01.03.2016, 12:53 9531

Мемлекет басшысы Алғыс айту күніне арналған іс-шараға қатысты

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ, "Нұр Отан" партиясыныӊ, этномәдени бірлестіктердіӊ мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялық қауым өкілдері, жастар қатысты

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ, "Нұр Отан" партиясыныӊ, этномәдени бірлестіктердіӊ мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялық қауым өкілдері, жастар қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Алғыс айту күніне арналған "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" экспозициясын көрді, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтады.

Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында айтылған меніӊ ұсынысым жұртшылықтан кеӊінен қолдау тапты. Сол іс-шарада елдегі түрлі этнос өкілдері бір-біріне және қазақ халқына алғыс тақырыбын қозғады. Биылғы қаӊтарда мен тиісті жарлыққа қол қойдым. Алғыс айту күні - енді ұлттық күнтізбедегі Еӊбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердіӊ қатарындағы жаӊа дата. Мен бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет біздіӊ қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті тарихымыздыӊ көптеген беттері биік моральдық құндылықтардыӊ бірі ретінде алғыспен байланысты екенін атап өтті.

Біздіӊ бабаларымыз халықтыӊ басына түскен ауыр сынақтарға төтеп беретін күш-қуат дарытқан туған жерге және тағдырына риза сезімде болған. Олар әскери шапқыншылық жылдарында, қуаӊшылық немесе жұт кезінде көмекке келген жақындарына, туыстары мен көршілеріне әрдайым алғыс айтқан. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және жер аудару сияқты қайғы-қасірет жылдары миллиондаған адам бір-біріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылық танытты. Бұл барынан айрылған адамдарға тіршілік жасауға, үмітін қайта жалғауға, өмірді қайта бастауға күш берді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сол қуғын-сүргін жылдарыныӊ куәгерлері мен олардыӊ ұрпақтары Қазақстанныӊ қасиетті жерінде көрген қамқорлық пен қонақжайлықты қазір айрықша жылылықпен еске алатынын айтты.

Олар кезінде өздеріне де оӊай болмағанына қарамастан қазақтардыӊ қайырымдылығы үшін, сол кездегі тыйымдарға қарамастан батыл әрі риясыз көмегі үшін алғыс айтады. Қазақтар да бауырластарға туған өлкеге деген сүйіспеншілігі үшін, жеріміздіӊ түрленуіне қосқан үлесі үшін, ұлттық мәдениетке, тілге және дәстүрге деген құрметтері үшін алғыс білдіреді, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде еліміздіӊ көпэтностылық тарихынан сабақ алу қажеттігіне назар аударды.

ХХ ғасырда Қазақстанда көпэтносты халық қалыптасты. Столыпин реформасы кезіндегі шаруаларды қоныстандыру барысында Қазақстанға Ресейден, Украина мен Беларусьтен 1 миллион 150 адам келді. 30-жылдары ұжымдастыру кезінде бұрынғы КСРО-ныӊ орталық өӊірлерінен тәркілеуге түскен 250 мыӊ шаруа жер аударылды. Осы уақыттары өнеркәсіп нысандарыныӊ құрылысына 1,2 миллион адам келді. Сталин режимі кезінде тұтастай бір халықтар - 800 мыӊға жуық неміс, 102 мыӊ поляк, 507 мыӊ Солтүстік Кавказ халықтарыныӊ өкілдері, 18,5 мыӊ корей отбасы Қиыр Шығыстан жер аударылды. Оларды тауар вагондарына тиеп, қақаған қыста ашық далаға әкеп тастады. Ол кездері мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Өздері жоқшылықта отырса да, қазақ отбасылары оларды үйлеріне кіргізді. Солардыӊ бірі біздіӊ үй болатын, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сталиндік қуғын-сүргін кезінде елімізде 11 арнаулы лагерь - АЛЖИР, Қарлаг, Степлаг, Дальлаг, Песчанлаг, Камышлаг, Жезқазғанлаг, Актөбе, Петропавл, Кегір және Өскемен лагерлері құрылғанын, оларда мыӊдаған тұтқын отырғанын айтты.

Солардыӊ көпшілігі тұтқыннан босағаннан соӊ кеткен жоқ, осы жерде тұрақтап қалды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елімізге түрлі кезеӊдерде көп адам келгенін атап өтті.

Соғыс кезінде Қазақстан эвакуацияланған 350 мыӊ адамды қабылдады. 50-жылдары тыӊ игеруге 1,5 миллион адам келді, жабық әскери нысандарда 150 мыӊ маман және олардыӊ отбасы мүшелері жұмыс істеді. ХХ ғасырдыӊ басынан бастап Қазақстанға барлығы 5,6 миллион адам қоныстанды. Жергілікті халықтыӊ саны ол кездері 6 миллионныӊ шамасында болатын. Қылмыстық сипаттағы Сталиндік ұжымдастыру салдарынан 1,5 миллион адам аштан қырылды. Тағы миллионнан аса адам өзін және балаларын аман сақтау үшін бұрынғы КСРО аумағынан кетуге мәжбүр болды. Қазақтарға жойылып кету қаупі туды. Біздіӊ көпэтностылығымыз осылайша қолдан жасалды. Бірақ мұнда біздіӊ жерімізге еркінен тыс келген адамдардыӊ еш кінәсі жоқ. Біз Тәуелсіздіктіӊ жаӊа дәуірінде барлық этностарды біртұтас, ұйысқан халыққа айналдыра білдік. Бүгінде бұл - біздіӊ еӊ басты артықшылығымыз. Біздіӊ күшіміз де осында. Меніӊ тапсырмам бойынша, тарихымыздыӊ осы парақтары Астанадағы жаӊа Ұлттық тарих музейініӊ экспозицияларында көрініс табатын болады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сол кезеӊніӊ тоталитарлық машинасынан барлығы жапа шеккенін атап өтті.

Біз жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеміз. Бүгінде біз - 100-ден аса этнос және 17 конфессия өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан бірегей елміз. Біз бірге қалалар мен кенттер салып, егін егіп, индустрияны дамытып, жол салып жатырмыз, отбасын құрып, бала тәрбиелеудеміз. Табыстарымызға бірге қуанып, еӊ қиын сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. Меніӊ тапсырмаммен Ассамблеяныӊ бүкіл елдегі барлық қайырымдылық шаралардыӊ үйлестірушісі ретіндегі рөлі Ұлт жоспары аясында заӊнамалық тұрғыдан бекітілді. Ассамблея тарихы - біздіӊ достығымыз бен тұрақтылығымыздыӊ тарихы. Алғыс айту күні бізді бұрынғыдан да жақындастыра түсетініне сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті татулық пен келісімде бірлесіп өмір сүру салты әсіресе жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында көші-қон хаосы басталған, этносаралық және әлеуметтік қақтығыстар ушыққан бүгінгі таӊда еліміздіӊ еӊ қымбат тәжірибесі екеніне назар аударды.

Біздіӊ бірегей этносаралық келісім тәжірибемізді неғұрлым көп ел пайдаланатын болса, соғұрлым әлем де қауіпсіз бола түсетініне сенімдімін. Біз - ынтымағы жарасқан керемет халық мекендейтін ғажайып елміз. Татулық пен келісімніӊ қазақстандық тәжірибесі негізінде біздіӊ болашағы біртұтас ұлт қалыптасуда. Сондықтан, біз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызды Алғыс айту күні ретінде әділ таӊдадық. Бұл күнді айрықша қайырымдылық акцияларымен, мұқтаж жандар мен жақындарға қолдау көрсету арқылы атап өту маӊызды. Осыған байланысты Ассамблеяныӊ арнаулы қорын құрып, сол арқылы қолдау көрсеткен жөн болар еді. Ирбір ауылда, ауданда, қала мен облыста әлеуметтік маӊызды мәселелерді шешуге бағытталған қоғамдық шаралар айрықша мәнге ие, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы бүгінде Қазақстаныӊ алдында зор міндеттер тұрғанын атап өтті.

Меніӊ халыққа Жолдауымды, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыру жүріп жатыр. Біз "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясатын іске асырудамыз. Сондықтан мен бүгін бірлік пен келісімге, достық пен өзара түсіністікке деген құлшынысы үшін бүкіл Қазақстан халқына зор ризашылығымды білдіргім келеді. Ир үйде татулық, жақсылық және береке болсын. Алғыс айту күні еліміздіӊ еӊ айшықты, әркімніӊ де жүрегіне жақын мейрам болатынына сенімдімін, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз тағы бір тарихи сәт - "Нұр Отан" партиясыныӊ құрылған күні екенін атап өтті..

Мен баршаӊызды осы айшықты күнмен құттықтаймын. "Нұр Отан" 17 жылда үлкен жолды жүріп өтті. Біздіӊ партиямыздыӊ саяси көшбасшылығы барлық қазақстандықтар мақтан тұтатын нақты жетістіктерге айналды. Қазір партия алдында айрықша маӊызды міндеттер тұр. Таяуда өткен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында мен қолжетімді баспана, жол, электр стансаларыныӊ құрылыстарына, әрбір кенттегі нысандарды жөндеу жұмыстарына елеулі қаражат бөлу туралы мәлімдедім. Осыныӊ бәрі адамдар үшін жасалуда, олар жұмысқа тартылады. Осы қызметтіӊ бәрін "Нұр Отан" жүргізетін болады. Ирбір қазақстандықтыӊ игілігіне бағытталған, жүргізіліп жатқан реформалар мен бағдарламалардыӊ мәнін әрбір адамға түсіндіре аламыз деп үміттенемін, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазір "Нұр Отан" партиясы Мәжіліс сайлауы бойынша сайлау науқанын жүргізіп жатқанына назар аударды.

Бұл - мемлекеттіӊ баршаны ұйыстырып, Қазақстанымыздыӊ өркендеуіне жұмылдырып отырған нағыз басты саяси күші екеніне сенімдімін. Сайлау кампаниясы аясында тек үгіт-насихат қана емес, тұғырнаманы таныстыру да жүріп жатыр. Партияныӊ өзі жаӊарып, жаӊа жақтастармен толығуда. Біздіӊ қатарымызға Қазақстанныӊ жаӊа азаматтары қосылып отырғаныныӊ мәні зор, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті рәсім барысында "Нұр Отанныӊ" жаӊа мүшелеріне партия билеттерін тапсырды. Мемлекет басшысы олардыӊ бәрін өмір жолындағы жаӊа кезеӊдерімен құттықтап, мықты денсаулық пен игілік тіледі.

Бұл - Сіздер үшін саяси саладағы жаӊа жолдыӊ басы. Сіздер халықтыӊ игілігіне бағытталған партияныӊ идеялары мен ой-тұжырымдарын жеткізушілер боласыздар. Сіздер өз энтузиазмдарыӊызбен және өз халқыӊызға пайдасын тигізуге деген ниеттеріӊізбен адамдардыӊ жүрегіне жігер беруге тиіссіздер. Бүгін партияға түрлі этностардыӊ өкілдері кіріп отырғаныныӊ да тереӊ символдық мәні бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Конституция мен ел заӊнамасында ұлттық және діни ерекшелігіне қарамастан барлық азаматтардыӊ теӊдігі көрініс тапқанына назар аударды.

Заӊныӊ осы ережелерін мүлтіксіз орындау керек, оларды қалауынша әлдекімдерге түсіндіруге жол беруге болмайды. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше рөл жүктеледі. Мен орын алған кейбір құқық бұзушылықтарға байланысты бұл туралы айттым да. Біз үштілділік бағытын ұстанып отырмыз және бұл әлдебіреудіӊ қалауы емес, уақыттыӊ талабы. Мемлекеттік тілді, титулды этностыӊ тілін білуге біз міндеттіміз. сондықтан да біз қазақшаға балаларды мектептен бастап үйретіп жатырмыз. Біз ағылшын тілін де білуге тиіспіз, өйткені ол ғылымныӊ, инновация мен ақпараттық технологияныӊ тілі. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілін де білу маӊызды. Балаларымызға бұл қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отанныӊ" барлық белсенділерін еліміздіӊ тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын тыӊ табыстармен және жасампаз өзгерістермен қарсы алуға шақырды.

Еӊ алдымен "шағын істер" - әрбір қала мен ауылды, жолдарды, мәдениет нысандарын абаттандыру жайын есте ұстау керек. Ирбір елді мекен жұмыс пен демалыс үшін таза, жайлы бола түсуі тиіс. 25 жылдық мереке дегеніміз осы. Барлық қала мен елді мекендерде аумақты тазарту мен көгалдандыру, балалар үйлеріне, егде адамдарға, мұқтаж жандарға көмектесу жұмыстары жүргізілуі керек, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бұдан бес жыл бұрын, Тәуелсіздіктіӊ 20 жылдығы белесінде "Ауылды көркейту - Қазақстанды көркейту" жобасы іске асырылғанын еске салды және биыл да бүкіл елде дәл сондай патриоттық акция өткізуге шақырды.

Еліміздіӊ халқыныӊ жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Бүгінде біздіӊ бүкіл табысымыздыӊ қозғаушы күшіне айналатын елдіӊ аграрлық секторын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Мұны "Нұр Отанға" және партияныӊ әрбір мүшесіне меніӊ тікелей тапсырмам деп санаӊыздар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Наурыз мейрамы қарсаӊында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтетініне, биліктіӊ бүкіл өкілді тармағы қайта сайланатынына назар аударды.

Мен барша қазақстандықтарға алдағы сайлау біздіӊ жаӊаруымыздыӊ, алда тұрған барлық міндеттеріміздіӊ орындалуыныӊ жаӊа кезеӊініӊ басы болуына тілектестігімді білдіргім келеді, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ әл-ауқаты, қоғамдық келісім, тұрақтылық пен бірлік - Отанымыздыӊ бақытты болашағыныӊ кепілі екенін айтты.

Ұлы дала елініӊ перзенттері мәдениеттер алуандылығын, түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерініӊ құндылықтарын ана сүтімен бірге бойға сіӊірген. Тарих және бабалар бізді осыған үйретті. Этникалық алуандылық біздіӊ елдіӊ әлсіз тұсы емес, оныӊ байлығы, - деді Қазақстан Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны