26.01.2022, 17:48 18151

ЕЭК қызметкерлері ақпаратты жария еткені үшін жауапты болады - Мәжіліс түзетулерді қабылдады

Келісім құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейді және Комиссия қызметкерлерінің оны жария еткені үшін жауапкершілігін реттейді.
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАҢТАР - Бүгінгі жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары "2014-ші жылғы 12-ші қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл құжат Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған. 
 
Тақырып бойынша баяндама жасаған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин атап өткендей, жалпы ЕАЭО-ның тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия құрылған 10 жылға жуық уақыттан бері, мүше мемлекеттер үшін монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру бөлігінде бірыңғай саясаттың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілген. 
 
Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде (өтініштерді қарау, тергеп-тексерулер жүргізу және істерді қарау) қажетті ақпаратты, оның ішінде мемлекеттік билік органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан құпия ақпаратты сұратады және алады. 
 
Аталған Келісім құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейді және Комиссия қызметкерлерінің құпия ақпаратты алған кезде оны жария еткені үшін жауапкершілігін регламенттейді. 
 
Бұл Келісімге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз және Армения елдері қол қойған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны