06.01.2022, 01:10 836

ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АУМАҒЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚТАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АУМАҒЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚТАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Сурет: ҚР ҚМ
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚАҢТАР - Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Президенттің Жарлығымен республиканың бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ақорда сайтында жарияланған жарлықтарға сәйкес, төтенше жағдай режимі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстарында және Шымкент қаласында енгізілді.
 
Жоғарыда көрсетілген барлық өңірлерде ТЖ режимі мынадай шараларды қабылдауды білдіреді:
 
- төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілсін;
 
- қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;
 
- жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленсін;
 
- жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;
 
- әр өңірге кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;
 
- бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;
 
- ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;
 
- қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленсін;
 
- жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.
 
Сонымен қатар, өңірлерде төтенше жағдай кезінде комендатуралар құрылды:
 
- Атырау облысының коменданты болып Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Үмбетқалиев Қамза Бақтығалиұлы тағайындалсын.
 
- Шымкент қаласының коменданты болып Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Мұсалиұлы Жұмаханбетов тағайындалсын.
 
- Жамбыл облысының коменданты болып Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Қуанышұлы Сүлейменов тағайындалсын.
 
- Қызылорда облысының коменданты болып Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Жеңісбайұлы Сұлтан тағайындалсын.
 
- Ақмола облысының коменданты болып Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Хәкімбекұлы Баймұрзин тағайындалсын.
 
- Ақтөбе облысының коменданты болып Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Советұлы Әлиев тағайындалсын.
 
- Шығыс Қазақстан облысының коменданты болып Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Кентайұлы Мәдиев тағайындалсын.
 
- Батыс Қазақстан облысының коменданты болып Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Мақсұтхан Нұғманұлы Әбіләзімов тағайындалсын.
 
- Қарағанды облысының коменданты болып Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Жұмасейітұлы Файзуллин тағайындалсын.
 
- Түркістан облысының коменданты болып Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков тағайындалсын.
 
- Қостанай облысының коменданты болып Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қайрат Сыздықұлы Дүйсембеков тағайындалсын.
 
- Павлодар облысының коменданты болып Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов тағайындалсын.
 
- Солтүстік Қазақстан облысының коменданты болып Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Сағынтайұлы Төлебаев тағайындалсын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны