19.06.2025, 14:54 122316

Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды

Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәулет" МКҚК теннис орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.

Дәулет" орталығы - елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.


Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 - ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны