13.11.2025, 12:37 109716

Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында цифрлық кодекстің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Аталған заң жобасын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық елге айналдыру стратегиялық міндетін орындау мақсатында ҚР Үкіметімен бірлесіп әзірледі.

Құжат бүкіл цифрлық экожүйе үшін құқықтық платформа болуы керек. Ол бірыңғай терминологияны, қағидаттар мен реттеу нормаларын белгілей отырып, қолданыстағы салалық заңдарды біріктіреді. Бұл тәсіл қайшылықтар мен үйлеспеушіліктерді жойып, цифрлық басқару жүйесін тұтас әрі тұрақты етеді. Яғни бұл жай ғана заң емес - ол цифрлық экономиканың және цифрлық мемлекет архитектурасының негізі болады.

Кодекс цифрлық деректер, активтермен жұмыс істеудің бірыңғай қағидаттарын белгілейді, цифрлық сәйкестендіру, электрондық қолтаңба және биометриялық аутентификация тетіктерін бекітеді. Заң жобасы сондай-ақ жасанды интеллект пен "ақылды өңірлерді" дамыту сияқты бағыттарды қамтиды.

Заң жобасы бойынша жұмыс одан әрі Мәжілістегі жұмыс топтарында депутаттармен бірлесіп, екінші оқылымда қабылданғанға дейін жалғасады, одан әрі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны