастықты дамыту туралы алты құжатқа қол қойды. Бүгінгі форум шеңберінде екі тараптың тағы екі облысы арасында бауырластық байланыстар орнатылып отыр", - деді Әлихан Смайылов.
Осы тұрғыда Үкімет басшысы I Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу орны ретінде таңдалған Жамбыл облысының маңызы ерекше екенін атап өтті. Жамбыл облысы арқылы логистикалық бағыттардың негізгі бөлігі өтеді. Сонымен қатар өңірде қырғыз тарапының қатысуымен ашылған кәсіпорындардың тең жартысы тіркелген.
Өзінің кіріспе сөзінде Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанды көп ғасырлық берік достық пен бауырластық, ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтарға негізделген тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті.
Форум өзара тиімді жаңа жобалар мен бастамалармен ерекшеленіп, экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды нығайтуға, елдеріміздің өңірлері арасындағы іскерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге серпін беретініне сенімдімін", - деді ол.
Ақылбек Жапаров өңіраралық ынтымақтастық әрқашан екі ел үкіметтерінің назарында екенін атап өтті.
Облыстар мен қалалар арасындағы тікелей байланыс, өңіраралық достық пен ынтымақтастықты нығайту - қырғыз-қазақ мемлекетаралық байланыстарының маңызды құрамдас бөлігі. Өңіраралық диалогты кеңейту елдеріміздің стратегиялық әріптестігіне қосымша оң әсер етеді. Біз аймақтағы көлік-логистика, су-энергетика және сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға зор маңыз береміз. Бұл тұрғыда Өнеркәсіптік сауда-логистикалық кешеннің құрылысы қолда бар сауда-логистикалық әлеуетті жоғары тиімділікпен пайдалануға мүмкіндік береді", - деді ол.
Форумның пленарлық отырысы барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қырғыз Республикасы Президентінің Талас облысындағы уәкілетті өкілі Нұрлан Дарданов пен Ыстықкөл облысындағы уәкілетті өкілі Иляз Иманбетов те сөз сөйледі.
Келесі кезекте екі елдің Үкімет басшылары Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы хаттамасына, ал Шымкент және Ош қалалары, Ақтөбе және Жалал-Абад облыстары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандумдарға қол қойды.
Сонымен қатар форумның екі күнінің қорытындысына сәйкес құс етін, медициналық және кондитерлік өнімдерді, кешенді микротыңайтқыштарды, аммофосты, натрий цианидін, әктас пен тақтатастарды жеткізуді, сауда және делдалдық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп пен банк саласындағы бастамаларды іске асыруды көздейтін $65 млн-нан астам сома көлеміндегі бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.09.2023, 18:29 12261
Жамаубаев Қытаймен визасыз режимді жеделдетуді тапсырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
2023 жылғы 22 қыркүйекте Премьер-Министрдің орынбасары-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кедендік әкімшілендіруді дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша, оның ішінде "Нұр Жолы" кеден бекеті, "Қорғас" ШЫХО қызметі мәселелері бойынша ҰҚК-нің Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Әділет министрлігі, Сауда және интеграция минстрлігі, БҚжДА және Жетісу облысы әкімдігінің өкілдері қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Кеңесте "Нұр Жолы"кеден бекеті, "Қорғас" ШЫХО арқылы тауарларды өткізу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті көптеген бұзушылықтар сияқты мәселелер талқыланды.
Кеңес нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілді, соның ішінде:
- габаритті емес жүктері бар көлік құралдары үшін инфрақұрылымды дамыту және автомобиль жолын және "Нұр Жолы" кеден бекетінде габаритті емес жүктерді орналастыру үшін уақытша сақтау қоймаларында ашық алаң салу мәселесін қарастыру;
- сервистік қызмет көрсету үшін кеден инфрақұрылымы объектілерін сенімгерлік басқаруға беруге қатысты кеден заңнамасына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау;
- ШЫХО аумағында қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейту;
- заманауи цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, багажды қабылдау және тапсыру технологиясын жаңғырту;
- "Қорғас" ШЫХО кеден бекеті штат санын ұлғайту;
- электрондық кезектің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Ақпараттық жүйелерді толыққанды интеграциялау;
- Қытай тарапымен Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді қабылдау рәсімін жеделдету;
- жеке тұлғалар өткізетін тауарларға кедендік бақылауды жақсарту бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды және шаралар қабылдауды күшейту.
Кеңесте берілген тапсырмаларды іске асыру және түйткілді мәселелерді шешу мақсатында атқарылатын мерзімдері нақты көрсетілген жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.09.2023, 18:00 27321
Газ өндіруші кәсіпорын Қазақстан бюджетіне 6 млрд теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттелді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бас Прокурордың наразылығы бойынша жер қойнауын пайдаланушы бюджетке 6 млрд теңгеден астам ақша төлеуге міндетті, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.
Шығыс Қазақстан облысының газ өндіруші кәсіпорны 2015 жылдан 2019 жылға дейін газды әлемдік нарықтық бағадан құнын төмендетіп сатқан және шетелге жөнелткен.
Салықты қосымша есептеу туралы фискалдық органның шешімімен келіспей, компания оның хабарламасына қарсы шығып сотқа берген.
Бұл даудың нүктесін Жоғарғы Сот қойды және Бас Прокурордың наразылығы бойынша салықтар мен өсімпұлдарды қосымша есептеу негізді деп тапты.
2023 жылдың өткен кезеңінде прокурорлардың өтініштері мен наразылықтары бойынша азаматтық және әкімшілік істер бойынша 210 сот актісі жойылып, өзгертілді, 14,9 млрд теңге сомаға мемлекеттің мүдделері қорғалды.
Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық саладағы тексерулер мен талдаулардың нәтижелері бойынша мемлекетке тағы 16 млрд теңге өтелді.
Осылайша, прокуратура органдары ел бюджетін 31 млрд теңгеге толықтыруды қамтамасыз етті, сондай-ақ мемлекетке қосымша заңсыз берілген және пайдаланылмаған 36 млрд теңгеге жер учаскелерін қайтарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.09.2023, 17:30 27711
Қазақстанда 2024 жылдан бастап балабақшаға балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай кезегі іске қосылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында орман өрттеріне қарсы күрес жөніндегі жаңа шаралар мен балабақшаларға кезекке тұруды автоматтандыру үдерісі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиынға қатысушылар өрт ошақтарын дер кезінде анықтауға және уәкілетті органдарға ақпаратты шұғыл жеткізуге мүмкіндік беретін орман өрттерін ерте анықтау жүйесін іске қосу мәселесін талқылады. Оның шеңберінде мемлекеттік орман қорын, ұлттық саябақтарды, қорықтарды және ерекше қорғалатын аймақтарды тәулік бойы бейнемониторинг жүйесімен және тәуелсіз түтін датчиктері желісімен қамту жоспарланып отыр.
Бұл ретте шешім қабылдау орталығын өзекті ақпаратпен қамтамасыз ететін және өрттерді оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруге көмектесетін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану көзделеді. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын қауіпсіз эвакуациялау жолдарын әзірлеу, сондай-ақ зардап шеккендерді іздеп табу және құтқару үшін пайдалану жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Үкімет басшысы ҚР ТЖМ бөлімшелері үшін 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын және 12 су шашу құрылғысын сатып алуды көздейтін қаулыға қол қойған болатын. Бұл мақсатқа Үкімет резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Отырыста ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленген Мектепке дейінгі ұйымдар үшін есепке алудың бірыңғай базасын құру мәселесі де талқыланды. Оны пилоттық режимде осы жылдың қазан айында іске қосу жоспарланып отыр, ал 2024 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл республика бойынша қолданылады.
Премьер-Министр балабақшаға кезекке қою және кезекті жылжыту үдерісін толық цифрландыру оның ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар отырыс барысында жасанды интеллект технологияларын дамыту, мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа көшіру, мемлекеттік аппараттың негізгі үдерістерін цифрландыру, бизнес субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелері қаралды. Бұл тексерулерді тағайындау кезінде адами факторды, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.09.2023, 16:27 28491
Үкіметте экспорттық баж салығы, көмір мен газ экспортына қойылатын шектеулерге қатысты мәселелер талқыланды
Достарға айту
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралып, шешімдер қабылданды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығының әсері тағы да қызу пікірталас тудырды. ВАК-тың алдыңғы екі отырысында бұл мәселе өндірушілер мен қайта өңдеушілерден бастап мемлекеттік органдар мен "Атамекен" ҰКП бірге барлық мүдделі тұлғалар арасында талқыланды. Енгізілген экспорттық баж салығының барлық нәтижелерін және елдегі өндірісті қайта өңдеуге қарай әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың қазіргі бағытын тағы бір таразылай келе, ВАК отырысында күнбағыс тұқымына қолданыстағы экспорттық баж салығын 20% көлемінде, бірақ тоннасына кемінде 100 еуро мөлшерінде өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Майлы дақылдар өңдеушілердің ұлттық қауымдастығына күнбағыс тұқымын өндірушілермен сатып алу бағасы бойынша келісімге келу ұсынылды, бұл туралы қауымдастық жақын арада жариялауға уәде берді.
Ең тиімді бизнес. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, күнбағыс тұқымын өсіру АӨК саласындағы ең табысты бизнес түрлерінің бірі. Бұл майлы дақылдың рентабельділігінің жалпы көрсеткіші ел бойынша 96,4%-ды құрайды.
Қайта өңдеуге арналған қуаттар. Елімізде күнбағыс тұқымын өңдеу саласына 50-ден астам кәсіпорын жұмылдырылған, шикізат өңдеудің жылдық жалпы қуаттылығы 3,2 млн тоннаны құрайды. 2022 жылы күнбағыс өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған қуаттардың жүктемесі (2,8 млн тонна) 34% құрады. Бұл ретте 2022 жылы күнбағыс тұқымдарының жалпы жиналуы 1,3 млн тоннаны құрап отыр, яғни қазірдің өзінде ішкі нарықта майлы дақылдарды толық өңдеу үшін барлық алғышарттар бар.
Егістік алқаптарының көлемі артып келеді: 2021 жылы 960,4 мың гектардан 2022 жылы 1 млн гектарға (14%) және 2023 жылы 1,2 млн гектарға дейін (6%). Орташа өсім жыл сайын 10% құрайды.
Күнбағыс тұқымының экспорты өсуде: 2022 жылы 346,8 мың тонна күнбағыс тұқымы экспортталды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен (145,9 мың тонна) 2,3 есеге артық. Бұл ретте маркетингтік кезеңде күнбағыс тұқымының экспорты, бұл 2020-2023 жылдардағы қазаннан тамызға дейін экспорттың орташа жылдық көрсеткішінен асып түседі.
Өсімдік майының өндірісі өсіп келеді: 2022-2023 маусымда (2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың тамызына дейін) тазартылмаған май өндірісі 417 мың тоннадан асты, бұл 2021-2022 (279 мың тонна) маусымынан 50%-ға артық. Тазартылған май өндірісі осы уақыт ішінде 4,1%-ға, 145,3 мың тоннаға дейін өсті. Бөтелкедегі күнбағыс майының импорты қысқарды: 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы шілдеге дейін импорт 35,2 мың тоннаны құрады, 15%-ға төмендеді. Осылайша, өндірістің өсуі импорттың қысқаруы аясында жүреді, яғни импортты алмастыру орын алады.
Қайта өңделген өнімдердің экспорты өсуде. 2022 жылы $319,7 млн сомасына 229,4 мың тонна күнбағыс майы экспортталды, бұл 2021 жылғы деңгейінен 3 есе дерлік жоғары ($98,8 млн сомада 84,9 мың тонна).
Дүкендерде май бағасы арзандар жатыр. Экспорттық баж салығы 2023 жылғы 4 ақпанда енгізілді, республика бойынша қаңтардан қыркүйекке дейін күнбағыс майының орташа бағасы 16%-ға төмендеді. Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегіндегі жағдай бойынша орташа баға 764 теңгені құрады.
Бюджетке түсетін түсімдер. Ел бюджетіне күнбағыс тұқымын экспорттау үшін төленген баждардың көлемі 4,2 млрд теңгені құрады, осыдан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері субсидия алады.
Шикізат экспортын шектеу және қайта өңдеу көлемін арттыру - көршілес елдердің экономикасындағы әлемдік үрдіс. Іс жүзінде өз шикізаты жоқ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты мемлекеттер шикізатты жеткізуге жеңілдікті жағдайлар жасап, қайта өңдеу көздерін салады. Қырғызстанда тек өсімдік майын өндіруге күнбағыс тұқымын әкелу үшін ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі белгіленді. Өзбекстанда күнбағыс пен күнбағыс майын әкелуге нөлдік баж салығы қолданылады. Нәтижесінде Өзбекстанның импорт құрылымында күнбағыс тұқымын Қазақстаннан әкелу жыл сайын бірінші орында тұр. Бұл ретте шикізатын өз бетінше өндіретін елдер, мысалы, Ресей Федерациясы, Беларусь экспорттық баж салығын ұзартып, экспорттық лицензиялауды енгізеді.
Сонымен қатар ВАК отырысында көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл алдағы жылыту маусымының басталуымен және халықты әлеуметтік көмірмен үздіксіз қамтамасыз етумен байланысты. Халықты газбен үздіксіз қамтамасыз ету және автомобиль нарығына жеткізу мақсатында сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлік түрлерімен әкету бойынша шектеу белгіленген.
Сондай-ақ ВАК отырысында жағармайларға экспорттық баж салығының алып тастау мәселесі талқыланды, тот баспайтын болаттан жасалған суық деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданысын ұзарту және сыртқы сауда қызметінің басқа да мәселелері қаралды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
20.09.2023, 17:42Ең жоғары жалақы 686 мың теңге жаңаөзендіктердің қалтасында, ең төмені жалақы Талдықорғанда 20.09.2023, 17:29 39271Журналистерге жасалған шабуыл: Клебановтың соты жабық өтеді22.09.2023, 16:27 28491Үкіметте экспорттық баж салығы, көмір мен газ экспортына қойылатын шектеулерге қатысты мәселелер талқыланды22.09.2023, 17:30 27711Қазақстанда 2024 жылдан бастап балабақшаға балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай кезегі іске қосылады22.09.2023, 18:00 27321Газ өндіруші кәсіпорын Қазақстан бюджетіне 6 млрд теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттелді
25.08.2023, 19:15 97806Алматыда бірқатар мектептер мен балабақшаларға 2023 жылдың соңына дейін қауіпсіздік жүйесі енгізіледі25.08.2023, 19:36 94436Шавкат Мирзиёевтің қызы Өзбекстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды26.08.2023, 12:58 75161Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды26.08.2023, 13:08 74871Өзгені құтқарам деп қайтыс болған он төрт жасар жасөспірім марапатталды26.08.2023, 12:56 74626Алматыда 40 шетелдік азамат елден шығарылды