15.07.2025, 09:34 35656

Бақытбек Сыдықов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Бақытбек Сыдықов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытбек Сардарбек Сыдықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлаqды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бақытбек Сыдықов 2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Ол 1969 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Владикавказ жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1999 жылы - бронды әскерлердің Әскери академиясы. 2013 жылы-Ұлттық қорғаныс университетінің әскери және мемлекеттік басқару факультетін  тәмәмдаған. Әскери атағы - генерал-майор (2023).
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны