02.02.2022, 17:04 29586

Қошанов: Мәжіліс қоғам талабына барынша ашық болады

Қошанов: Мәжіліс қоғам талабына барынша ашық болады
НҰР-СҰЛТАН. 2 АҚПАН - Президент халық қауіпсіздігі мен мемлекет мүддесі бәрінен биік екендігін өз ісімен дәлелдеді. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті.
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан "Жаңа Қазақстан" құру жолында Парламентке артылар жүк те, жүктелер жауапкершілік те өте зор. Сондықтан осынау сындарлы кезеңде халық сенімінен шығып, Президент бастамаларын барынша қолдау – біздің басты міндет. Сайлаушылар тарапынан депутаттарға қойылатын талап қашан да жоғары екендігін өздеріңіз білесіздер. Әсіресе, кешегі қаңтар оқиғалары – бүкіл еліміз үшін үлкен сын болды. Күн тәртібінде тәуелсіздігіміз мен мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалу мәселесі тұрды. Елдігімізге қауіп төнген осы сын сағатта Мемлекет басшысы барлық жауапкершілікті өзіне алып, батыл шешімдер қабылдады. Президент халық қауіпсіздігі мен мемлекет мүддесі бәрінен биік екендігін өз ісімен дәлелдеді", - деді Е. Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында. 

 
Осы орайда Мәжіліс төрағасы бірінші кезекте, Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Халық сайлаған депутаттар – ең алдымен, өз сайлаушыларына жақын болу керек. 
 

Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты екені түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта, депутаттар корпусының азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, әсіресе, өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан ары жандандыратын боламыз. Бұл – Президент бекіткен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың да басты ұстанымы. Алдымызға қойылған жаңа міндеттерді табысты орындау үшін азаматтық қоғаммен қатар, мемлекеттік органдардың барлық тармақтарымен, соның ішінде, Сенатпен, Үкіметпен, Сот саласымен өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз", - деді ол.


 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны