06.08.2021, 18:57 10361

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Түрікменстанда бейресми кездесу өткізді

НҰР-СҰЛТАН. 6 ТАМЫЗ - Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Түрікменстанда бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Кездесуге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қатысты.

Бұған дейін хабарланғандай, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді.

2021 жылғы 6 тамызда Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ, көрші елдердің көшбасшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.

Сонымен қатар, саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өңірінің өнер шеберлерінің концертін бірге тамашалауды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны