23.06.2025, 09:59 31291

Қазақстандық әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 23 маусымдағы рейстердің бірқатарын тоқтатты

Қазақстандық әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 23 маусымдағы рейстердің бірқатарын тоқтатты
Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 23 маусымдағы рейстердің бірқатарын тоқтатты, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Air Astana компаниялар тобы 23 маусымда мынадай рейстерді тоқтатады:

КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау;

КС205/206/Астана-Дубай-Астана;

КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы;

КС655/656/Астана-Доха-Астана.

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады.

Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалайды және одан әрі рейстерді тоқтатқан жағдайда қосымша хабарлайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны