20.11.2022, 08:25 8596

ҚР ОСК: 10 050 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

ҚР ОСК: 10 050 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
Сурет: ҚР ОСК
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10033 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
 
ҚР ОСК ақпараты бойынша, шетелдегі 51 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі.
 
 
Естеріңізге сала кетейік, республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.
 
86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.
 
Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 08.00-де дауыс беруге кіріседі.
 
Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 11 млн. 950 мың 485.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны