02.02.2026, 20:05 946

Бахтияр Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды

Бахтияр Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бахтияр Мұхаметқалиев 1990 жылы 1 шілдеде Алматы облысы Бостандық ауданында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласында "Қазпошта" АҚ-да бас маман болып бастаған.

2010-2020 жылдар аралығында "Қазпошта" АҚ-да бас маманнан АТ-инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директор және E-commerce департаментінің директорына дейін түрлі қызметтер атқарған.

2021-2022 жж. - "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ басқарушы директоры.

2022-2023 жж. - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2023-2025 жж. - ҚР Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2025 жылдың мамыр айынан қазіргі күнге дейін - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны