22.10.2022, 15:25 47101

Қазақстанның жаңа облыстарына жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру үшін кодтар берілді

Қазақстанның жаңа облыстарына жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру үшін кодтар берілді
Сурет: Depositphotos
Астана. 22 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетін кодтар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі.
 
Енді тізімге жаңа облыстардың кодтары қосылды.
 
Абай облысына - 23, Жетісу облысына - 24 және Ұлытау облысына 25 нөмірлері берілді.
 
Осылайша, қазір тізімде 289 кадастрлық код бар.
 
Бұйрық 2022 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны