24.01.2023, 17:05 14006

Президент ҚР жаңа сенаторларын тағайындады

Президент ҚР жаңа сенаторларын тағайындады
Оның ішінде төрт сенатор қайта тағайындалды

Астана. 24 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың 13 депутатының өкілеттігін тоқтату және жаңа сенаторларды тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары:

  • Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың;
  • Владимир Васильевич Волковтың;
  • Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың;
  • Нұртөре Байтілесұлы Жүсіптің;
  • Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның;
  • Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың;
  • Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің;
  • Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың;
  • Дана Өмірбайқызы Нұржігітованың;
  • Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың;
  • Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің;
  • Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың;
  • Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттіктері тоқтатылды.

Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен сенаторлар лауазымына қайта тағайындалды:

  • Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
  • Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
  • Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
  • Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын.

Жаңа сенаторлар:

  • Асанов Жақып Қажманұлы;
  • Больгерт Евгений Андреевич;
  • Кузиев Закиржан Пирмухамедович;
  • Ниязова Нұрия Исмагиловна;
  • Сатвалдиев Алишер Гапиржанович;
  • Шиповских Геннадий Геннадиевич болды.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қаңтарда өткен сайлау нәтижесінде Сенат депутаттарының құрамы 80 пайызға жаңартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны