09.07.2021, 23:14 14643

Қазақстанның қылмыстық-атқару заңнамасына Нельсон Манделаның 20 ережесін енгізуді ұсынады

НҰР-СҰЛТАН. 9 ШІЛДЕ - Қазақстанның қылмыстық-атқару заңнамасына Нельсон Манделаның 20 ережесін енгізуді ұсынады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ережелер ауыр науқастану кезінде жазаны өтеуді кейінге қалдыруды, ауыр науқастану салдарынан босату туралы соттардың қаулыларын дереу орындауды, сотталған адамды ауыстыру кезінде прокуратураны міндетті түрде хабардар етуді, бір жыл ішінде босатылған жағдайда баланың анасымен бірге болу мерзімін ұзартуды және басқаларды көздейді", - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев бүгін "Жаңа заманға сай пенитенциарлық жүйе" халықаралық онлайн-форумы алаңында.

 
Әділет генерал-майорының айтуынша, пенитенциарлық жүйені жаңғыртуға қарамастан, тәжірибе халықаралық шарттық нормаларды имплементациялау тұрғысынан қылмыстық-атқару заңнамасына неғұрлым егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажеттігін көрсетті.
 
Осыған байланысты, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Әзімова Эльвира мен Ішкі істер министрінің бастамасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы іске қосылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны