09.09.2021, 21:18 12395

Үкіметтің жаңа қаулысы экологияны жақсартуға тікелей қатысты

НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Премьер-Министрдің сайтында ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 қаулысы жарияланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 388-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 
 
Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидалары бекітілсін. 
 
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны