03.07.2025, 10:16 42381

Қазақстан премьері мен қытай компаниясының басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан премьері мен қытай компаниясының басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық "Хунань Цзюньсинь Хуаньбао" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді. Онда "жасыл" энергетика және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Хунань Цзюньсинь Хуаньбао" - Қытайдың жасыл технологиялар саласындағы көшбасшыларының бірі. Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды.


Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық жаңғырту мен орнықты дамудың маңыздылығына баса назар аударып отырғанын атап өтті. Қазақстан "жасыл" трансформацияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Бүгінгі таңда елімізде Waste to Energy тетігі бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық база бар. Үкімет осы саладағы халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылға мүдделілігін жеткізді және серіктестік қатынастарды кеңейту әлеуетін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны