15.02.2023, 20:28 55196

Мемлекет басшысы ереуілдерді өткізу тәртібін жеңілдететін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы ереуілдерді өткізу тәртібін жеңілдететін заңға қол қойды
Сурет: freepik.com
Түзетулер келісім комиссиясының қызметіне, ұжымдық еңбек дауларын шешудегі кәсіподақтардың рөлін нақтылауға қатысты болды

Астана. 15 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Құжат еңбек жанжалдарын реттеу және келіссөздер процестерін ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру үшін әзірленді. Түзетулер келісім комиссиясының қызметіне, ұжымдық еңбек дауларын шешудегі кәсіподақтардың рөлін нақтылауға, сондай-ақ жиналыстар немесе ескерту ереуілдері өткізілуі мүмкін жағдайларға және басқа да тиісті мәселелерге қатысты болды.

Сондай-ақ, заң отандық заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Дауларды шешудің балама әдістерін қолдану құқықтық саясатты дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Заң жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібін өзгертуге ықпал етеді. Сондай-ақ келісу және татуластыру комиссияларының мәртебесі күшейтілетін болады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға, соның ішінде "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны