10.11.2025, 19:59 27131

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
Сурет: Akorda
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің есебі және 2026 жылға арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Әлихан Смайылов мемлекеттік аудиторлар жалпы құны 32 триллион теңге болатын 18 ірі тексеру жүргізгенін айтты. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8 триллион теңгеге көп.

Президентке мемлекет пайдасына 112 миллиард теңге өндірілгені туралы мәлімет берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін Үкіметке және аудит нысандарына 96 ұсыным мен 800-ге жуық орындалуға міндетті нұсқама жіберілді. Аудит қорытындысы бойынша 42 материал құқық қорғау органдарына жолданды.

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның қызметін цифрландыру шеңберінде аудиторлық жұмыстың барлық кезеңдерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе енгізілгенін жеткізді.

Ведомство келесі жылы 40-қа жуық аудиторлық тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, тексеру жұмыстары отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау, инвестиция тарту, автомобиль жолдарын дамыту, мемлекеттік ақпарат саясаты бағыттарын, "Қазақтелеком" АҚ, "Қазпошта" АҚ және Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетін және тағы басқа мекемелерді қамтиды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудитті жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны