18.01.2023, 16:01 22651
ІІМ-де шетелдік нөмірлері бар көліктерді заңдастыру бойынша жедел желі ашылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ведомство әлеуметтік желілерде телефон нөмірлерін жариялады
Астана. 18 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның өңірлерінде шетелдік нөмірлері бар көліктерді заңдастыру бойынша байланыс орталықтары құрылды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, заңдастыру 23 қаңтарда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады.
Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөлік иелері үшін тіркеу алымы 200 мың теңгені құрайды.
Заңдастыру ережелері мен шарттары, сондай-ақ қажетті құжаттар туралы мына жерден оқи аласыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.09.2024, 14:22 356
"Самұрық-Қазына" қорында Донор күні өтті
Достарға айту
Самұрық-Қазына" қорында Донор күні өтті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметінен.
Қор қызметкерлері "Донор күні" акциясына қатысты. Шараның қоғамдық маңызы зор. Танфузиология орталығының міндеті - қан банкін толықтыру ғана емес, сонымен қатар қазақстандықтардың белсенді қатысуына ықпал ету, олардың ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қауіпсіз қанға және оның құю компоненттеріне қажеттілігі туралы, оған аса мұқтаж адамдар үшін өтеусіз ерікті қан донорлығының маңыздылығы туралы хабардар болуын арттыру.
Самұрық-Қазынаның" акциясына 80-ге тарта қызметкер қатысып, шамамен 25 литр қан тапсырды.
Әлеуетті донорлар сауалнамалар толтырып, гемоглобин деңгейін және басқа көрсеткіштерді анықтау үшін қан анализін тапсырды, дәрігердің қарауынан өтті. Қан алу рәсімін Қордың көптен бергі серіктесі - Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мобильді бригадасының қызметкерлері қамтамасыз етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2024, 14:15 1721
Қазақстан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласында Қытаймен күш біріктіруде
Достарға айту
Ляньюньган қаласында (ҚХР) ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің “Орталық Азия – Қытай” форматындағы алғашқы кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан ІІМ және Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің басшылығы қатысты.
Қазақстандық делегацияны ішкі істер министрі Ержан Саденов басқарды.
Отырысқа қатысушылар қоғамдық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың, трансұлттық қылмыс, экстремизм, есірткінің заңсыз айналымы, киберқылмыс және адам саудасы сияқты заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимылда тәжірибе алмасудың өзектілігін атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстанның ішкі істер министрі мен Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрі арасында екіжақты келіссөздер жүргізіліп, онда қызметтің нақты бағыттары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Сапар аясында Ержан Саденов Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаһандық форумының конференциясына қатысты. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының өкілдері бой көрсетті. Қазақстанның ішкі істер министрі әріптестерін қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде одан әрі ведомствоаралық өзара іс-қимылға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ форум аясында Қазақстан ішкі істер министрінің Түркия және Пәкістан ІІМ басшылығымен екіжақты кездесулері өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2024, 14:07 801
Қазақстанда "Шексіз бауырластық-III" көпұлтты оқу-жаттығуы басталды
Достарға айту
Түркістан облысының "Орда" таулы оқу-жаттығу полигонында Әзербайжан, Қазақстан, Катар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің көпұлтты оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Иордания мен Қырғызстан Қарулы күштерінің өкілдері жаттығуға бақылаушы ретінде шақырылды.
Салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтаған ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Айдос Мырзахметов жаттығудың маңыздылығын атап өтіп, әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындап шығуға тілек білдірді.
- Қорғаныс министрлігінің атынан қонақжай қазақ жеріне қош келдіңіздер деймін. Біздің еліміздің аумағында алты мемлекеттің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қатысуымен осындай ауқымда оқу-жаттығу алғаш рет өткізіліп отыр. Оқу-жаттығу барысында алынған тәжірибе бөлімшелердің жауынгерлік дағдыларын ғана емес, мемлекеттеріміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін, - деді ол.
Шексіз бауырластық-III" бірлескен оқу-жаттығуының бірінші кезеңі мамандық бойынша дайындықтан тұрады. Қатысушылар тиісті нұсқаумен танысып, қару-жарақ мамандары мен мергендер өздерінің жауынгерлік тапсырмаларын зерделеуге кірісті. Бағдарламаға сәйкес тактикалық-атыс, парашют және тау дайындығы бойынша сабақтар жүріп жатыр.
Жаттығудың шарықтау шегінде арнайы операциялар іске асырылады. Әскери контингенттерге елді мекенге кірген заңсыз қарулы құралымға тосқауыл қойып, оларды жою міндеті жүктелді.
Оқу-жаттығу тәжірибе алмасуға, басқару органдары мен әскери контингенттердің жедел үйлесімді іс-қимылға көшу деңгейін арттыруға, бөлімшелер жеке құрамының дербес және топтық білімін күшейтуге бағытталған.
Әскери маневрлерге үш жүзге жуық әскери қызметші жұмылдырылып, брондалған техника, армиялық авиация тобы және ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар тартылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2024, 13:58 2271
Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді
Достарға айту
Энергетика министрлігі Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының аграршыларының өтінімдері бойынша астықты кептіру агрегаттары үшін 67,7 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынының қосымша көлемін бөлді. Бұл туралы Энергетика министрлігі 9 қыркүйекте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен күзгі-дала жұмыстары мәселелері жөніндегі жеделштаб отырысында хабарлады.
Сұйытылған газды жеңілдетілген бағамен бөлу мәселесі өзекті болып отыр. Астық егетін алты өңірдің бүкіл жинау маусымына кептіргіштердің жұмысы үшін жалпы қажеттілігі 21,5 мың тонна сұйық отын болса, (қыркүйек-қазан) қазіргі уақытта 5 мың тонна бөлінді. Сұйытылған газ сұйық отынмен жұмыс істейтін кептіргіштердің ең көп саны орналасқан Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына таратылды. Басқа үш облыстың фермерлерін кептіру агрегаттарын сұйытылған газбен жедел қамтамасыз ету үшін Серік Жұманғарин бөлінген отын көлемін қажеттілік туындаған өңірлерге қайта бөлуді тапсырды. Астық жинау маусымына газ қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін өндірушіден сұйытылған газдың коммерциялық бағасын арзандату мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар ішкі нарықта сұйытылған газға деген жоғары сұранысты ескере отырып, өңірлерге кептіру агрегаттарының мүмкіндіктері кезінде отынның екі түрімен жұмыс істеу, соның ішінде дизельді таңдау ұсынылды.
Жеделштабта "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев егін жинау кезеңінде астық кептіргіштерді жылдық 9%-бен сатып алуға кредит беру үшін қаржы құралы әзірленгенін хабарлады. Фермерлерден 260 млн теңге сомаға 6 өтінім келіп түсті. Айта кету керек, ауыл шаруашылығы техникасының осы түрі құнының 30% мемлекет субсидиялайды.
10 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміз бойынша шамамен 4,7 млн га дәнді және бұршақты дақылдар жиналды немесе 28%, орташа өнімділік 14,9 ц/га құрайды, шамамен 6,9 млн тонна астық бастырылды.
5 қыркүйектегі жағдай бойынша республика элеваторларына 880,5 мың тонна астық түсті, оның ішінде ылғалдылығы 14,5%-ға дейін - 40,1% болса, 14,6-дан 17,0%-ға дейін - 23,1%. 260,4 мың тонна (29,6%) кептірілді, 321,8 мың тонна (36,5%) өңделді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2024, 13:54 2446
Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласындағы балаларға арналған IQostanay smart орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта мұнда екі мыңға жуық оқушы қосымша білім алады. Өскелең ұрпақтың игілігі үшін 24 үйірме жұмыс істейді.
Оқушылар сарайында жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған киберспорт, инженерия, авиамодельдеу кабинеттері, жаңартылатын энергия көздері, химия және физика-техникалық зертханалары, сондай-ақ мәжіліс, оқу және хореография залдары бар.
Орталықтағы робот техникасы, инженерия және авиамодельдеу үйірмелеріне қатысатын балалар Президентке өз жобаларын таныстырып, виртуалды зертханада тәжірибе жасап көрсетті.
- Болашақта өз білім-біліктеріңізді іске асыруға мол мүмкіндік бар деп ойлаймын. Өйткені мұның бәрі қазіргі заманда, экономикада және басқа да салаларда сұранысқа ие. Біз уақыт талабына сай технологияны меңгерген ұлтқа айналуымыз қажет. Елімізге отандық технологияны дамытатын сіздер секілді азаматтар керек, - деді Мемлекет басшысы.
Оқушылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа техникалық мамандықтарға арналған білім гранттарын көбейткені үшін рақмет айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2024, 13:51 1366

10.09.2024, 13:11 1781
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 80 пайызға жеткен
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында "АгромашХолдинг KZ" акционерлік қоғамының Локализация орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке дөңгелекті ауыл шаруашылығы техникалары мен жалпы машина жасау саласы үшін қосалқы бөлшектер шығаратын кәсіпорынның жұмысы таныстырылды. Бүгінде мұнда 700 адам еңбек етеді. Зауыт жылына 250 мыңға жуық бөлшек өндіреді. Жыл басынан бері зауыттан 1 мыңға жуық трактор мен 300 комбайн шығарылған.
Президентке Локализация орталығы CLAAS тракторлары мен комбайндарының бірқатар қосалқы бөлшегін дайындауға тапсырыс алғаны жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, жуырда аспалы және тіркемелі техникаларды өндіруде әлемде үздік саналатын AMAZONE компаниясымен келісімшартқа қол қойылады. Биыл зауытта дән себу және бүрку қондырғыларының өндірісі де іске қосылмақ.
Мемлекет басшысына орталық қазіргі уақытта KIA компаниясымен бірлесіп, 2025 жылы іске қосылатын жаңа зауыттың құрамдас бөліктеріне арналған жабдықтар өндіру жұмыстарын бастағаны туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздесті. Зауыт жұмысшылары Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын зор ықыласпен тыңдағанын, әсіресе, жұмысшы мамандардың беделі арта түсетініне ерекше қуанғандарын жеткізді.
Мемлекет басшысы орталық жұмысшыларымен әңгімелесу барысында өндірістегі жергілікті үлесті арттыру, білікті мамандар даярлау және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қажет екеніне тоқталды.
Елімізде тозығы жеткен техникалар өте көп. Кейбір мамандардың айтуынша, ол 80 пайызға дейін жеткен. Қазақстанда шығарылған техниканың есебінен барлық паркті жаңартатын уақыт келді. Қазір колледждерде жұмысшы мамандықтар бойынша білім алған жастардың өндіріске келгені қуантады", − деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде зауыт еңбеккерлері машина жасаушылардың атынан Президентке жұмысшы мамандарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2024, 16:44 26991
Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 27 пайызы жиналған
Достарға айту
Мемлекет басшысы Премьер-Министрді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндалды.
Олжас Бектеновтің айтуынша, биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды.
Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған. Орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық. Шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берілді. Бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті. 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.09.2024, 13:11Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 80 пайызға жеткен 10.09.2024, 13:51 2046Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді10.09.2024, 13:54 1881Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді10.09.2024, 13:58 Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді1706Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді10.09.2024, 14:07 1481Қазақстанда "Шексіз бауырластық-III" көпұлтты оқу-жаттығуы басталды
06.09.2024, 17:38 86016Жамбыл облысында 2,7 мың га пайдаланылмай жатқан жер уческелерін қайтарылды05.09.2024, 17:33 84391Қазақстандықтарға шиеленістің күшеюіне байланысты Украина аумағынан кетуге кеңес берілді06.09.2024, 13:33 74626Шолпан-Атада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрлерінің кездесуі өтті06.09.2024, 13:23 68466Алматыда FaceID жүйесі арқылы "Даму бала" бағдарламасы бойынша секциялар мен үйірмелерге қатысуды бақылау күшейтіледі06.09.2024, 13:03 68461Үкімет Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының кейінге шегерілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды
28.08.2024, 18:38 115461Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды28.08.2024, 17:42 11419139 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзушылықтары және мемлекеттік аудит жүйесін реформалау: бұл туралы Тоқаев пен Смаилов сөз қозғады29.08.2024, 17:19 109966Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді29.08.2024, 17:00 105726Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді29.08.2024, 16:57 105601Алматыда қала арқылы өтетін негізгі өзендерде көшкін қаупінің картасы әзірленеді