27.05.2022, 18:26 32301
Қазақстандықтардың 76%-ға жуығы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдайды – Қоғамдық саясат институты
Сурет: Amanat
Достарға айту
Қазақстандықтардың 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Сонымен, әлеуметтік деректерге сәйкес, азаматтардың көпшілігі қолданыстағы ҚР Конституциясын өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отыр. Атап айтқанда, қазақстандықтар мыналарды қолдайды:
• азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – 80,1%,
• халықтың елді басқару ісіне араласуын кеңейту – 76,8%,
• суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу – 73,5%,
• билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу – 72,3%,
• Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру – 64,4%.
Қазақстандықтардың 67,9%-ы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу елдің дамуына оң әсер етеді деп санайды. 5 маусымда сайлау учаскелеріне азаматтардың үштен екісі келмек", - деп атап өтті партия Хатшысы Дәулет Кәрібек.
Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиеваның айтуынша, халықтың өзгерістерге деген сұранысы тұрақты түрде туындап отыр.
Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістердің оң бағаланатынын көрсетеді. Азаматтардың 87,5%-ы белгілі бір дәрежеде ел өміріндегі өзгерістерді қалайды. Сұралғандардың 55,4%-ы белсенді азаматтық ұстанымға ие. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысты", - деді Мәдина Нұрғалиева.
Айта кетейік, жүйелі әлеуметтануды қалыптастыру мақсатында "Әлеумет" жобасы аясында тұрақты негізде зерттеулер жүргізіледі. Ал олардың нәтижелері институттың @SocioExpert telegram арнасында жарияланады.
Әлеуметтік зерттеулердің көмегімен партия қоғамдық пікір скринингін жүргізіп, тиімділікті арттыру үшін оны өз жұмысының барысында ескереді. Біз қоғамдық пікірді ескеріп, онымен санасамыз. Бұл жұмыстың барлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының мәніне толық сәйкес келеді", - деді Дәулет Кәрібек.
Өз кезегінде "AMANAT" партиясының атынан сайланған депутат Саясат Нұрбек партияның үгіт науқаны туралы айтты. Халық қалаулылары аймақ тұрғындарымен мыңға жуық кездесу өткізді. Ал іс-шараларға барлығы 220 мыңнан астам адам қатысқан.
Сонымен қатар, үгіт науқаны аясында партиялықтар қазақстандықтардың ұсыныстарын жинауға бағытталған республикалық акцияны бастады. Үгіт науқаны басталғаннан бері 4,5 мыңнан астам талап-тілек келіп түсті. Олардың арасында әлеуметтік және саяси сипаттағы ұсыныстар мен өтініштер басым.
Ал қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова референдум өткізудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.12.2025, 14:50 6566
Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Штип қаласындағы Гоце Делчев атындағы университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан Қазақстанның ағымдағы дамуы, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктері, оның қазіргі әлемдегі геосаяси рөлі, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығы нәтижелерімен аудиторияны таныстырды.
Тыңдаушылар қазақстандық жоғары білім беру жүйесін, халықаралық академиялық және білім беру бағдарламаларын дамытуға ерекше қызығушылық танытты.
Университет ректоры Деян Мираковскимен кездесу барысында Елші Бұршақов білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Екі елдің университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы әріптестікті нығайту қажеттігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ректор Д.Мираковски академиялық алмасу, бірлескен жобалар және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейту перспективаларына назар аудара отырып, қазақстандық білім беру мекемелерімен өзара тиімді байланыстар орнатуға терең қызығушылық танытты.
Университет басшылығы Қазақстан Елшілігіне елімізбен тереңірек танысу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, болашақта осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Гоце Делчев атындағы Университет 2007 жылы құрылған. Higher Education Council (Түркия), сондай-ақ Еуропалық Университет қауымдастығымен ынтымақтастығы бар. Студенттер саны 20 мыңнан асады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 11:05 5206
Үкіметте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар түрлеріне бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасына қатысты жағдай талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қараша айында қазанмен салыстырғанда азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі 0,9%-ға дейін баяулады, ал азық-түлік өнімдерінің бағасы өткен ай деңгейінде (1%) сақталды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған баға индексі соңғы төрт апта бойы өзгеріссіз қалып отыр.
Серік Жұманғарин жылыжай көкөністерінің, әсіресе қияр мен қызанақтың маусымдық қымбаттауын ескере отырып, шекарадағы өткізу бекеттерінде түрікмен көкөністеріне шұғыл түрде "жасыл дәліздер" ұйымдастыруды тапсырды. Бұл шара әсіресе жылыжай өндірісі жеткіліксіз аймақтарды қолжетімді бағадағы көкөністермен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа жыл мерекелері қарсаңында, 22-31 желтоқсан аралығында, елдегі супермаркеттерде "Bereke fest" акциясы басталады. Акция аясында фермерлерден тікелей жеткізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен сатылады. Сонымен қатар өңірлерде ауыл шаруашылығы және жаңа жылдық жәрмеңкелердің саны артады: желтоқсан айында еліміздің барлық өңірінде 800-ден астам жәрмеңке өткізілмек. Тек өткен аптада 149 жәрмеңке ұйымдастырылды. Сауда комитетіне шалғай аудандарға, оның ішінде Маңғыстау, Ұлытау облыстарына тауар жеткізу бойынша көмек көрсету тапсырылды.
Сондай-ақ Ұлытау облысындағы күрделі логистиканы және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қойма орындарының тапшылығын ескере отырып, Серік Жұманғарин өңірде логистикалық орталық құру міндетін қойды. Аталған орталықтың қуаты азық-түліктің қажетті қорын сақтауға, логистикалық шығындарды қысқартуға және өңірлік тарату хабын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру тетіктері бойынша қолданыстағы ережелерге толықтырулар енгізу жұмыстары туралы баяндады.
Өзгерістер онлайн мониторинг жүйесін орнатуды міндеттейді. Қазіргі уақытта "Қазақтелеком" АҚ Қызылордада 3 мың шаршы метрлік қоймада пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр. Келесі жылы барлық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар қоймалары осындай жүйелермен жабдықталып, бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қорларының болуына, сақтау жағдайлары мен сапасын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Өзгерістер жақын арада күшіне енеді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 10:03 5416
Үкіметте "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы басталған "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиынға ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, сондай-ақ өңір әкімдері мен әкім орынбасарлары онлайн режимде қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы - медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу, орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту және оларды білікті мамандармен қамтамасыз ету бағыттарын қамтитын "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру. Қазіргі уақытта жобадағы 655 нысанның 645-інің құрылысы аяқталды, бұл жоспардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде 226 нысан бұрын медициналық инфрақұрылым болмаған ауылдарда салынған, ал 419-ы ескірген ғимараттардың орнына тұрғызылды. Сонымен қатар жоба аясында қалған 10 МСАК нысаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Аида Балаева облыс әкімдіктеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын, жобалық жұмыстарды дер кезінде аяқтап, әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды.
Барлық бағыт бойынша қатаң әрі жүйелі бақылау қажет. Әр облыс бойынша бекітілген кестелерге сәйкес, бұлжытпай орындалып, барлық кезеңінде қадағалау және міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз ету маңызды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама нәтижесіне қатысты нақты әрі толық ақпарат берілуі тиіс. 2026 жыл - жауапты кезең, сондықтан формалды есеп емес, нақты нәтижелер мен жергілікті жердегі расталған бақылау қажет", - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Сонымен қатар жобаның екінші бағыты - инсульт орталығы, ТКА орталығы, перинаталдық орталық, травматология, хирургия және медициналық оңалту бөлімшелері бар жаңғыртылған 32 орталық аудандық аурухананы пайдалануға беру мәселесі қаралды. Баяндамаға сәйкес, 14 нысанда жұмыстар аяқталған, тағы 24 аурухана қайта жаңарту немесе күрделі жөндеу кезеңінде тұр.
Талқылауда ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болды. Ұлттық жоба аясында 1100 медицина қызметкерін даярлау қарастырылған.
Инфрақұрылым салу - маңызды қадам, алайда шешуші фактор - кадр мәселесі. Нысандардың тиімді әрі сапалы жұмысы тікелей медициналық мамандардың даярлығы мен олардың қолжетімділігіне байланысты. Бүгінде мамандар тапшылығы ауылдық жерде ғана емес, ірі қалаларда да байқалады. Медицина нысандарын пайдалануға беру персоналды толықтырудың нақты алгоритмімен және көрсетілетін қызметтің көлемі мен сапасын нақты түсінумен қатар жүруі тиіс. Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ауқымды инвестиция салуда. Бұл жобалардың нәтижесі барлық сын-пікірге берілген нақты жауап. Сондықтан нысандарды салумен ғана шектелмей, олардың қанша адамды қамтитынын, қандай нақты пайда әкелетінін халыққа жеткізу маңызды. Азаматтардың денсаулығы - елдің адами капиталы мен стратегиялық әлеуеті, мемлекет қабылдап жатқан шаралардың барлығы осыған бағытталған", - деп атап өтті Аида Балаева.
Жиынды қорытындылай келе, Премьер-министрдің орынбасары бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда
- жыл соңына дейін жұмысты аяқтауы тиіс өңірлер бойынша қосымша тексеру жүргізіп, нақты бақылау нәтижелері туралы есеп ұсынуды;
- бекітілген жұмыс кестелерін қатаң сақтап, әр облыс бойынша егжей-тегжейлі жоспар-графиктерді әзірлеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауды;
- бірінші, екінші және үшінші бағыт бойынша толық әрі уақтылы жұмыс жүргізу, жыл соңына дейін алынған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, әр жағдай бойынша міндетті түрде ақпарат беруді;
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама нәтижелері жөнінде өңірлер бойынша нақты әрі толық ақпарат ұсынуды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 14:41 5961
"Қазығұрт" және "Темір баба" жаңа жоғары технологиялық өткізу пункттері ашылды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан "Қазығұрт" және Түркіменстанмен шекарада орналасқан "Темір баба" пункттері. Аталған нысандардың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өткенін айта кету керек, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазығұрт" өткізу пунктінің ресми ашылуына ҚР қаржы министрі Мәди Такиев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.
Қаржы министрі жаңғырту бағдарламасы Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен арадағы шекараларда орналасқан барлығы 9 өткізу пунктін қамтығанын атап өтті. "Қапланбек", "Атамекен", "Қалжат" және "Алакөл" сияқты бірқатар нысандағы жұмыстар аяқталған. Ал жыл соңына дейін "Тәжен", "Майқапшағай" және "Бақты" пункттерін жаңғыртудан өткізу көзделіп отыр.
Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысы мен жүк өткізу процесіне кедергі келтірмей жүзеге асырылды. Осы мақсатта уақытша қозғалыс схемасы ұйымдастырылып, бұл кептелістің алдын алып, жүк және жолаушылар тасымалы үздіксіз жүргізілді.
Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде пункттерде шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін азайып, өткізу қабілеті тәулігіне 1 000 көлікке дейін ұлғайтылды. Қазір жаңартылған өткізу пункттері арқылы көлік ағыны 2,5 есе артты. Мәселен, 2022 жылы шекараны 640 мың автомобиль кесіп өтсе, бүгінде бұл көрсеткіш 1,5 млн-ға көбейді.
Қазығұрт" өткізу пункті - халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи технологиялық кешен. Мұнда көлікті тіркеудің автоматтандырылған жүйесі, озық сканерлеу жабдықтары, салмақ-габарит өлшеу жүйелері, сондай-ақ рентген-телевизиялық қондырғылар, "тепловизорлар" және радиациялық бақылау құралдары іске қосылған. Қозғалыс ағыны жаяу жүргіншілер, жеңіл және жүк көліктері деп арнайы бөлінген. Бұл қауіпсіздікті арттырып, қозғалысқа жайлы жағдай жасайды. Жүк көліктері үшін техникалық бақылаудан тоқтаусыз өтуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған дәліздер қарастырылған.
Инфрақұрылымды жаңартумен қатар министрлік кеден рәсімдерін цифрландыру бойынша да қарқынды жұмыстар жүргізіп келеді. Айталық, Keden ақпарат жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, онда толық интеграцияланған цифрлы кеден жүйесіне көшу қарастырылған. Жүйе экспресс-жүктермен жұмысты, тауарларды есепке алуды және виртуалды қоймаларды автоматтандырды. Қазір жасанды интеллект негізінде тауарлар мен қызметтерді декларациялау модулін іске қосу қолға алынған. Мақсат - электронды декларацияның толық циклін аяқтап, 2026 жылдан бастап тиімділікті бақылау, сараптау және бағалау үшін жаңа модульдерді енгізу. Бұл бизнес үшін жұмысты айтарлықтай жеңілдетіп, қызмет көрсетуде жеделдете түседі.
Бұдан бөлек сәуірде Өзбекстанмен шекарадағы "Жібек Жолы" өткізу пунктін ауқымды жаңғырту басталған болатын. Жаңа кешен жалпы ауданы 10 мың шаршы метрді алып жатқан екі заманауи жолаушылар терминалын және автокөлікке арналған бірыңғай шатырды қамтиды. Тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін 2026 жылы шілдеде өткізу пунктінің қабілеті тәулігіне 70 мың адамға дейін және 2 мың жеңіл автомобильге дейін өседі деп көзделген.
Тағы бір инновациялық бағыттардың бірі - Қытаймен бірлесіп қолға алынған "Бақты-Покиту" жобасы. Қытай тарапы екі аумақта да толық автоматтандырылған логистикалық орталықтар құруға шамамен $50 млн көлемінде инвестиция жұмсамақ. Жоба аясында жүктерді тасымалдауға ұшқышсыз басқарылатын электр шаттлдарын пайдалану, "ақылды" логистиканы, AGV-терминалдарды, зарядтау стансаларын енгізу және бүкіл өңірдегі ең технологиялық көлік дәліздерінің бірін құрып, екі мемлекеттік цифрлық жүйенің толық интеграциясын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жаңа өткізу пункттерін іске қосу - мемлекеттік органдардың, мамандардың, инженерлердің, құрылысшылардың және шекара қызметінің бірлескен жұмысының жемісі. Біз экономиканы дамытуға әсер етіп, Қазақстанды ашық, сенімді және бәсекеге қабілетті транзитті хаб ретінде айқындайтын заманауи, технологиялық және жайлы инфрақұрылымды құруға мән беріп келеміз. Бұдан басқа өткізу пункттерін жаңғырту - Мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асыру бағытындағы жүйелі қадам. Біз сауданы арттырып, бизнестің жұмысын жеңілдететін және Қазақстанды аймақтың негізгі логистикалық торабына айналдыратын заманауи инфрақұрылым құрып жатырмыз", - деді Мәди Такиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 10:33 6071
Жамбыл облысының ауылдарын сумен жабдықтауға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 15 млрд теңге бөлінді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Жамбыл облысында сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл мақсаттарға 15,4 млрд теңге бөлді. Бүгінгі таңда 4 нысан пайдалануға берілді, қалған 8 нысандағы құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мәселен, қазірдің өзінде төрт елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында Қызылшарық, Жаңаөткел және Жұма ауылдарында жұмыстар аяқталды. 300-ден астам адам тұратын Талас ауданы Қараой ауылында су құбыры іске қосылды. Бұрын ол жерде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған. Жобаның жалпы құны 933,4 млн теңгені құрады, оның 106,7 млн теңгесі тікелей Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.
Осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған 8 нысанда жұмыс жалғасуда. Бұл облыстың шалғай аудандарындағы жобалар. Мәселен, Мойынқұм ауданында Шығанақ, Мыңарал және Құмөзек стансаларында, сондай-ақ Мойынқұм, Биназар және Бірлік ауылдарында желілер реконструкциялануда. Сарысу ауданында су құбырын реконструкциялау Жайылма және Маятас ауылдарын қамтиды, ал Қордай ауданында Қарасай батыр ауылында желілер құрылысы жүріп жатыр.
Өңірде сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жүйелі негізде жүргізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес облыста халықты 100% ауыз сумен қамту міндеті жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңір қалаларында қамтамасыз ету - 98%-ды, ауылдық елді мекендерде - 99,3%-ды құрайды. Жамбыл облысында барлығы 23 сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда, оның 13-і пайдалануға берілді.
Осыған ұқсас жұмыс барлық Қазақстан бойынша жүргізілуде. Еліміздің елді мекендерін толық қамту үшін биыл республикалық бюджеттен 257 жобаны жүзеге асыруға 105,7 млрд теңге бөлінді. Сумен жабдықтау саласындағы тағы 229 жобаны жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қосымша 135,8 млрд теңге бөлінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 17:08 131921
Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы "1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:10 131526
Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақорда Әсел Жанасованың жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.
-Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, олбұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,- делінген ресми құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:01 132391
Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның биыл атқарған жұмысының алдын ала нәтижелері мен инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттары таныстырылды. Компания қызметінде оң динамика байқалады. Екі жылда болат өндірісі 22 пайызға, көмір концентраты 26 пайызға, темір кені 32 пайызға артты. Өнімнің өзіндік құны 28 пайызға арзандап, шығарылатын маркалардың түрі 260-тан 350-ге дейін ұлғайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Андрей Лаврентьев 9 ірі инвестициялық жобадан тұратын кешенді бағдарламаны жүзеге асыру жайында баяндады. Бұл бастама елдегі болат өндірісін жүйелеп, металл прокаты импортын төмендетуді көздейді. Бұдан бөлек, болаттың жоғары сапалы жаңа маркаларын, соның ішінде атом электр станциясының құрылысына арналған өнім шығару жолға қойыла бастады.
Президентке көмір және тау-кен бағытын дамыту бағдарламасы таныстырылды. Еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік бастамаларға баса мән берілді. Qarmet компаниясына қарасты медициналық және білім беру ұйымдары жаңғыртылып жатыр. Компания мен кәсіподақтар арасында жаңа ұжымдық келісімшарт жасалды. Құжат 35 мың еңбеккерге әлеуметтік кепілдік беруді қарастырады.
Мемлекет басшысына Qarmet жанынан ірі металлургиялық кластер құрылып жатқаны туралы айтылды. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың шикізатты терең өңдеумен айналысуына мүмкіндік береді. Бағдарлама "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингімен бірге іске асырылмақ. Сондай-ақ машина жасау зауыттарының өндіріс барысында отандық болатты пайдалануы бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Кездесу соңында Президент Qarmet металлургия кешенінде атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, даму жоспарына қолдау білдірді. Сонымен қатар кәсіпорынды жан-жақты жаңғырту, әлеуметтік мәселелерді шешу, экологиялық жағдайды жақсарту, машина жасау өндірісін жандандыру шараларын жалғастырудың маңызына тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 13:48Венгриялық сарапшылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және конструктивті саясатын жоғары бағалады 15.12.2025, 09:00 10226Роман Скляр Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті15.12.2025, 14:50 6501Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында15.12.2025, 15:53 6256Ыстанбұлда Қазақ киносының күндері өтті15.12.2025, 10:03 5351Үкіметте "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды
09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды134156Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды09.12.2025, 14:10 134046Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды10.12.2025, 16:01 132326Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 17:08 131856Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады10.12.2025, 16:10 131461Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
19.11.2025, 16:26 147066Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146716Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145931Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды134156Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды09.12.2025, 14:10 134046Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды

