23.06.2025, 14:11 24076

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің Ұлттық күніне орай Ұлы Герцог Анриге құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы құттықтауында Люксембург халқының бірлігі мен ортақ мұратын, сондай-ақ елдің қаржы, цифрлық инновация мен жасыл технологиялар салаларындағы елеулі табысын паш ететін аталған мейрамның символдық мәніне назар аударды.

Қазақстан Президенті Ұлы Герцог Анридің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Люксембург халқына бақ-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны