23.11.2021, 20:33 47647

Елбасы Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

Елбасы Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 23 ҚАРАША - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа береді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті. Өкілеттіктерді беру рәсімі партияның Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады", - деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны