18.05.2022, 15:44 21741

Сатып алушыларға жүктелген автосалондардың қосымша қызметтері заңсыз деп танылды - Алматы прокуратурасы

Сатып алушыларға жүктелген автосалондардың қосымша қызметтері заңсыз деп танылды - Алматы прокуратурасы
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 18 МАМЫР - Алматы қаласының прокуратурасы ағымдағы жылдың ақпан айында автосалондардың қосымша қызметтерді, сондай-ақ жаңа автокөліктерді сатып алу кезінде аксессуарларды құру заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Прокурорлар автосалондардың мұндай әрекеті заңға қайшы екенін анықтады. Автосалондар көліктерді сатқанда шын мәнінде бұл қызметтер мен керек-жарақтарды тұтынушыларға жүктейді", - делінген ведомство сайтында

 
Прокуратурада, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабына сәйкес, cатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс екенін еске салды. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға тиісті сападағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыға ыңғайлы уақытта еркін таңдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны қажетсіз мөлшерде және (немесе) ассортиментте өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады.
 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 05.03.2022 ж қадағалау органы Алматы қаласы Бәсекелестікті дамыту және қорғау департаментіне заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді", - деп хабарлады қалалық прокуратура. 

 
Қазіргі уақытта уәкілетті орган жаңа автокөліктерді сату бойынша дилерлік орталықтардың тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне талдау жасауды аяқтауда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны