15.07.2025, 17:46 64361
Қазақстанда 86 мың шақырым коммуналдық желілерді салу және жаңғырту көзделген
Достарға айту
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерді дамыту бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсе құрылды.
Қанат Бозымбаев Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу жөнінде баяндады. Бұл облыстар арасындағы және аймақ ішіндегі инфрақұрылымға қол жеткізу барысында байқалатын теңсіздікті төмендетуге, елді мекендерді дамытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді. Жоба аясында 86 мың шақырым коммуналдық желінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары және жалпы қуаты 7,3 ГВт болатын қосымша генерация көздерін іске қосу қарастырылған. Осы ретте отандық тауар өндірушілердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика салаларындағы әлеуеті барынша пайдаланылады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысына тұрғындарды су және кәріз жүйесімен сапалы әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін коммуналдық жүйелерді басқару бойынша трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізілгені жөнінде айтылды.
Президент өңірлерді теңгерімді дамыту маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бірыңғай цифрлы экожүйе енгізу, су саласын цифрландыру және су үнемдеу технологияларын қолдану жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.12.2025, 15:40 91
Президент Besqaru зауытымен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев цехтардағы құрастыру жұмыстарын аралап көріп, қорғаныс өнеркәсібі кешеніне қарасты кәсіпорынның технологиялық процестерімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.
Компания жылына 200 бронды техника құрастырады. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын, дөңгелекті Taimas8x8, Aibar 4x4 бронды машиналары, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар.Besqaru компаниясы өз өнімін Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдарға арнап шығарады. Өндіріс алаңы биыл ақпан айында іске қосылды. Жалпы құны 13,5 миллиард теңге болатын жоба аясында 134 жұмыс орны ашылды.
Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегі өнімді болуына тілектестік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 14:38 186
Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа винилді гипсокартон панелін шығаратын "Гипсовинил", өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ көрмеде "Астана электротехника зауытының", "Арыстан" Астана құбыр зауытының", құрылыс және жол химиясына маманданған ARGP кәсіпорнының қызметі жөнінде мағлұматтар ұсынылған.
Бұдан бөлек, Президентке мемлекет-жеке меншік серіктестік қағидаты бойынша пайдалануға берілетін №2 Индустриалдық паркінің даму перспективасы жайында баяндалды. Аталған алаңда жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын және 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 100-ден астам жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымды ілгерілету бағытында белсенді жұмыс атқарылуда. Соның ішінде "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағында логистикалық парк құрылатын болады.
Астананың жалпыұлттық пулы аясында 1,9 триллион теңгеге 120 жоба жүзеге асырылады. Осы арқылы 22 мыңға тарта жұмыс орнын ашу көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 13:35 251
Мемлекет басшысы Tausogar зауытында болды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
№1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.
Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты.
Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.
Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2025, 19:57 36426
Мемлекет басшысы "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Рустам Қарағойшиннің айтуынша, биыл холдинг ел экономикасына жалпы сомасы 9 триллион теңге қолдау көрсеткен. Қаражат бизнеске жәрдем беруге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелерге бағытталған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылғаны жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар "Даму" қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелері таныстырылды. Аталған қорлар шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық бастамаларға көмек көрсетеді.
Бұдан бөлек, Президентке инвестициялық холдингтің жұмыс моделі туралы мәлімет берілді. Бұл "Инвестицияға тапсырыс" қалыптастыру, ірі стратегиялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін дамытуды қарастырады. Қазір жалпы құны 87 триллион теңгеге жуық, 1,5 мың инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы инвестициялар тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын кеңейтудің маңызын атап өтті. Президент "Бәйтерек" холдингіне басым инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыруды және экономикаға ұзақ мерзімді капитал тартуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2025, 18:45 36656
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы айрықша міндет екеніне назар аударды.
Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда "Заң мен тәртіп" және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз - оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 20:21 57996
Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, консультативтік-кеңесші орган - Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылғанын хабарлайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Бұл шешім Қазақстан Республикасының 2025-2027 жылдардағы макроэкономика саясатын барынша теңгерімді ету мен мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар Кешенін жүзеге асыру аясында қабылданды.
Кеңес қызметі мемлекеттік қарыз алу құнын төмендету үшін мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тереңдігін, өтімділігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен корпоративтік эмитенттер нарығының бенчмарк көрсеткіштерін қалыптастыруға бағытталған шаралар әзірлеуге бағытталған.
Кеңестің негізгі міндеттері - макроэкономикалық ахуал мен қарыз тұрақтылығын ескере отырып, мемлекет қарызын басқару, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықта орналастыру саясаты бойынша жан-жақты сараланған шешімдер қабылдау.
Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңестің құрылуы Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің фискалдық және ақша-кредит саясатын жемісті үйлестіруге, сондай-ақ ішкі бағалы қағаздар нарығын дамытуға басымдық беруге бейіл екенін көрсетеді.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың тиімді әрі өтімді нарығын дамыту мемлекеттік қаржыны орнықтылығын нығайтудың, кірістілік бойынша нарық бағдарларын қалыптастырудың, сондай-ақ елдің қор нарығын одан әрі дамытудың алғышарты саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 15:50 58261
Ашық диалог: Шығыс Қазақстан басшылығы тұрғындармен кездесті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Облыс орталығында Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының әкімдері өңір тұрғындарымен ашық форматта кездесу өткізді. Маңызды жиын қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында қала мен облыстың дамуына қатысты негізгі нәтижелер қорытындыланып, алдағы жылдарға арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды. Атқарушы билік өкілдері өз жұмыстарының Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларына сай жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ел дамуының жеті негізгі бағыты белгіленіп, соның ішінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу экономиканы және мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың маңызды тетігі ретінде қарастырылуда. Алдағы үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекет қалыптастыру міндеті тұр.
Жыл қорытындылары ШҚО-ның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің біртіндеп нығайып келе жатқанын көрсетеді. Он бір айдың нәтижесінде өңірде оң серпін сақталып, жұмыссыздық деңгейі 4,6% көлемінде тұрақтады. Шамамен 25 мың жаңа жұмыс орны ашылып, оның басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталды. Орташа айлық жалақының 9,5% өсуі халықтың тұрмыс сапасының арта түскенін аңғартады.
Өнеркәсіп саласы өңір экономикасының берік тірегі болып қала береді. Бүгінде ол жалпы өңірлік өнімнің шамамен 40% қамтамасыз етіп отыр. Алға қойылған стратегиялық мақсат - 2029 жылға қарай экономикалық өсімді екі есеге жеткізу. Бұл жолда өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, машина жасау саласын ілгерілету, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту және сыртқы нарыққа тәуелділікті азайту басты басымдықтар ретінде белгіленді.
Кездесуде өңір экономикасының келешегі зор бағыттарының бірі - туризмді дамыту мәселесіне де айрықша назар аударылды.
- Туризм - бұл ең алдымен сапалы инфрақұрылым. Жол, байланыс, қауіпсіздік пен қызмет көрсету мәдениеті қатар дамығанда ғана туризм өңірдің қуатты драйверіне айналады. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді, - деп атап өтті ШҚО-ның әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Сондай-ақ Өскемен қаласының алдағы даму жоспарлары таныстырылды. Облыстың барлық аумақтары бойынша бес жылдық экономикалық өсім жоспарлары бекітіліп, өңірде жүзеге асырылатын жобалардың жалпы құны 2,8 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 2,3 трлн теңге жеке инвестицияларға тиесілі болса, 522,4 млрд теңге бюджет қаражаты есебінен қарастырылған.
Өскемен қаласын 2029 жылға дейін дамыту жоспарына сәйкес, қала бюджетіне 193,6 млрд теңге бөлініп, жеке инвестициялар көлемі 744,4 млрд теңге деңгейінде жоспарлануда. Қалалар мен аудандар әкімдерімен жобаларды сапалы әрі уақытында іске асыруды көздейтін KPI-меморандумдарға қол қойылды.
Облыс орталығы өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігін құрап отыр: қала үлесіне облыс бойынша өндірістің 78,7% тиесілі, ал өңдеуші сектордың үлесі 95% асады. Сонымен қатар, қала құраушы кәсіпорындар көрсеткіштерінің төмендеуіне байланысты өндіріс көлемінің 5,6% қысқаруы тіркелді. Осыған орай өндірістік қуаттарды тұрақтандыруға бағытталған нақты шаралар қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 13:37 64076
Олжас Бектенов Президент атынан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік наградалар табыс етті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов биыл 15-26 қараша аралығында Токио қаласында (Жапония) өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Олжас Бектенов спортшыларды қолдау Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, Ұлттық құрамаға, оның мамандары мен бапкерлер құрамына жеңіске жету жолында табандылық пен ерік-жігердің үлгісін көрсеткен үйлесімді және нәтижелі жұмыстары үшін алғысын білдірді.
2025 жылғы Сурдлимпиада ойындарына 81 мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар сегіз спорт түрінен ел намысын қорғап, 8 алтын, 4 күміс және 13 қола - барлығы 25 медаль жеңіп алды. Нәтижесінде ҚР ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте 9-шы орынды иеленді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін спорт ғимараттарын салуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сурдлимпиада ойындары біздің еліміздегі сурдлимпиада қозғалысының тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды. Бұл спорттық ұйымдардың, жаттықтырушылардың сондай-ақ, өз еңбегімен болашақ жеңістерге берік негіз қалайтын спортшылардың үйлесімді және тынымсыз жұмысының нәтижесі. Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет кәсіби және бұқаралық спортты дамыту, спортшыларды қолдау бойынша жұмыстар жүргізуде, жаңа инфрақұрылым нысандары салынуда. Жүйелі және уақтылы шаралар жалпы жетістікті арттыруға және бүкіл спорт саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Марапаттау барысында сурдо дзюдо спортшыларының жетістіктері атап өтілді. Олардың жоғары деңгейде өнер көрсетуі Қазақстанға 11 медаль (5 алтын, 2 күміс және 4 қола) алып келді және Сурдлимпиада ойындарының жарқын жетістіктерінің бірі болды. Команда көшбасшыларының қатарында үш дүркін және екі дүркін чемпион атанған Еркебұлан Қанафин мен Шадияр Қуандық бар.
Ал биіктікке секіруден ұлттық құрама қоржынына алтын медаль салған жеңіл атлетші Фаина Мейрманова 1,79 метрді бағындырып, Ойының рекордын орнатты.
Еркін және грек-рим күресінде чемпион атанған балуандар Андрей Самарин мен Шадияр Пернеш те жалпы нәтижеге айтарлықтай үлес қосты.
Үстел теннисінде Қанат Конкубаев, Данияр Ескендіров, Бижан Төлебаев және Абылай Бүркітбай қола жүлдеге ие болды.
Таэквондода Аян Абдраш, Айжамол Абдикатова және Аида Макатова қола жүлдегер атанды.
Премьер-министр қол жеткізілген барлық нәтижелер қазақстандық спортшыларды даярлаудың жоғары деңгейі және олардың аса маңызды спорттық сын-қатерлермен ойдағыдай күресуге қабілеттілігін көрсететінін атап өтті.
Марапатталғандардың атынан жаттықтырушылар Серік Данияров пен Максим Рожков сөз сөйледі.
Барлық спортшы мен жаттықтырушының атынан Қазақстан Президентіне сурдлимпиада спортшыларына көрсеткен үлкен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Біз Сурдлимпиада ойындарында 1997 жылдан бері өнер көрсетіп келеміз. Қазақстан үшін алтын медальді бірінші болып жеңіп алғаным есімде. Осы жылдар ішінде өте үлкен жұмыстар атқарылды. Жапониядағы ойындар біздің еліміз үшін жетістікке толы болды. Біз алғаш рет көп медаль иелендік. Осы дәстүрімізді әрі қарай жалғастырамыз", - деді ҚР Ұлттық Сурдлимпиада құрамасының жеңіл атлетикадан жаттықтырушы Максим Рожков.
Бүгінгі таңда ауқымды жұмыстар атқарылды. Біз осы Сурдлимпиада ойындарында жоғары деңгейде өнер көрсеттік, нәтижесінде осындай марапаттар мен жеңістерге қол жеткіздік. Елімізге, Президентке үлкен рахмет. Мен өзімнің қола медалімді Мемлекет басшысына арнағым келеді", - деді үстел теннисінен ұлттық құрама команданың аға жаттықтырушысы Серік Данияров.
Марапатталғандар:
"Құрмет" орденімен:
Еркебұлан Қанафин - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025);
Шадияр Қуандық - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025);
Сергей Дмитренко - сурдо дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері;
Қуанышбек Мұқаш - "Республикалық сурдо дзюдо Федерациясы" РҚБ президенті;
Азамат Қарлығашев - ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті.
ҚР Президентінің Алғысымен:
Сәуле Шақуова - ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің бас директоры;
Серік Сәпиев - ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті;
Айжан Чокина - ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің бас хатшысы.
ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатымен:
Ғұлама Хамзе - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы (2025 ж.);
Амина Файзулина - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
Тоқтарбек Айдарбек - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
Алтынбек Кәкітаев - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Айым Жетписбаева - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Сабиржан Хапизов - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
Анна Краморова - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері және командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
Ерсін Болатов - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
Айдос Түгелбаев - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша чемпионы (2025 ж.);
Анастасия Тимошенкова - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
Дина Адамбаева - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
Фериде Караоглы - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
Ольга Гараева - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша күміс жүлдегері (2025 ж.);
Фаина Мейрманова - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы (2025 ж.);
Нұрсұлтан Күлдеев - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Аян Абдраш - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Айжамол Абдикатова - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Аида Макатова - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Андрей Самарин - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы (2025 ж.);
Рамазан Әбдрасіл - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Хайратхаан Шонку - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері (2025 ж.);
Шадияр Пернеш - Токиодағы Сурдлимпиада чемпионы (2025);
Ғабит Есжанов - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2025 ж.);
Ғасыр Тұрғынбай - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (2025 ж.);
Сабыржан Рсалы - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);
Қанат Конкубаев - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);
Данияр Искендиров - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025);
Абылай Бүркітбай - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 ж.);
Бижан Төлебаев - Токиодағы Сурдлимпиада ойындарының командалық спорт түрлері бойынша қола жүлдегері (2025 жыл);
Зульфия Мұхамедиярова - дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Нұржан Сейітқанов - дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Богдан Весельский - жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы;
Елена Пономарева - жеңіл атлетикадан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Ерлан Мұқажан - грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Ерназар Қонысбаев - еркін күрестен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Бек Молдахметов - еркін күрестен ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Серік Данияров - үстел теннисінен ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Ербол Симамбаев - тхэквондодан ұлттық құрама командасының бас бапкері;
Максим Рожков - жеңіл атлетикадан жаттықтырушы;
Мерхат Болатханов - тхэквондодан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы;
Мерверт Бейсова - "Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы" ШЖҚ РМК медбикесі;
Нұрила Алменова - "Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы" ШЖҚ РМК медбикесі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.12.2025, 10:57Словениядағы Ақпараттық ғылымдар институты (IZUM) Қазақстанмен цифрлық саладағы өзара іс-қимылды нығайтуда
23.12.2025, 20:50 101901Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады23.12.2025, 21:59 81431Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті22.12.2025, 21:24 80386Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды22.12.2025, 18:58 80201Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді23.12.2025, 19:29 76501Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
17.12.2025, 17:47 229901Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 226916Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225211Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222201Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213191Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

