01.07.2025, 19:30 47476

Қазақстанның арнайы күштері Түркиядағы халықаралық оқу-жаттығуларына қатысуда

Қазақстанның арнайы күштері Түркиядағы халықаралық оқу-жаттығуларына қатысуда
Түркия Республикасында Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 33 елдің әскери қызметшілерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы "Анадолы-2025" халықаралық оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жаттығуға Қазақстан тарапынан Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің жеке құрамы қатысуда.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде қазақстандық әскери қызметшілер қалалық жағдайлардағы іс-қимылдарды, парашютсіз десант түсіруді, жаралыларды эвакуациялауды және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды пысықтайтын болады.

Арнайы операциялар күштері жауынгерлерінің жаттығуларға қатысуы жауынгерлік дағдыларды арттыруға, тәжірибе алмасуға және арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Оқу-жаттығу 3 шілде аяқталады деп жоспарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны