30.10.2025, 17:08 14581
Мемлекет басшысы "Сыр жұлдыздары" шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге арналған "Сыр жұлдыздары" шығармашылық-инновациялық академиясына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бұл нысан биыл мамыр айында пайдалануға берілген.
️Мемлекет басшысына академия қызметі өңір жастарының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталғаны жөнінде баяндалды.
️Кешенде бассейн, спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, шығармашылық студиялар мен зертханалар бар.
Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысында қосымша білім беру жүйесін дамыту аясында 2022 жылдан бастап Жаңақорған, Жалағаш және Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Шығармашылық мектептері бой көтерген.
Былтыр облыс орталығында заманауи Оқушылар сарайы ашылды. Бұдан бөлек, Қызылордада Кәсіптік білім беру және жұмысшы мамандықтары бойынша құзыреттілік орталығының құрылысы басталды. Бүгінде Президент саябағында уақыт талабына сай балалар сауықтыру лагері мен қысқы бақ салынып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.12.2025, 14:50 476
Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Штип қаласындағы Гоце Делчев атындағы университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан Қазақстанның ағымдағы дамуы, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктері, оның қазіргі әлемдегі геосаяси рөлі, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығы нәтижелерімен аудиторияны таныстырды.
Тыңдаушылар қазақстандық жоғары білім беру жүйесін, халықаралық академиялық және білім беру бағдарламаларын дамытуға ерекше қызығушылық танытты.
Университет ректоры Деян Мираковскимен кездесу барысында Елші Бұршақов білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Екі елдің университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы әріптестікті нығайту қажеттігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ректор Д.Мираковски академиялық алмасу, бірлескен жобалар және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейту перспективаларына назар аудара отырып, қазақстандық білім беру мекемелерімен өзара тиімді байланыстар орнатуға терең қызығушылық танытты.
Университет басшылығы Қазақстан Елшілігіне елімізбен тереңірек танысу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, болашақта осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Гоце Делчев атындағы Университет 2007 жылы құрылған. Higher Education Council (Түркия), сондай-ақ Еуропалық Университет қауымдастығымен ынтымақтастығы бар. Студенттер саны 20 мыңнан асады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 14:41 1
"Қазығұрт" және "Темір баба" жаңа жоғары технологиялық өткізу пункттері ашылды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан "Қазығұрт" және Түркіменстанмен шекарада орналасқан "Темір баба" пункттері. Аталған нысандардың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өткенін айта кету керек, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазығұрт" өткізу пунктінің ресми ашылуына ҚР қаржы министрі Мәди Такиев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.
Қаржы министрі жаңғырту бағдарламасы Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен арадағы шекараларда орналасқан барлығы 9 өткізу пунктін қамтығанын атап өтті. "Қапланбек", "Атамекен", "Қалжат" және "Алакөл" сияқты бірқатар нысандағы жұмыстар аяқталған. Ал жыл соңына дейін "Тәжен", "Майқапшағай" және "Бақты" пункттерін жаңғыртудан өткізу көзделіп отыр.
Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысы мен жүк өткізу процесіне кедергі келтірмей жүзеге асырылды. Осы мақсатта уақытша қозғалыс схемасы ұйымдастырылып, бұл кептелістің алдын алып, жүк және жолаушылар тасымалы үздіксіз жүргізілді.
Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде пункттерде шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін азайып, өткізу қабілеті тәулігіне 1 000 көлікке дейін ұлғайтылды. Қазір жаңартылған өткізу пункттері арқылы көлік ағыны 2,5 есе артты. Мәселен, 2022 жылы шекараны 640 мың автомобиль кесіп өтсе, бүгінде бұл көрсеткіш 1,5 млн-ға көбейді.
Қазығұрт" өткізу пункті - халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи технологиялық кешен. Мұнда көлікті тіркеудің автоматтандырылған жүйесі, озық сканерлеу жабдықтары, салмақ-габарит өлшеу жүйелері, сондай-ақ рентген-телевизиялық қондырғылар, "тепловизорлар" және радиациялық бақылау құралдары іске қосылған. Қозғалыс ағыны жаяу жүргіншілер, жеңіл және жүк көліктері деп арнайы бөлінген. Бұл қауіпсіздікті арттырып, қозғалысқа жайлы жағдай жасайды. Жүк көліктері үшін техникалық бақылаудан тоқтаусыз өтуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған дәліздер қарастырылған.
Инфрақұрылымды жаңартумен қатар министрлік кеден рәсімдерін цифрландыру бойынша да қарқынды жұмыстар жүргізіп келеді. Айталық, Keden ақпарат жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, онда толық интеграцияланған цифрлы кеден жүйесіне көшу қарастырылған. Жүйе экспресс-жүктермен жұмысты, тауарларды есепке алуды және виртуалды қоймаларды автоматтандырды. Қазір жасанды интеллект негізінде тауарлар мен қызметтерді декларациялау модулін іске қосу қолға алынған. Мақсат - электронды декларацияның толық циклін аяқтап, 2026 жылдан бастап тиімділікті бақылау, сараптау және бағалау үшін жаңа модульдерді енгізу. Бұл бизнес үшін жұмысты айтарлықтай жеңілдетіп, қызмет көрсетуде жеделдете түседі.
Бұдан бөлек сәуірде Өзбекстанмен шекарадағы "Жібек Жолы" өткізу пунктін ауқымды жаңғырту басталған болатын. Жаңа кешен жалпы ауданы 10 мың шаршы метрді алып жатқан екі заманауи жолаушылар терминалын және автокөлікке арналған бірыңғай шатырды қамтиды. Тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін 2026 жылы шілдеде өткізу пунктінің қабілеті тәулігіне 70 мың адамға дейін және 2 мың жеңіл автомобильге дейін өседі деп көзделген.
Тағы бір инновациялық бағыттардың бірі - Қытаймен бірлесіп қолға алынған "Бақты-Покиту" жобасы. Қытай тарапы екі аумақта да толық автоматтандырылған логистикалық орталықтар құруға шамамен $50 млн көлемінде инвестиция жұмсамақ. Жоба аясында жүктерді тасымалдауға ұшқышсыз басқарылатын электр шаттлдарын пайдалану, "ақылды" логистиканы, AGV-терминалдарды, зарядтау стансаларын енгізу және бүкіл өңірдегі ең технологиялық көлік дәліздерінің бірін құрып, екі мемлекеттік цифрлық жүйенің толық интеграциясын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жаңа өткізу пункттерін іске қосу - мемлекеттік органдардың, мамандардың, инженерлердің, құрылысшылардың және шекара қызметінің бірлескен жұмысының жемісі. Біз экономиканы дамытуға әсер етіп, Қазақстанды ашық, сенімді және бәсекеге қабілетті транзитті хаб ретінде айқындайтын заманауи, технологиялық және жайлы инфрақұрылымды құруға мән беріп келеміз. Бұдан басқа өткізу пункттерін жаңғырту - Мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асыру бағытындағы жүйелі қадам. Біз сауданы арттырып, бизнестің жұмысын жеңілдететін және Қазақстанды аймақтың негізгі логистикалық торабына айналдыратын заманауи инфрақұрылым құрып жатырмыз", - деді Мәди Такиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 10:33 31
Жамбыл облысының ауылдарын сумен жабдықтауға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 15 млрд теңге бөлінді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Жамбыл облысында сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл мақсаттарға 15,4 млрд теңге бөлді. Бүгінгі таңда 4 нысан пайдалануға берілді, қалған 8 нысандағы құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мәселен, қазірдің өзінде төрт елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында Қызылшарық, Жаңаөткел және Жұма ауылдарында жұмыстар аяқталды. 300-ден астам адам тұратын Талас ауданы Қараой ауылында су құбыры іске қосылды. Бұрын ол жерде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған. Жобаның жалпы құны 933,4 млн теңгені құрады, оның 106,7 млн теңгесі тікелей Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.
Осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған 8 нысанда жұмыс жалғасуда. Бұл облыстың шалғай аудандарындағы жобалар. Мәселен, Мойынқұм ауданында Шығанақ, Мыңарал және Құмөзек стансаларында, сондай-ақ Мойынқұм, Биназар және Бірлік ауылдарында желілер реконструкциялануда. Сарысу ауданында су құбырын реконструкциялау Жайылма және Маятас ауылдарын қамтиды, ал Қордай ауданында Қарасай батыр ауылында желілер құрылысы жүріп жатыр.
Өңірде сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жүйелі негізде жүргізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес облыста халықты 100% ауыз сумен қамту міндеті жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңір қалаларында қамтамасыз ету - 98%-ды, ауылдық елді мекендерде - 99,3%-ды құрайды. Жамбыл облысында барлығы 23 сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда, оның 13-і пайдалануға берілді.
Осыған ұқсас жұмыс барлық Қазақстан бойынша жүргізілуде. Еліміздің елді мекендерін толық қамту үшін биыл республикалық бюджеттен 257 жобаны жүзеге асыруға 105,7 млрд теңге бөлінді. Сумен жабдықтау саласындағы тағы 229 жобаны жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қосымша 135,8 млрд теңге бөлінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 17:08 125026
Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы "1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:10 124631
Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақорда Әсел Жанасованың жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.
-Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, олбұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,- делінген ресми құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:01 126296
Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның биыл атқарған жұмысының алдын ала нәтижелері мен инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттары таныстырылды. Компания қызметінде оң динамика байқалады. Екі жылда болат өндірісі 22 пайызға, көмір концентраты 26 пайызға, темір кені 32 пайызға артты. Өнімнің өзіндік құны 28 пайызға арзандап, шығарылатын маркалардың түрі 260-тан 350-ге дейін ұлғайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Андрей Лаврентьев 9 ірі инвестициялық жобадан тұратын кешенді бағдарламаны жүзеге асыру жайында баяндады. Бұл бастама елдегі болат өндірісін жүйелеп, металл прокаты импортын төмендетуді көздейді. Бұдан бөлек, болаттың жоғары сапалы жаңа маркаларын, соның ішінде атом электр станциясының құрылысына арналған өнім шығару жолға қойыла бастады.
Президентке көмір және тау-кен бағытын дамыту бағдарламасы таныстырылды. Еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік бастамаларға баса мән берілді. Qarmet компаниясына қарасты медициналық және білім беру ұйымдары жаңғыртылып жатыр. Компания мен кәсіподақтар арасында жаңа ұжымдық келісімшарт жасалды. Құжат 35 мың еңбеккерге әлеуметтік кепілдік беруді қарастырады.
Мемлекет басшысына Qarmet жанынан ірі металлургиялық кластер құрылып жатқаны туралы айтылды. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың шикізатты терең өңдеумен айналысуына мүмкіндік береді. Бағдарлама "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингімен бірге іске асырылмақ. Сондай-ақ машина жасау зауыттарының өндіріс барысында отандық болатты пайдалануы бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Кездесу соңында Президент Qarmet металлургия кешенінде атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, даму жоспарына қолдау білдірді. Сонымен қатар кәсіпорынды жан-жақты жаңғырту, әлеуметтік мәселелерді шешу, экологиялық жағдайды жақсарту, машина жасау өндірісін жандандыру шараларын жалғастырудың маңызына тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 15:04 125256
Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен "Өскемен арматура зауыты" АҚ ("ӨАЗ" АҚ) мен "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ ("КҚК-Қ" АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру жөніндегі құжатқа "ӨАЗ" АҚ бас директоры Александр Будрис және Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань қол қойды.
Ынтымақтастық бекіткіш арматураның, сорғы агрегаттарының және электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға, магистралды мұнай құбыры нысандарында отандық жабдық қолдануды кеңейтуге, сондай-ақ құбыр арматурасының қазақстандық ірі өндірушісі мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымындағы негізгі операторларының бірі арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған.
Келісім шеңберінде тараптар "КҚК-Қ" АҚ-ны Қазақстаннан шыққан жоғары технологиялық материалдармен, жинақтаушы бөлшектермен және жабдықтармен қамтамасыз етуге, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жабдықты жаңғырту және сынақтан өткізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге әрі енгізуге ниетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 13:56 94441
БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді
Достарға айту
БЖЗҚ Әлеуметтік кодекстің талаптарына сәйкес жыл сайын келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заң ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін (ТЖШ) орналастыру туралы міндетін орындай отырып, 2026 жылға арналған ТЖШ туралы хабарлайды, деп хабарлайды enpf.kz.
Естеріңізге сала кетейік, ТЖШ - бұл салымшыны ай сайынғы зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған). Бұл ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне, ең төменгі жалақыға, ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ инфляция мен инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептелетін зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - салымшы зейнеткерлік жасқа жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш.
ТЖШ есептеу зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі - әдістеме) (ҚР Үкіметінің 30.06.2023 №521 қаулысымен (бұдан әрі - №521 қаулы) бекітілген) сәйкес жүргізіледі.
Әдістемеге сәйкес, 2026 жылғы ТЖШ есептеу кезінде Қазақстан Республикасының "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:
- ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 69 049 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге.
Нәтижесінде 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 15:53Ыстанбұлда Қазақ киносының күндері өтті 15.12.2025, 14:50 126Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында15.12.2025, 13:48 121Венгриялық сарапшылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және конструктивті саясатын жоғары бағалады
09.12.2025, 14:10 133591Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды133466Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды10.12.2025, 16:01 125786Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 15:04 125546Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады10.12.2025, 17:08 125316Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
19.11.2025, 16:26 146996Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146651Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145846Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады09.12.2025, 14:10 133591Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды133466Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды

