05.05.2022, 19:57 28336

Мемлекет басшысы референдум туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы "Республикалық референдум туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы референдум туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. 5 МАМЫР - Мемлекет басшысы "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Естеріңізге сала кетейік, сенаторлар "Референдум туралы" заңнан Елбасы туралы норманы алып тастады. Құжаттың бұрынғы нұсқасы бойынша Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты мәселелер республикалық референдумның нысанасы бола алмайды. 
 
Сенаттың редакциясында бұл норма "мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі принциптерін өзгерту" мәселелері ғана референдумның нысанасы бола алмайтынын көздейді. 
 
Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны