03.04.2023, 12:01 32711

ҚР Қорғаныс министрлігі мен ІІМ басшылары өздерінің министрлік лауазымдарын сақтап қалды

ҚР Қорғаныс министрлігі мен ІІМ басшылары өздерінің министрлік лауазымдарын сақтап қалды
Сурет: Ахметжанов Марат және Жақсылықов Руслан
Тоқаев тиісті Жарлықтарға қол қойды

Астана. 3 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі мен ішкі істер министрін қайта тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
 
Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.
 
И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі (1987 жыл). М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия (1996 жыл). Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстары (2004 жыл). Педагогика ғылымдарының кандидаты.
 
Әскери атағы: генерал-полковник (2022 жыл).
 
Мансап:
 
1987-1988 жж. - Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі.
 
1988-1989 жж. - Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі барлау взводының командирі.
 
1989-1992 жж. - Түркістан әскери округы мотоатқыштар полкі барлау ротасының командирі.
 
1992-1993 жж. - барлау мотоатқыштар полкінің бастығы.
 
1996 ж. - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гвардиялық оқу-жаттығу орталығының барлау бастығы.
 
1996-1997 жж. - Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының штаб бастығы.
 
1997-1998 жж. - Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің полк командирі.
 
1998-2000 жж. - Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері жедел тағайындау полкінің командирі.
 
2000-2004 жж. - Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерді жедел тағайындау бригадасының командирі.
 
2004-2006 жж. - Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының командирі.
 
2006-2007 жж. - Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.
 
2007-2008жж. - қолбасшысының бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бас штабының бастығы.
 
2008-2013 жж. - Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысы.
 
2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.
 
2014-2021 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.
 
2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында - Ішкі істер министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.
 
2022 жылғы 19 қаңтардан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
 
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, делінген Ақорданың сайтында жарияланған ақпаратта.
 
Полиция генерал-полковнигі М.М. Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.
 
1991 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
 
Мансап:
 
Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.
 
1993-1996 жж. - Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
 
1996-1997 жж. - Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
 
1997-1998 жж. - Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
 
1998-2001 жж. - Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
 
2001-2003 жж. - Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
 
2003-2006 жж. - Павлодар облысының прокуроры.
 
2006-2009 жж.- Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
 
2009-2012 жж.-ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
 
2012-2014 жж. - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
 
2014-2016 жж. - Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
 
2016-2021 жж. - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
 
2021 -2022 жж. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.
 
2022 жылдың 25 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны