Система Orphus

Президент шенеуніктердің қос азаматтығы туралы айтты

25.02.2021 16579
Президент шенеуніктердің қос азаматтығы туралы айтты
Нұр-Сұлтан. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысы аясында шенеуніктердің қос азаматтығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған елдердің үлкен тобына жатады. Тиісті норма біздің Конституциямызда бар. Алайда, соңғы уақытта біз тіпті мемлекеттік қызметшілердің де қос азаматтық алу фактілерін жиі тіркейміз. Бұл белгілі себептермен қолайсыз. Бұл проблема өте маңызды, өйткені ол ұлттық қауіпсіздікке қатысты. Мұндай фактілерді тоқтату керек. Өткен жылы Жолдауымда мемлекеттік қызметшілерді, квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларын олардың қос азаматтығы анықталған жағдайда қызметтен босату туралы тапсырма бердім. Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы баяндауды сұраймын. Шамасы, мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті одан әрі күшейту қажет", - деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны