28.11.2022, 08:41 10676
Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды
Достарға айту
Астана. 28 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала әкімі техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады.
Екібастұз қаласы әкімдігінің хабарлауынша, сағат 01:30-дағы жағдай бойынша 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды тұлға нысаны әлі де жылусыз қалып отыр.
Апаттық режим төтенше жағдай аймағындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін күшінде болады.
Бұған дейін хабарланғандай, Екібастұз тұрғындары 30 градус аязда жылусыз қалды. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, жылу желілеріндегі зақым Екібастұз ЖЭО-да қазандықтардың тоқтауына алып келді. Оқиға орнында облыс әкімінің басшылығымен барлық техникалық қызметтердің, энергетикалық кәсіпорындар басшылығының және ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен жедел штаб құрылды.
Қалада балабақшалар жұмысын тоқтатып, мектеп оқушылары уақытша қашықтықтан оқытуға көшірілді.
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Павлодар облысына аттанғанын хабарлады. Олар Екібастұзда орналасқан сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департамент мамандарымен, білім басқармасының қызметкерлерімен бірге балаларға барлық қажетті көмек көрсету, оқу үрдісін онлайн форматта ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Екібастұз қаласындағы қолдау орталығы мен жасөспірімдер үйінен эвакуацияланған балалар жас ерекшеліктеріне қарай "Бөбек" және "Балдәурен" немесе "Жас дәурен" оқу-сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі. Онда балалар жағдай тұрақталғанша білім алып, сауықтырудан өтеді. Сондай-ақ бос уақытты тиімді өткізу үшін іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта балалар Павлодарда", - деп түсіндірді ведомствода.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.12.2025, 17:08 38816
Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы "1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:10 37596
Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақорда Әсел Жанасованың жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.
-Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, олбұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,- делінген ресми құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:01 38461
Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның биыл атқарған жұмысының алдын ала нәтижелері мен инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттары таныстырылды. Компания қызметінде оң динамика байқалады. Екі жылда болат өндірісі 22 пайызға, көмір концентраты 26 пайызға, темір кені 32 пайызға артты. Өнімнің өзіндік құны 28 пайызға арзандап, шығарылатын маркалардың түрі 260-тан 350-ге дейін ұлғайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Андрей Лаврентьев 9 ірі инвестициялық жобадан тұратын кешенді бағдарламаны жүзеге асыру жайында баяндады. Бұл бастама елдегі болат өндірісін жүйелеп, металл прокаты импортын төмендетуді көздейді. Бұдан бөлек, болаттың жоғары сапалы жаңа маркаларын, соның ішінде атом электр станциясының құрылысына арналған өнім шығару жолға қойыла бастады.
Президентке көмір және тау-кен бағытын дамыту бағдарламасы таныстырылды. Еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік бастамаларға баса мән берілді. Qarmet компаниясына қарасты медициналық және білім беру ұйымдары жаңғыртылып жатыр. Компания мен кәсіподақтар арасында жаңа ұжымдық келісімшарт жасалды. Құжат 35 мың еңбеккерге әлеуметтік кепілдік беруді қарастырады.
Мемлекет басшысына Qarmet жанынан ірі металлургиялық кластер құрылып жатқаны туралы айтылды. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың шикізатты терең өңдеумен айналысуына мүмкіндік береді. Бағдарлама "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингімен бірге іске асырылмақ. Сондай-ақ машина жасау зауыттарының өндіріс барысында отандық болатты пайдалануы бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Кездесу соңында Президент Qarmet металлургия кешенінде атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, даму жоспарына қолдау білдірді. Сонымен қатар кәсіпорынды жан-жақты жаңғырту, әлеуметтік мәселелерді шешу, экологиялық жағдайды жақсарту, машина жасау өндірісін жандандыру шараларын жалғастырудың маңызына тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 15:04 38221
Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен "Өскемен арматура зауыты" АҚ ("ӨАЗ" АҚ) мен "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ ("КҚК-Қ" АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру жөніндегі құжатқа "ӨАЗ" АҚ бас директоры Александр Будрис және Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань қол қойды.
Ынтымақтастық бекіткіш арматураның, сорғы агрегаттарының және электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға, магистралды мұнай құбыры нысандарында отандық жабдық қолдануды кеңейтуге, сондай-ақ құбыр арматурасының қазақстандық ірі өндірушісі мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымындағы негізгі операторларының бірі арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған.
Келісім шеңберінде тараптар "КҚК-Қ" АҚ-ны Қазақстаннан шыққан жоғары технологиялық материалдармен, жинақтаушы бөлшектермен және жабдықтармен қамтамасыз етуге, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жабдықты жаңғырту және сынақтан өткізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге әрі енгізуге ниетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 13:56 7406
БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді
Достарға айту
БЖЗҚ Әлеуметтік кодекстің талаптарына сәйкес жыл сайын келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заң ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін (ТЖШ) орналастыру туралы міндетін орындай отырып, 2026 жылға арналған ТЖШ туралы хабарлайды, деп хабарлайды enpf.kz.
Естеріңізге сала кетейік, ТЖШ - бұл салымшыны ай сайынғы зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған). Бұл ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне, ең төменгі жалақыға, ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ инфляция мен инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептелетін зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - салымшы зейнеткерлік жасқа жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш.
ТЖШ есептеу зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі - әдістеме) (ҚР Үкіметінің 30.06.2023 №521 қаулысымен (бұдан әрі - №521 қаулы) бекітілген) сәйкес жүргізіледі.
Әдістемеге сәйкес, 2026 жылғы ТЖШ есептеу кезінде Қазақстан Республикасының "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:
- ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 69 049 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге.
Нәтижесінде 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 11:50 7776
Қару иелері мен күзет қызметі ұйымдарына талаптар күшейтіледі - Мәжіліс
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Inform.kz.
Заң жобасын күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру және қару иелері мен күзет қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары әзірледі.
-Құжатта күзет қызметі субъектілерінің құқықтары мен қару айналымы және Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру саласындағы заңнаманың талаптары нақтыланады, сондай-ақ азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау мақсатында атысты уақтылы жүргізу жөніндегі міндеттеме енгізіледі,- деді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.
Сонымен, заң жобасында мынадай негізгі түзетулер енгізу ескерілген:
- қару ұстайтын заңды тұлғалар үшін өз қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, 10 жұмыс күні ішінде қару мен оның патрондарын ішкі істер органдарына сақтауға тапсыру міндетін енгізу;
- күзет қызметі субъектілерінің олар жүзеге асыратын қызмет туралы есептілікті уәкілетті органға ұсыну міндетін заңнамалық деңгейде бекіту. Осы есептілікті ұсыну нысаны мен кезеңділігін уәкілетті орган бекітетін болады;
- жекеше күзет ұйымдары үшін уәкілетті органды өз қызметін тоқтата тұру, тоқтату немесе қайта бастау, сондай-ақ тіркеу орнынан тыс жерде күзет қызметтерін көрсету жағдайларында 5 жұмыс күні ішінде хабардар ету міндетін енгізу;
- жекеше күзет ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларына, күзетші лауазымын атқаратын қатардағы жұмыскерлерге қойылатын міндетті талаптарды енгізу;
- қару иелеріне бақылау атысын жүргізу үшін азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын беру міндетін енгізу;
- Қарулы Күштердің, басқа даәскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруындағы қару негізінде Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптасуына мемлекеттік бақылау талаптарын нақтылау;
- құқық қорғау органдарының, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғынжаймен қамтамасыз ету және оларға тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін жетілдіру;
- "Әскерилендірілген теміржол күзеті" деген ұғымды енгізу. Бұл акциялардың бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға.
- Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметінің негізгі мақсаты - транзиттік теміржол жүк тасымалдарына тартылған терминалдар аумақтарында жүктерді және теміржол көлігі объектілерін үздіксіз күзетуді қамтамасыз ету. Сонымен бірге, заң жобасын сапалы жақсартқан редакциялық сипаттағы және нақтылау сипатындағы басқа да түзетулер бар, - деді депутат.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 16:14 46141
Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру туралы мәселе қаралды. Онда ҚР қаржы министрі Мәди Такиев кедендік әкімшілендіру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрлігі, көлік-транзит саласын дамыту аясында, кедендік әкімшілендіруді цифрландыру мен өткізу пункттерін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс атқаруда. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталып, шекарада ашық және өнімділігі жоғары жүйені қалыптастырады. Біріншіден, Кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша, бірыңғай Keden платформасына көшу жұмыстары аяқталып жатыр. Ол қолданыстағы үш жүйенің орнына, негізгі рәсімдерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді", - деді ол.
Осы орайда, кедендік транзит, интеграцияланған бақылау және алдын-ала хабарлау сияқты 20 модульдің 16-сы қосылды, оның ішінде:
- транзиттік декларациялардың едәуір бөлігі автоматты түрге шығарылды;
- рәсімдеу уақыты қысқартылды, мысалы, транзит - 30 минуттан 10 минутқа дейін, контейнерлік пойыз 3 сағаттан 30 минутқа дейін;
- "бір терезе" қағидаты бойынша Ауыл шаруашылығы, Денсаудық сақтау және Көлік министрліктерінің қызмет түрлері интеграцияланды;
- электрондық кезек ретке келтірілді: соның ішінде дұрыс емес брондау жойылды, VIN-кодтар бойынша бақылау күшейтілді, тез бұзылатын тауарларға, қауіпті жүктер мен жануарларға, сондай-ақ еліміздің экспорты үшін, жекелеген слоттар бөлінді;
- сервистер төрт тілге аударылды және "WeChat" мессенджерімен интеграцияланды;
- Қытай және Өзбекстанмен цифрлық өзара іс-қимылды дамыту жұмыстары жүргізілді, оның ішінде инспекциялық тексеріп-қарау суреттерін өзара тану және "жіксіз транзит" элементтерін енгізу жұмыстары атқарылды;
- инспекциялық тексеріп-қарау суреттерін автоматты түрде талдау және сәйкес келмейтіндерді айқындау үшін жасанды интеллект элементтері енгізілді. Бұл рәсімдердің тиімділігі мен ашықтығын арттырады, адами фактордың араласу тәуекелдерін азайтуды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, кедендік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бүгінгі күні, 9 өткізу пунктінде жаңарту жұмыстары аяқталуда, оның ішінде 4 өткізу пункті пайдалануға берілді. Осы жұмада "Қазығұрт" және "Темір баба", ал 25 желтоқсанда "Тәжен", "Майқапшағай", "Бақты" өткізу пункттері іске қосылады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалатын болады. Бұдан басқа Өзбекстанмен шекарадағы "Жібек Жолы" жолаушылар өткізу пунктіне реконструкциялау жүргізілуде. Тәулігіне - 70 мың адамға дейін және 2 мың көлікке дейін ұлғаяды деп күтілуде. "Нұр Жолы" өткізу пунктін, тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстыру пилоттық жобасы енгізілді. Нәтижесінде автокөлік ағыны 2 есе өсіп, тәулігіне 1 800 көлікті құрап, 453 мың көлікке жетті. Жалпы келесі жылдан бастап өткізу қабілетін 6 есеге көтеріп, 5 млн-ға дейін көлік құралын өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Мәди Такиев.
Министр кедендік түсімдер бойынша арнайы тоқталды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар тікелей фискалдық әсерді қамтамасыз ететінін айты. Осы жылдың 11 айында кедендік төлемдер түсімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16% өсіп, 566 млрд теңгені құраған. Логистикалық операцияларды көлік-логистикалық орталықтарға және уақытша сақтау қоймаларына көшіру нәтижесінде, көліктің өту уақыты 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартылған.
Бүгінгі күні, Қытаймен шекарада үш көлік-логистикалық орталық және жеке инвесторлармен бірлесіп 3 автохаб іске қосылды. Осындай объектілер "Б. Қонысбаев" және "Бақты" өткізу пунктерінде де ашылды. Сондай-ақ, "Нұр Жолында" ірі көлемді көлік үшін уақытша сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр. "Атамекен" мен "Қазығұртта" 2 жаңа уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарлануда. Жаңғыртудың түрақты жұмысы мен шекарадан өту сапасын арттыру үшін, келесі мәселелер ашық қалып отыр: біріншіден, электрондық кезек пен цифрлық сервистердің үздіксіз жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін шекара маңындағы аудандардағы байланыс сапасы; екіншіден, жүргізушілер үшін жол және сервистік инфрақұрылымның шектеулі болуы; үшіншіден, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі және сыртқы шекараларында жұмыс істейтін мамандардың жасақталуы мен еңбек жағдайына қатысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда және одан әрі жалғасатын болады", - деді қаржы министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 14:10 46331
Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Онда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрі Мәди Такиев, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және "Қазавтожол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл 13 мың шақырым жол салынып, жөнделген. Автотасымалдаушылар 288 млн тонна жүк жеткізді (+1,7%), жолаушылар ағыны 1,5 млрд адамға жетті (+12,2%). Көліктік бақылауды автоматтандыру және электронды ілеспе құжаттарды енгізу жалғасуда. Авиацияда 139,6 мың тонна жүк өңделіп, 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Темір жол тасымалы 380,3 млн тоннаны (+7,9 %) құрап, 16,4 млн жолаушы тасымалданды.
Премьер-министр Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты көлік торабына айналдыру бойынша стратегиялық міндет қойғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты көлік торабына айналдыру бойынша стратегиялық міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілеті ұлғайтылды, шетелдік серіктестермен тарифтік саясат үндесімді түрде жүргізіліп, жүктерді жеткізу мерзімдері қысқартылды. Автожол инфрақұрылымын транзиттік және халықаралық дәліздерге басымдық бере отырып жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде контейнерлік тасымал көлемі өсті. Қазақстан-Қытай шекарасында пилотсыз тасымал мен бірыңғай электрондық декларацияны қамтитын "Ақылды кеден" жобасы жүзеге асырылып жатыр", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қабылданған шаралар нәтижесінде биылғы 10 айда Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 29 млн тоннадан асып, нақты өсім көрсетті
Бұл ретте Премьер-министр транзиттік жүк тасымалы үшін бәсеке күшейіп бара жатқанын, әсіресе, халықаралық көлік дәліздері мен өткізу пункттеріндегі процестерді жылдам цифрландыру арқылы көлік‑логистикалық жүйенің қолда бар әлеуетін белсенді түрде кеңейту қажет екенін атап өтті.
Президент Жолдауын жүзеге асыруда басым бағыттардың бірі жүк қозғалысына онлайн-мониторинг жүргізу, мемлекеттік және жеке цифрлық платформаларды интеграциялау үшін толықтай цифрлық шешімдерді, оның ішінде Smart Cargo экожүйесін енгізу болды. Алайда, бүгінде сервистердің барлығы бірдей қосылып, жұмыс істеп тұрған жоқ. Премьер-министр Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін сервистер мен ақпараттық ресурстардың толық интеграциясын аяқтауды тапсырды.
Жуырда өткен кеңесте Мемлекет басшысы атап көрсеткен көлік-тасымал саласын дамыту үшін авиахабтарды дамытудағы басымдық баса айтылды. Осыған байланысты Үкімет ұшу географиясын кеңейту, жаңа шетелдік авиатасымалдаушыларды тарту, еліміздің әуежайлары арқылы жүк және жолаушылар ағынын арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.
Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту, арнайы техниканы жаңарту және жолаушылар мен әуе компанияларына қызмет көрсету сервистерін цифрландыру жүзеге асырылуда. Мұның бәрі қазақстандық әуежайларды бәсекеге қабілетті өңірлік хабтарға айналдыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте Олжас Бектенов көліктік деректер қорының ақпараттық-талдау жүйесін дамыту қажеттігін атап өтті. Қазірдің өзінде деректердің бірыңғай массиві жасалып, жүк қозғалысын бақылау модульдері іске қосылды, бірақ жүйенің қазіргі монолитті архитектурасы оны интеграциялау мен инновациялық шешімдерді енгізу кезінде қиындықтар туғызуда. Көлік министрлігіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, аталған жүйені ашық интерфейстері бар модульдік және масштабталатын архитектураға көшіру, көлік ағындарын болжау мен басқару үшін жасанды интеллектіні кезең-кезеңімен енгізу тапсырылды.
Сонымен қатар Премьер-министр көлік-транзит саласы бойынша бірқатар тапсырма берді.
Атап айтқанда, автожол инфрақұрылымы сапасын жақсарту аясында жобаларды жүзеге асырудың цифрлық мониторингін қамтамасыз ету керек, өңір әкімдіктері 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жергілікті жолдарды толық паспорттауды аяқтап, автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнатуды жеделдетуі қажет. Іске қосылатын "E‑жолдар" жүйесі жолдардың жағдайын есепке алу, ақауларды тіркеу және жұмыстардың орындалуын онлайн-режимде бақылау құралы болуы тиіс.
Әуе жүктерін тасымалдауда электронды құжат айналымына көшуді жеделдету үшін Көлік министрлігіне Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, 2026 жылдың 1 наурызына дейін "e-Freight" ақпараттық жүйесімен кешенді интеграцияны аяқтау, кедендік, ветеринариялық және фитосанитариялық құжаттар бойынша деректер алмасуды автоматтандыру тапсырылды.
Темір жол саласында Көлік министрлігіне "Қазақстан темір жолы" компаниясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде шекаралық және тораптық стансаларда жүктерді өңдеу уақытын қысқарту бойынша қосымша шаралар әзірленеді.
Көлік министрлігіне "Қазақстан темір жолы" компаниясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде шекаралық және тораптық стансаларда жүктерді өңдеу уақытын қысқарту жөнінде шаралар әзірленеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады. Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы контурындағы барлық өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай болып, жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов Көлік министрлігіне "ҚазАвтоЖол" компаниясымен бірге жұмыс қарқынын жеделдетіп, өткізу пункттерінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Аталған мәселе Премьер-министрдің тікелей бақылауында.
Сондай-ақ ведомство мен компаниялар әкімдіктермен бірлесіп, жеке инвестицияларды белсенді түрде тарта отырып, халық пен тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасауы қажет.
Жұмысты жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.12.2025, 09:35Астанада адам құқықтары мен пенитенциарлық жүйені дамыту мәселелеріне арналған конференция өтті 11.12.2025, 12:38 1631Қытай компаниясы Қазақстанның электр энергетикасын жаңғырту бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыруда
05.12.2025, 22:59 99206Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті05.12.2025, 16:59 93361Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды04.12.2025, 13:18 90766Алматыда жер сілкінді05.12.2025, 21:56 90091АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады05.12.2025, 20:48 89601Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда
13.11.2025, 17:40 176971Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175756Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады19.11.2025, 16:26 146706Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146346Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145566Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

