25.04.2026, 18:53 896
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев қор жұмысымен танысты. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық креативті секторды қолдаудың негізгі институты ретінде құрылған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке жаңа кеңістіктің шығармашыл жастар, инвесторлар мен туристер бас қосатын орынға айналатыны жөнінде баяндалды. Шоурум форматында безендірілген кеңседе креативті өнім әзірлеудің толық циклі көрсетілген. Сол арқылы көпшілік қарапайым идеяны өндіріске айналдыруға дейінгі шығармашылық үрдістің қалай жүргізілетінін тамашалай алады.
Мемлекет басшысы зергерлік және ағаш шеберханаларын, музыка, кілем тоқу, бейнелеу өнері залдарын, fashion-аймақты аралады. Yurt Capsule - мұндағы негізгі орынның бірі. Бұл кеңістікте киіз үйдің дәстүрлі формасы технологиялық тұрғыдан жаңа кейіпке енген. Жоба цифрлық өнерді, мультимедиялық контентті және мәдени сторителлингті бір арнаға тоғыстырады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің брендін қалыптастыру тұжырымдамасы жайында мәлімет берілді. Бастама мәдени мұраларымызды заманға сай жаңаша интерпретациялау, креативті индустрияны дамыту және ұлттық бірегейлікті нығайту арқылы еліміздің туристік әлеуетін арттыруды көздейді.
Креативті индустрияны дамыту қоры талантты жастарды іздеп тауып, оларға қолдау көрсету, инвестиция тарту, инфрақұрылымды жетілдіру секілді төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Отандық креативті өнімдерді сыртқы нарыққа шығаруға ықпал етеді. Сонымен қатар барлық облыс орталығында ашылған өңірлік хабтардың қызметін үйлестіреді.
Бүгінде Қазақстанның креативті экономика саласында шамамен 48 мың кәсіпкерлік нысан бар. Олар 160 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Индустрияға кино, анимация, геймдевелопмент, цифрлық өнер, сән, дизайн және халықтық қолөнер секілді салалар зор үлес қосуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.04.2026, 16:12 11566
Үкімет Аппаратының қызметкерлері Президенттің "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр мен вице-премьерлер бастаған Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының қызметкерлері EXPO кешенінің аумағында сенбілікке қатысты. Экологиялық акция Президенттің "Таза Қазақстан" бастамасы аясында өтті, оның негізгі қағидаттары - табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау. Мұның барлығы Қазақстанның жаңа Конституциясында бекітілген, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Сенбілік барысында EXPO іскерлік кешенінің аумағына 130 ағаш отырғызылды, оның ішінде ақ тал, ұсақ жапырақты жөке ағашы және үшкір жапырақты үйеңкі бар.
Экологиялық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр. Ағаш отырғызу, іргелес аумақтарды жинау және су айдындарының жағалау учаскелерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Осы жылдың 25 сәуірінде өткен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына барлығы 980 мыңнан астам адам қатысты, 253 мыңнан астам ағаш отырғызылды, 46 мың гектарға жуық аумақ жиналды. Ірі қалаларда сенбілікке 170 мыңға жуық адам шықты, мәселен Астанада - 120 мың адам, Алматыда - 52 мың адам.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2026, 14:28 926
Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың "Самал" саябағында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бұдан кейін Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына шаһарды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру, сондай-ақ қолайлы және қауіпсіз қала қалыптастыру бағытында қолға алынған шаралар жөнінде мәлімет берді. Оның айтуынша, биыл елордада 173 орынды (қоғамдық кеңістіктер мен аулалар) жаңғырту, 1,1 миллион түп жасыл желек, атап айтқанда, көшеттер, бұталар, гүлдер мен ағаштар егу жоспарланып отыр. Негізгі жобалардың бірі - тұрғындар көп келетін "Самал" саябағы. Аталған аумақ отбасылық демалысқа, спортпен шұғылдануға және мәдени іс-шараларға ыңғайлы кеңістік ретінде жобалануда. Саябақта мұз айдыны, серуендеу бағдарлары, жаяу жүргінші көпірі, тоған, балаларға арналған ойын алаңы мен демалысқа ыңғайлы кеңістік қарастырылған.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев "Таза Қазақстан" акциясы басталған екі жыл ішінде 1,5 мың экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді. Осы уақыт аралығында 2 миллион тонна қоқыс жиналып, 5,5 миллионға жуық тал егілген. Жыл сайын бұл бастамаға 6,5 миллион адам, соның ішінде 780 мың волонтер қатысады. Министрдің айтуынша, 2021-2025 жылдары орман қорын толықтыру үшін 1 миллионнан аса гектарға 1 648,4 миллион түп көшет отырғызылған. Елді мекендерде бес жыл ішінде 18,4 миллион ағаш егілді. Алдағы уақытта 1 760 мың гектар жерді қамтитын 46 экоаумақ құрылады.
Іс-шараға Ақсу-Жабағылы табиғи қорығынан Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров пен эковолонтер Аида Мақанбай, Жайық жағасынан Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев пен экобелсенді Нұрсұлтан Сәрсенбаев, Шығыс Қазақстан облысынан аймақ әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Үлбі металлургия зауытының басқарма төрағасы Сергей Бежецкий, Баянауылдан Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен "Жасыл ел" Павлодар облысы штабының жетекшісі Русана Сулаймонова бейнебайланыс арқылы қосылып, жалпыұлттық экологиялық акция аясында өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Акция барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, екі жыл бұрын тағылымы мол, мән-мазмұны айрықша "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы басталғанын айтты.
- Халқымыз ежелден "тазалық" ұғымына ерекше мән берген. Жұртымыз "таза" сөзін кең мағынада қолданады. Мысалы, арлы, ниеті түзу, адал адам туралы айтқан кезде "ары таза, ойы таза, жүрегі таза" адам деп сипаттаған. Бабаларымыз әрдайым табиғатпен етене байланыста өмір сүрген, қоршаған ортаны қорғау қастерлі міндет деп санаған. "Обал болады" деп, жас ұрпақты табиғатқа ешқандай зиян келтірмеуге үйреткен. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деп, Жер-Анаға жанашыр жүрекпен қарауға тәрбиелеген. Міне, бүгін де тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке, қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр. "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы - соның айқын көрінісі. Тазалық - өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы. Ақ пейілмен, түзу ниетпен қолға алған әрбір іс берекелі болады. "Таза Қазақстан" - дәл осындай бірегей бастама. Бұл жоба миллиондаған отаншыл азаматымыздың адал еңбегінің арқасында жалпыхалықтық қозғалысқа айналды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы акцияға атсалысқан отандастарымызға, әсіресе, жастарға ризашылығын білдірді.
- "Таза Қазақстанның" негізгі қозғаушы күші және арқауы жастар десек, артық болмайды. Ұл-қыздарымыз ортақ іске белсене атсалысып, жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсетіп жүр. Бүгінгі маңызды іс-шараға жасампаз әрі жаңашыл жастар қатысып отыр. Еліміздің жарқын болашағы - сіздер сияқты рухы мықты, отаншыл, ерік-жігері күшті азаматтардың қолында. Түптеп келгенде, біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Барымыз да, басты байлығымыз да - қастерлі Отанымыз Қазақстан. Сондықтан қасиетті жеріміздің, киелі еліміздің Озық, Қауіпсіз, Күшті әрі Таза болғаны тек бізге ғана керек. Осыны дұрыс түсінген абзал. Бұл жобаның түпкі мәні - табиғатты аялау, тазалық пен тәртіпті дәріптеу, саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы ұлт қалыптастыру, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта елімізде ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді. Былтыр республика бойынша 1200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті, 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылды, шамамен 4 миллионға жуық тал егілді.
- Игі бастамаға 800 мыңға жуық волонтер қатысты. Қазір әлемде қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруіне байланысты көптеген сын-қатер пайда болды. Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Халықаралық қауымдастық табиғатты қорғау мәселесіне баса мән беріп отыр. Қазақстан да осы бағытта нақты бастамалар көтеріп келеді. Кеше Астанада Біріккен Ұлттар ұйымының аясында ұйымдастырылған Өңірлік экологиялық саммит аяқталды. Осы ауқымды форум шеңберінде эковолонтерлікке, ресурстарды үнемдеу мәселелеріне арналған маңызды іс-шаралар өтті. Бұған дейін де айтқанымдай, әлемде ешқандай ел экология мәселесін жалғыз өзі шеше алмайды. Бұл аса күрделі, жауапты жұмыс, сондықтан осы бағытта дипломатиялық күш-жігерді, ғылымды, бизнесті, қоғамды, волонтерлерді, бір сөзбен айтқанда, мақсаткер жастарды жұмылдыру қажет. Өйткені патриот жастар әрдайым өзгерістердің көш басында жүреді. Сіздердің тарихи миссияларыңыз - елімізді жоғары технологиялар мен өнер, ғылым және гуманистік құндылықтар салаларында мейлінше дамыған мемлекеттер қатарына қосу, - деді Мемлекет басшысы.
Президент Қазақстанда соңғы жылдары көп өзгеріс болғанын, бұл көзге көрініп тұрғанын атап өтті.
- Қалаларымыз бен ауылдарымыз тазарып, топырақтың, судың, ауаның ластануы азая түсті. Ірі кәсіпорындарда зиянды шығарындыларды төмендету бағытында жұмыс атқарылып, үздік экологиялық тәжірибелер енгізілуде, қатты қалдықтарды қайта өңдеу ісінде алға ілгерілеу бар. Алайда кемшіліктер де аз емес, алда жұмыс көп. Ең бастысы, экономика ғана емес, азаматтарымыздың тұрмыс салты мен ой-санасы да өзгеруде. Жаңа Конституциямызда жасампаз патриотизм, бірлік, ынтымақ, табиғатты аялау қағидаттары тіршіліктің негізгі іргетасы ретінде бекітілді. Бұған белгілі дәрежеде "Таза Қазақстан" жобасының, яғни, ел жастарының әсері болғаны рас. Мен өздеріңізді мақтан тұтамын. Сіздерге алғысым шексіз. Екі жылда аталған прогрессивті бастама жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Жоба тың мазмұнмен толығып, шын мәнінде, Әділетті Қазақстан идеясының өзегіне айналып келеді. "Таза Қазақстан" қағидаты, "Заң және тәртіп", "Адал азамат" тұжырымдамалары тұтас құндылықтар жүйесін құрап, мемлекеттік басқару мен қоғамның ажырамас бөлшегі болуға тиіс. Мұны жан-жақты ілгерілету үшін беделі биік белгілі азаматтарды тартқан дұрыс. Жаңа идеологияның басты дәріптеушісі - жастар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға тоқталды.
- Үй жануарларының адамдардан қорлық көруіне жол бермеу керек. Үкімет үй жануарларын дұрыс күтіп-баптамағандарға берілетін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып, ал оларға қатыгездік көрсеткендерге кесілетін қылмыстық жазаны күшейтуі керек. Негізі, қаңғыбас иттер проблемасына азаматтардың немқұрайлылығы себеп: яғни олар бастапқыда жануарларға ықыласы ауып асырағанымен, кейіннен көңілдері қалып, керексіз заттай көшеге тастап кетіп жатады. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу қажет. Сондай-ақ ешқандай "хайпқа" жол бермей, мамандандырылған жануарлар орталықтарының қызметіне қоғамдық бақылау қойған жөн. Бұл іске сіздер де үлес қосасыздар деп ойлаймын. Жалпы, қаңғыбас иттерге қамқорлықпен қарау қоғамның арасына сына қақпауға тиіс. Өңірлерден алған ақпаратқа сәйкес, балалар, тіпті, ересектер жабайы иттерден жиі зардап шегуде. Басты мәселе - осы. Сондықтан бұл проблемаға мемлекет пен жұртшылықтың, нақты айтқанда, заң шығару тұрғысынан Парламенттің араласпасына болмайды. Бірақ біз қорғансыз жануарларды жәбірлеген фактілерге де бей-жай қарамауымыз керек, атап айтқанда, үй жануарларын азаптағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан дұрыс. Осындай тәсілдер қоршаған ортаға озық әрі жауапты көзқарас қалыптастырады деп ойлаймын. Бұл да "Таза Қазақстан" аясында атқарылуға тиіс істің бірі, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде білім жүйесіне баса мән беруді маңызды мәселе ретінде атады.
- Тазалықтың тірегі - тәрбие. Балаларды экологиялық мәдениет пен еңбекке мектеп жасынан баулу қажет. Сондықтан экологиялық акцияларға оқушылар мен студенттердің белсене қатысқаны жөн. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігіне "Жасыл сабақтар" жобасын қабылдауды тапсырамын. Білім ордаларында суды және қуат көзін үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау ісін дәріптейтін бастамаларды қолға алу қажет. Сондай-ақ оқушылар мен студенттердің экология мәселесіне арналған ғылыми ізденістеріне жан-жақты қолдау көрсету керек. "Таза Қазақстан" халқымызды жаңа сапалық деңгейге көтеретін ұлттық идея болуға тиіс. Оны қоғамда терең орнықтыру үшін мәдениет саласының, әсіресе, креативті индустрияның әлеуетін барынша пайдаланған жөн. Еңбекқорлық, ұқыптылық, адалдық, жасампаздық құндылықтары фильмдер, сериалдар арқылы да насихатталуға тиіс. Бұл жұмыста бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің де мүмкіндігін дұрыс қолдану керек, - деді Мемлекет басшысы.
Президент қазір елімізде түбегейлі өзгерістерді қолға алынып, ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.
- Наурыз айында өткен республикалық референдумда жаңа Конституциямызды қабылдадық. Осылайша, ел тарихының жаңа парағын аштық. Біздің түпкі мақсатымыз - "Заң мен тәртіп" қағидаты берік орныққан қауіпсіз және әділетті қоғам құру. Жас ұрпаққа, яғни сіздерге өркениетті, беделді, дамыған мемлекетті аманат етіп қалдыру. Осы жолда бәріміз табанды еңбек етуіміз керек. Ал Отанға қызмет қарапайым дүниелерден басталады. Тал егу, айналаңды таза ұстау арқылы елге пайдалы болуға, яғни ұлтқа қызмет етуге болады. Мен жастардың, еріктілердің елімізді көркейтуге қосқан орасан зор үлесін жоғары бағалаймын. Адал еңбектеріңізді ерекше құрметке лайық деп санаймын. Тазалық - ең алдымен, ішкі мәдениеттің өлшемі. Ой-ниеті және ары таза адам ешкімге ешқашан қиянат жасамайды, ондай адам елін де сатпайды. Тәртіпке бағынып, түзу жолдан да адаспайды. Айналасына қамқор, жақындарына жанашыр болады. Елдің көшін алға бастап, ұлт сапасын жақсартуға атсалысады. Мен бәріңізді дәл осындай азамат деп есептеймін. Баршаңызға тағы да сәттілік тілеймін! - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысып, Отан алдындағы адалдығын нақты ісімен көрсеткен бір топ азаматты марапаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 20:09 11741
Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық жағдайымен танысып, Есіл өзені бойындағы елді мекендерді әуеден шолып өтті: Николаевка, Покровка, Чириковка, Семипалатное, Боголюбово, Бескөл, Прибрежное, Кожевенный, Подгора, Заречный, Ольшанка, Соколовка, Большая Малышка, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-премьер М. Жұмабаев ауданының Булаево қаласында Орман өрт сөндіру станциясының жұмысымен танысты. Одан кейін Тепличное және Прибрежное ауылдарына барып, қорғаныс бөгеттерін тексерді.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, су тасқыны қаупі бар 112 елді мекен бақылауда. Олардың қауіпсіздігін жалпы ұзындығы 105,4 км болатын 60 бөгет қамтамасыз етеді. Петропавл қаласында екі бөгетті қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды (Кожевенный кенті, Ущев көшесі). Қызылжар ауданында биопруд және жалпы ұзындығы 24,4 км болатын үш бөгет бойынша жобалар аяқталуға жақын. Үкімет қолдауымен Прибрежное және Тепличное ауылдарында темірбетон жабындысын төсеу арқылы қорғаныс бөгетін қайта жаңғыртудың негізгі жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Большая Малышка ауылында ұзындығы 3,9 км болатын жер білігі салынды және қосымша нығайтылды. Прибрежное ауылына апаратын ұзындығы 2,1 км жолды қайта жаңғырту және көпір салу жұмыстары басталды, Соколовка ауылы маңында Есіл өзенінің арнасы түзетілді. Заречный кенті тұрғындарын жоспарлы түрде көшіру жалғасуда - 90 отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Мамыр айында 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталады, биыл тағы бір осындай үйдің құрылысы басталады.
Жоғары тәуекел аймағында Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандары және Петропавл қаласы қалып отыр. Қазіргі уақытта су тасқынының екінші толқынының шарықтау шегі Ғ. Мүсірепов және Шал ақын аудандарында өтуде, ал Петропавл қаласында 30 сәуір-2 мамыр аралығында болжанып отыр.
Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында 24 мың шаршы метрден астам аумақта жарылыс жұмыстары жүргізілді. 23,6 мың тонна инертті материал және 549 мың қап дайындалды. 2 223 адамнан, 1428 техникадан, 476 су сорғыш және 120 жүзу құралынан тұратын күштер мен құралдар дайын. Жалпы сыйымдылығы 15,5 мың адамға арналған 283 уақытша орналастыру пункті әзірленді.
Су режиміне тәулік бойы мониторинг 27 гидрологиялық бекет арқылы жүргізілуде. Облыстың негізгі су артериясы - Есіл өзені 12 гидробекет арқылы бақылауда. 24 сәуірдегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасының толымдылығы 120,58% (көлемі 835,6 млн текше метр). Су деңгейі - 139,16 см, тасу деңгейі - 116 см (тәулігіне +12 см). Петропавл гидроторабындағы су деңгейі 93,08 см (тәулігіне -12 см).
Бүгінгі күнге дейін тұрғын үйлерді су басу деректері тіркелген жоқ. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 4 су асу фактісі тіркелді, алайда елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
Өңірдегі ахуал тұрақты бақылауда, барлық қызметтер өзара үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Қабылданған сақтық шаралары тұрғындардың қауіпсіздігін және су тасқыны кезеңінің бірқалыпты өтуін қамтамасыз етуде. Су тасқыны кезеңі мамыр айының басына қарай қалыпты деңгейде аяқталады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 16:47 30396
Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент елімізде қоғамның барлық саласын қамтыған ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Наурыз айында Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл, ең алдымен, еліміздің келешегі үшін өте маңызды және тарихи қадам болды. Азаматтарымыз, әсіресе, жастарымыз мұны жақсы түсінеді. Олар республикалық референдумға белсене қатысып, Ата заңды қолдап, дауыс берді. Жұртымыз бір қоғам болып жауапкершілік пен отаншылдық рухының озық үлгісін көрсетті. Тұғырына қонған жаңа Конституцияда халқымыздың бірегей болмысы, басты құндылықтары мен биік мақсаттары көрініс тапты. Бүгін осы жиынға ел жастары, білімді, білікті, зияткер азаматтар қатысып отыр. Мен сіздерді Қазақстанның жарқын болашағы деп санаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастап, ұлтымыздың мерейін өсіретініне сенім білдірді.
- Халық Конституциясы - өскелең ұрпаққа жол көрсететін темірқазық. Жаңа Ата заңымыз - Әділетті Қазақстанның мызғымас тұғыры. Заң мен тәртіп қағидаты мемлекетіміздің өзегіне, ұлт санасының арқауына айналды. "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы халқымыздың туған жерге, тұмса табиғатқа деген қамқорлығын күшейтті. Елімізде қоғамдық маңызы бар жұмысты міндет емес, қастерлі парыз санайтын нағыз жанашыр азаматтар көбейді. Біз оларды еріктілер немесе волонтерлер деп атаймыз. Міне, осы құндылықтардың бәрі де Халық Конституциясының преамбуласына арнайы жазылды. Мемлекеттің басты байлығы - адам. Сондықтан адам капиталын дамыту конституциялық міндет ретінде айқындалды. Бас құжатта еліміздің ғылым мен білімге, инновацияға басымдық беретіні нақты көрсетілді, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде әлемнің аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, қазіргідей құбылмалы, дүрбелеңге толы заманда бәсекеге қабілетті ел болып, көш соңында қалмай, өркениетті елге сай өсіп-өркендей беру қажет.
- Елімізде осы бағытта нақты жұмыс істеліп жатыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жаңа технологияларды енгізу үшін заңнамалық негіз жасалып, Цифрлық кодекс қабылданды. "Жасанды интеллект туралы" Заң күшіне енді. Таяу арада Қазақстанның цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітіледі. Бәріңізге белгілі, биыл елімізде - "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы". Сондықтан алдымызда әлі де көп жұмыс бар. Ширақ қимылдап, тұтас қоғам болып табанды еңбек етуіміз керек, - деді Мемлекет басшысы.
Президент цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуы тәсілдерді үнемі жаңартып отыруды талап ететінін атап өтті.
- Есептеуіш инфрақұрылымын ілгерілету маңызды бағыт болып қала береді. Суперкомпьютер кластерінің іске қосылуы еліміздің технологиялық дербестігін нығайтудағы айтулы уақиға болды. Келесі мақсат - елімізде Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру. Аталған ауқымды жобаны іске асыру жаңа инвестиция тартуға және өңірлік цифрлық хаб ретіндегі позициямызды күшейтуге мүмкіндік береді. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу елімізді жан-жақты жаңғыртудың негізгі факторларының бірі саналады. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінен бастап креативті индустрияға дейінгі салаларды қамтиды. Жазда Астанада "Болашақ ойындары" өтеді. Дәстүрлі ережелер мен киберспортты ұштастыратын жарысқа әлемнің 50 елінен мыңға жуық спортшы қатысады. Жаңа спорт түрі озық технологияларды күнделікті тұрмысқа жедел бейімдеуге, ең бастысы, жастар арасында спортты насихаттауға жол ашады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, күзде Қазақстанда Astana AI Film Festival атты тағы бір маңызды халықаралық байқау ұйымдастырылады.
- Бұл креативті индустрияның дамуындағы іргелі өзгерістерді көрсететін жаһандық деңгейдегі алғашқы іс-шара болмақ. Жасанды интеллект шығармашылық табиғатына түбегейлі бетбұрыс әкеледі, өзін танытудың жаңа формаларын ашады әрі таланттардың алдынан шығатын кедергілерді азайтады. Қазақстан осы жаһандық жаңашылдықтардың бел ортасында болуға ұмтылады. Сонымен қатар жасанды интеллект әсерінен креативті индустрия жойылады, қазіргі күйінде сақталмайды деген пессимистік болжамдарды ескеру керек. Сондықтан барлық үрдісті бақылап, өзгерістерге дер кезінде бейімделу қажет. Фестивалді ұйымдастыру Қазақстанды халықаралық аренадағы инновациялар мен жасампаз бастамалар орталықтарының бірі ретінде көрсету үшін өте маңызды, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллектіні жаппай енгізу үдерісі ауқымды өзгерістерге жол ашқанын айтты.
- Сондықтан біз азаматтардың әлеуетін арттыруға, оларға цифрлық дағдыларды үйретуге баса мән беріп отырмыз. Бүгінде 650 мыңнан астам студент Al Sana бағдарламасымен білім алып жатыр. Алдағы уақытта жасанды интеллект және deeptech-технологиясына қатысты тағы да 100 мың маман даярлауымыз керек. Биыл елімізде жаңа үлгідегі технологиялық білім ордасы - Жасанды интеллект университеті ашылады. Бұл ғылым саласы үшін маңызды оқиға болмақ. Енді алдымызда тұрған өзекті міндет: біз осы салада білікті маман даярлау ісіне ерекше көңіл бөлуіміз керек. Дарынды жастарды тартып, оларға сапалы білім беру қажет. Сондай-ақ келешегі зор технологиялық жобалар мен компанияларға қолдау көрсету айрықша маңызды. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесі де еліміз үшін тиімді болары анық, - деді Мемлекет басшысы.
Бүгін екі байқаудың жеңімпаздары марапатталатынын жеткізген Президенттің айтуынша, ұшқыр ой мен терең білім сынға түсетін мұндай додалардың берері мол.
- Мазмұнды әрі тартысты жарыстар арқылы жаңашылдық, ізденімпаздық, жасампаздық құндылықтары кеңінен дәріптеледі. Қоғамда жаңа технологиялық мәдениет қалыптасады. Alem.ai battle сайысына мектеп оқушылары, студенттер, жас ғалымдар және IT саласының мамандары қатысты. Олар өзара тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдау көрсетті. Байқау аясында дарынды азаматтарымыз денсаулық сақтау жүйесі, білім беру саласы және жасанды интеллект модельдерін үйрету мәселесіне қатысты инновациялық шешімдер ұсынды. Сондықтан бұл сайысты озық идеялардың бәсекесі десек, қате болмайды. Осындай шаралар сіздерді кәсіби тұрғыдан шыңдайды, елімізде және әлемде сұранысқа ие болатын маңызды жобаларды іске асыруға жол ашады деп сенемін. AI Governance Cup байқауының да мән-маңызы айрықша. Бұл сайыста жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару ісіне енгізуге арналған іргелі бастамалар ұсынылды. Соның ішінде медициналық куәландыру жүйесін автоматтандыру, интеллектуалдық прокурорлық қадағалау, педагогтерді қолдау жүйелерін ерекше атап өтуге болады. Мұның бәрі идея немесе пилоттық жоба деңгейінде қалып қоймауы керек. Негізгі мақсат - озық идеялар мен бастамаларды мемлекеттік құрылымдардың қызметіне кезең-кезеңімен енгізіп, жұмыстың тиімділігін арттыру. Осыған баса назар аудару қажет. Осындай беделді байқауларда жүлделі болу - шын мәнінде, үлкен жетістік. Сіздердің жеңістеріңіз - үздіксіз ізденіс пен табанды еңбектің жемісі екені сөзсіз. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекет жаңашыл, жасампаз азаматтарға зор үміт артады, әрдайым қолдау көрсетеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы alem.ai battle ұлттық байқауы мен мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
alem.ai battle жарысының жеңімпаздары төрт аталым бойынша анықталды:
- AI Young Talents - ағзадағы глюкоза мөлшерін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі;
- AI Driving Power - мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі;
- AI Innovators - ЖИ арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға арналған Robio диагностикалық қолғабы;
- Future Builders - ЖИ-модельдерін үйретуге қолданылатын сапалы деректерді жинауға және қалыптастыруға арналған NCSPEECH стартап сервисі.
Үздік ЖИ-шешімдер байқауында мемлекеттік органдар арасынан Ішкі істер министрлігі ("AI Қауіпсіздік" аталымы бойынша), Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ("AI Экономика"), Астана қаласының әкімдігі ("AI Әлеуметтік саясат"), Ақмола облысының әкімдігі ("AI Өңір"), Қарағанды облысының әкімдігі ("AI Азаматтарға қызмет") және "KEGOC" АҚ ("AI Квазимемлекеттік сектор") топ жарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 15:50 30151
Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI экожүйесін дамытуға арналған негізі алаң саналатын Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалады.
Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
Жалпы, Орталық Мемлекет басшысының Қазақстанды технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін стратегиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған.
Президент Орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды. Бұл - интеллектуалды қала инфрақұрылымының жаңа буынын қалыптастыратын маңызды бастама. Presight.AI компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам қала жүйелері мен деректерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай АІ-платформаны, сондай-ақ оның шаһарды басқару тиімділігін арттыру барысындағы қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.
Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде таратылмақ.
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты. Бұл мектепте кәмелет жастан асқан, соның ішінде ақпараттық технология саласына жаңа қадам басқан азаматтар тегін білім алады.
Тағы бір білім беру алаңы - цифрлық және шығармашылық дағдыларды меңгергісі келетін 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған TUMO Astana креативті технологиялар орталығы. Мұнда генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын ойлап табу, анимация, 3D-модельдеу, роботты техника, киноөнім және цифрлық музыка секілді 11 техникалық және креативті бағыт бойынша білім беріледі.
Бұдан бөлек, Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады. Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады. Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары-2026" халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты. Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.
Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 15:13 8886
Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI экожүйесін дамытуға арналған негізі алаң саналатын Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалады.
Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
Жалпы, Орталық Мемлекет басшысының Қазақстанды технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін стратегиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған.
Президент Орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды. Бұл - интеллектуалды қала инфрақұрылымының жаңа буынын қалыптастыратын маңызды бастама. Presight.AI компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам қала жүйелері мен деректерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай АІ-платформаны, сондай-ақ оның шаһарды басқару тиімділігін арттыру барысындағы қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.
Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде таратылмақ.
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты. Бұл мектепте кәмелет жастан асқан, соның ішінде ақпараттық технология саласына жаңа қадам басқан азаматтар тегін білім алады.
Тағы бір білім беру алаңы - цифрлық және шығармашылық дағдыларды меңгергісі келетін 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған TUMO Astana креативті технологиялар орталығы. Мұнда генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын ойлап табу, анимация, 3D-модельдеу, роботты техника, киноөнім және цифрлық музыка секілді 11 техникалық және креативті бағыт бойынша білім беріледі.
Бұдан бөлек, Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады. Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады. Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары-2026" халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты. Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.
Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2026, 12:55 29831
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов туризм және спорт министрі, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдері, сондай-ақ Almaty Superski жобасын жүзеге асыруға жауапты Kazakh Tourism Development Ltd басшылығының қатысуымен Алматы тау кластерін (АТК) дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы, жобалардың ағымдағы мәртебесі және АТК дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы баяндамаларды тыңдады.
Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары 73 іс-шараны қамтиды, оның 49-ын биыл жүзеге асыру жоспарлаған. Бірінші кезеңде Шымбұлақты жаңғырту және Бутаковка, Кімасар шатқалдары аймақтарын дамыту көзделген. Екінші кезең 2027 жылы басталады және Пионер, Oi-Qaragai курорттарын дамытуды, сондай-ақ оларды аспалы жол жүйесі арқылы біріктіруді қамтиды.
Kazakh Tourism Development Ltd атқарушы директоры Ержан Еркінбаев Almaty Superski тұжырымдамасында жаяу серуендеушілердің кешенді инфрақұрылымын, заманауи визит-орталықтарын және соқпақтар мен маршрут белгілерінен бастап биік таулы аймақтардағы шұғыл байланысқа, цифрлық навигацияға және күрделілігі әртүрлі деңгейдегі маршруттар каталогтеріне дейін бірыңғай қауіпсіздік жүйесін құруға ерекше мән берілетінін баяндады. Жобаның ерекшелігі Шымбұлақ, Almaty Superski курорттарына және басқа да келешегі зор бағыттарға аспалы жолдардың негізгі көлік торабы болатын бірыңғай вокзал болады.
Қала әкімі Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімдігі атқарып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Шымбұлақты жаңғырту аясында биыл мамыр айында жеті аспалы көпірдің алғашқысының құрылысы басталады. Жыл соңына дейін екі жаңа желіні аяқтау жоспарлануда, оған 5 шақырымнан астам трассаны қосылады (қазіргі жалпы ұзындығы - 18 км). Сондай-ақ Шымбұлақта 2 аспалы жол жаңғыртылады.
Almaty Superski жобасы қазір инженерлік инфрақұрылым дайындап, жабдықтар сатып алуда. Биыл 8 көпір мен су өткізу құрылыстарын салу көзделген. Биылғы маусым айында ұзындығы 6 шақырым автожол құрылысын бастау жоспарланып отыр. Газбен жабдықтау және кәріз желілері 2027 жылы жолмен бір мезгілде салынады. Жалпы, қала әкімдігінің мәлімдеуінше, инженерлік инфрақұрылым мен автожол 2027 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады деп күтілуде.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде өңірде 92,8 млрд теңге болатын 15 іс-шара көзделгенін, оның 83,8 млрд теңгесі жеке инвестициялар екенін баяндады. Oi-Qaragai курортында бүгінде бірқатар жұмыстар орындалды, соның ішінде 10 орындық гондола және 6 орындық аспалы жол, шаңғы трассаларының бірінші кезеңі, параглайдинг алаңы және басқа да нысандар пайдалануға берілді. 2027 жылдың III тоқсанында курортты қосымша электрмен жабдықтау жобасы аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, "Тау-Тұран - Байбұлақ" автомобиль жолын күрделі жөндеу жоспарлануда.
Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан жұмыс қарқыны баяу екенін айтты. Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортының дамуы ерекше бақылауда екені атап өтілді.
Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортын дамыту - экономика үшін туристер ағынын ұлғайтуға және инвесторларды тартуға тікелей ықпал ететін маңызды жобалар. Оларды жүзеге асыру негізсіз созылып бара жатыр. Мемлекеттік органдар бұл жұмысқа толық кіріскен жоқ. Барлық мәселені жедел және бірлесіп шешіңіздер", - деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр бірқатар тапсырма берді. Олар - АТК және Almaty Superski жобалары бойынша мемлекеттік сараптама қорытындыларын уақытында беру; жобаларды ғылыми сүйемелдеу; арнайы және өрт сөндіру техникаларының өтуі үшін қосымша учаскелер бөлу жөнінде шаралар қабылдау; Almaty Superski курортының нысандарын салуды бастау үшін уақытша инфрақұрылым (жолдар, инженерлік желілер және т.б.) жүргізу және қажетті келісімдер беруді қамтамасыз ету.
Жалпы, Алматы тау кластерін және Almaty Superski жобасын дамыту заманауи және қолжетімді тау инфрақұрылымын кеңейтуге, бұқаралық және кәсіби спортты танымал етуге, сондай-ақ жыл бойғы демалысты ынталандыруға бағытталған. Almaty Superski жобасы өңір экономикасы үшін жаңа өсу нүктесіне айналуға, мыңдаған жұмыс орындарын құруға, туристік ағынды ұлғайтуға, Қазақстанның тау туризмінің халықаралық картасындағы позициясын нығайтуға және Алматының Орталық Азияның заманауи туристік орталығы ретінде дамуына жаңа серпін беруге қабілетті.
Тұжырымдаманың маңызды бөлігі балалар мен жасөспірімдерді қысқы спорт түрлерімен, белсенді өмір салтымен және тауда қауіпсіздікті сақтау мәдениетімен таныстыру үшін мектеп және білім беру бағдарламаларын іске қосу болмақ. Кадрларды даярлау мақсатында тау шаңғысы мамандықтары бойынша 350-ге жуық грант бөлу жоспарлануда. Колледждер аспалы жол инженерлерін, көтергіш механиктерді, трассалар мен қар инженерлерін, қар зеңбіректері, қар көшкіні және тағы да басқалар бойынша мамандар даярлауды бастайды.
Жұмыстардың жекелеген бір бағыты - салалық ғылыми институттармен және сар
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2026, 16:41 10811
Аида Балаева "Сириус" федералдық аумағы кеңесінің төрағасымен шығармашылық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Сириус" федералдық аумағы кеңесінің төрағасы Елена Шмелевамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Аида Балаева мәдениет саласына болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың негізі қаланатын шығармашылық мектептермен өзара іс-қимылды жеке пысықтаудың маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары бейнелеу өнері мектебін қалыптастырудың өзектілігіне тоқталып, дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударды. Осыған байланысты аталған бағыт бойынша жазғы мектеп ұйымдастыру қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, Аида Балаева ғылыми-техникалық журнал ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Өз кезегінде Елена Шмелева ынтымақтастықты дамытудың бірқатар бастамасын ортаға салды. Атап айтқанда, балалар арасынан байқау негізінде іріктелетін бірлескен қазақстандық-ресейлік оркестр құру жөніндегі ұсынысын жеткізді. Бұл ұжымның білікті дирижерлердің қатысуымен гастрольдік қызмет жүргізіп, сапалы музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілуі көзделіп отыр.
Кездесу қорытындысында тараптар білім беру және шығармашылық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін растады. Сондай-ақ, дарынды жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.04.2026, 21:57Қазақстан мен Германия "жасыл" стратегиялық серіктестікті нығайтуда: климат, су және орнықты даму 24.04.2026, 14:53 88656Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды27.04.2026, 11:09 55651Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады24.04.2026, 23:47 52141Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды24.04.2026, 22:55 51576СІМ-де ЮНЕП делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындылары талқыланды
10.04.2026, 23:02 726656Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды13.04.2026, 21:35 473431Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 473356Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады473281Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады10.04.2026, 22:00 461991Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

