25.11.2025, 17:04 47186

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қазақстандағы "Шелл" концернінің басшылығымен кездесуі

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың "Шелл" концернінің аға вице-президенті және Қазақстандағы төрағасы Сюзанн Куганмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен еліміздің мұнай-газ секторындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып саналатын компания арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Роман Скляр "Шелл" компаниясының Қазақстанның дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтіп, өзара ынтымақтастық 30 жылдан астам уақытқа созылғанын және мұнай-газ саласындағы бірқатар ірі жобаларды қамтитынын атап өтті. Негізгі жобалардың қатарында "Шелл" концернінің Қарашығанақ және Қашаған сияқты маңызды кен орындарын игеруге қатысуы бар.

Сюзанн Куган өз кезегінде "Шелл" компаниясы жаңа жобаларға одан әрі инвестиция салуға мүдделі екенін атап өтті. Еліміздің мұнай-газ резервтерін кеңейтуге үлес қосу үшін осы салада Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

Бірлескен жобаларды одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан компанияның озық технологияларын тартуға және бірлескен жобаларды ілгерілетуге мүдделі.

Кездесу соңында екі тарап өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруды жалғастыруға сенімді екендіктерін білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны