13.09.2022, 15:41 7421

ҚР Президенті Әкімшілігі Конституцияға Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі туралы түзетулерге түсініктеме берді

ҚР Президенті Әкімшілігі Конституцияға Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі туралы түзетулерге түсініктеме берді
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Президент мандатын қайта сайлау құқығынсыз жеті жылға созылатын бір мерзімге шектеуді ұсынды. Мәжіліс депутаттары тиісті түзетулер енгізуді жеделдетуді ұсынды. ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев осы бастамаларды іске асыру үшін енгізілуі қажет болатын Конституцияға енгізілетін түзетулерге түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Олардың (депутаттардың. – Редакцияның ескертпесі) пайымдауынша, жаңа нормаларды президент сайлауына дейін қабылдаған жөн. Әйтпесе, Конституцияның қазіргі ережелері бойынша осы күзде Президент болып сайланатын адамға жеті жылдық мерзімге қайта сайлануға мүмкіндік беретін заңды жағдайлар туындауы мүмкін. Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін Конституцияға түзетулер енгізу қажет. Осыған байланысты, Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен тиісті Заң жобасы әзірленді", - деді Ержан Жиенбаев.

 
Оның айтуынша, Заң жобасында Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі туралы және оның бір реттен артық сайлана алмайтыны жөніндегі нормаларды кейін өзгертуге жол бермейтін ереже енгізу де көзделген.
 
Бір адамның бір рет қана сайланатыны туралы норма Конституцияға енгізілетін түзету күшіне енгеннен кейінгі президент сайлауында Мемлекет басшысы болып сайланатын адамдарға қолданылатын болады.
 

Конституцияға түзетулер алдағы сайлауға және Президент жеті жылдық мерзімге сайланғанға дейін қабылданса, осы жолы Президент атанатын азамат үшін және одан кейінгі барлық Мемлекет басшылары үшін президент сайлауына қайта қатысу мүмкіндігі заңмен шектеледі", - деп түсіндірді ол.

 
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі белгіленуіне байланысты осы заң жобасында Конституциялық Сот судьяларының қызмет мерзімін алты жылдан сегіз жылға ұзарту ұсынылғанын хабарлады. Олар да бұл лауазымға қайта тағайындалмайтын болады.
 

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі оларды тағайындайтын тұлғалардың, яғни Президенттің және Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімінен ұзағырақ болады. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі олардың түрлі саяси күштердің ықпалынан тәуелсіз болуына басты кепілдік болып саналады. Конституциялық Сот 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды. Сондықтан, оның судьяларының өкілеттік мерзімін ұлғайту туралы шешімді қазірден-ақ қабылдаған маңызды болмақ", - деді Ержан Жиенбаев.

 
Ол Ата заңымыздың 91-бабының 3-тармағына сәйкес заң жобасы Конституциялық Кеңеске жолданғанын атап өтті. Кеңес Негізгі заңға енгізілгелі отырған түзетулердің Конституцияның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігіне қорытынды береді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны