14.04.2023, 08:56 49326

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия Астанадағы ақылы автотұрақтардың жағдайын қарастырды

Сонымен қатар, кейбір энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қаралды
Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия Астанадағы ақылы автотұрақтардың жағдайын қарастырды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, оған орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және т. б. ведомство басшылары қатысты. Астанадағы автотұрақ мәселесі Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның назарына ілікті.

Қатысушыларға "Астана қаласының ақылы автотұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару" жобасы туралы ақпарат берілді. Жобаны жүзеге асыру үшін елорда әкімдігі 2018 жылы "Астана автотұрақ кеңістігі" ЖШС компаниясымен МЖӘ келісімшартына отырған. Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға аталған келісімшартты республика заңнамасының нормаларын сақтау, оның ішінде монополияға қарсы реттеу тұрғысынан талдау тапсырылды", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.


Сонымен қатар отырыста энергетика саласындағы жекелеген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару және қатты пайдалы қазбаларды барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселелері қаралды.

Бұған дейін Алматыда ақылы автотұрақтардың мемлекеттік операторы құрылғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны