12.05.2022, 15:36 31281

Референдум өткізуге 16 миллиардтан астам теңге бөлінеді

Референдум өткізуге 16 миллиардтан астам теңге бөлінеді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 12 МАМЫР - Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті. 
 

Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есептеулерді ұсынды. Бүгін үкімет қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді", деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

 
Еске салсақ, 2022 жылғы 5 мамырда ҚР Парламенті референдум туралы заңға түзетулер қабылдаған болатын. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум 5 маусымға қойылғаны туралы Жарлыққа қол қойды.
 
6 мамырда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумның қалай өтетінін айтты.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны