22.11.2022, 11:30 26056
Сайлаудың соңғы қорытындысы: Тоқаев 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті
Достарға айту
Астана. 22 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашада өткен Президент сайлауының соңғы қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров жалпы сайлауға 8,3 млн-нан астам сайлаушы қатысқанын, бұл 69,44% -ды құрайтынын қорытындылады.
ОСК деректері бойынша, сайлаушылардың дауыстары келесідей бөлінді:
- Қарақат Әбденге 2,6% дауыс берді;
- Нұрлан Әуесбаевқа - 2,22%;
- Жигули Дайрабаевқа - 3,42%;
- Мейрам Қажыкенге - 2,53%;
- Қасым-Жомарт Тоқаевқа - 81,31%;
- Салтанат Тұрсынбековаға - 2,12%;
- "Барлығына қарсы" - 5,8% дауыс берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.
20 қараша, жексенбі күні Қазақстанда жаңартылған Конституцияға сәйкес кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Тұңғыш рет Мемлекет басшысы қайта сайлану құқығынсыз бір жеті жылдық мерзімге сайланды.
Нақтыланған тізімдерге сәйкес, ҚР азаматтарының жалпы саны 11 953 465 адамды құрады. 8 300 046 адам немесе 69,44% сайлау бюллетеньдерін алды.
Жоғары лауазымға алты кандидат үміткер болды, оның ішінде: қазіргі Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - "AMANAT" партиясы, "Қазақстан Халық партиясы", "Ақ жол" ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды; Қажыкен Мейрам Зекешұлы - "Аманат" Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы" ұсынды; Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы - "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды; Әбден Қарақат Жақсылыққызы - "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды; Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы - "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды; Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы - "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
Биыл бюллетеньдерде "бәріне қарсы" деген графасы пайда болды.
Халықаралық миссиялар Қазақстанда өткен Президенттік сайлауға баға берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.02.2023, 15:33 5991
SCAT басшысы Тоқаевқа әуе компания жұмысының нәтижелері туралы баяндады
Мемлекет басшысына 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді
Достарға айту
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді.
Бұдан бөлек, Президентке Шымкент әуежайындағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев SCAT әуе компаниясының қызметіне оң баға беріп, оның даму стратегиясын қолдады.
Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 14:22 6161
AMANAT-та елорданың "бей-берекет" құрылысы бақылауға алынды
Сурет: Amanat
Достарға айту
Мысалы, Astana Mall СОО маңына 15-тен астам тұрғын үй кешені салынды және бірде-бір мектеп жоқ
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - "AMANAT" партиясының мүшелері латифундистерден жерді тәркілеу процесін бақылауда ұстайды. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді.
Ол қазіргі уақытта мемлекетке Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын атап өтті. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс барысында Болат Назарбаевқа тиесілі жалпы аумағы 244 гектар болатын 59 жер телімі анықталған еді.
"АМАNАТ" партиясының Қоғамдық алаң ретінде әрбір азаматтың еншісі болып табылатын ұлттық байлықты мемлекетке қайтару басты миссиясы деп білеміз! "Бармақ басты, көз қыстымен" жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз. Мәртебелі фамилияға, "бұрынғы еңбегіңізге", қалтаңыздың қалыңдығына қарамаймыз. Халықтың меншігіне қол салдыңыз ба? Қайтарасыз. Алмақтың да салмағы бар және ол ауыр", - деді Ерлан Саиров.
Сондай-ақ, жиын барысында партиялықтар Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйін және партияның сайлауалды уәделерін жүзеге асыру жұмысын қарады.
Кеңес мүшелері соңғы үш жылда Астана қаласындағы жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты талдады. Көрсетілген кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 203 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді. Олардың негізгі бөлігі парақорлық - 147, ұрлық - 47 және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланудың 9 фактісі тіркелді.
Кеңес төрағасының орынбасары Ғалым Байтоқ атап өткендей, жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында формализм орын алуда. Атап айтқанда, елорда әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия 2021 жылы 1 отырыс қана өткізсе, ал 2020 жылы бірде-бір жиын болмаған.
Елордадағы жергілікті атқарушы органдардың жүктелген міндетті орындау кезіндегі жауапкершілігі төмен екенін атап өту қажет. Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі істердің жай-күйін зерделеу барысында Кеңестің жұмыс тобы сұратқан ақпаратты Алматы ауданының әкімдігі және құрылыс басқармасы мүлдем бермеген. Сондай-ақ, елорданың аудандық әкімдіктерінің ресми сайтын зерделеу кезінде олардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етпегені анықталды", - деді Ғалым Байтоқ.
Кеңес төрағасының орынбасары жұртшылықтың шағымын тудырып отырған елордадағы құрылыс мәселелеріне жеке тоқталды.
Елордада бей-берекет құрылыс жалғасуда. Мысалы, Astana Mall СОО маңына 15-тен астам тұрғын үй кешені салынды және бірде-бір мектеп жоқ. Бұл әкімдіктің әлеуметтік нысандарды: балабақшаларды, мектептерді, емханаларды салу процесін мүлдем қадағаламай, үйлер салуға рұқсат беретіндігін айғақтайды. Бұл процесс мүлдем реттелмеген, қажет жерге мектеп салынбаған", - деп атап өтті ол.
Айта кету керек, партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында екі жыл ішінде Астанада 19 мектеп, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 21 медицина нысаны, 400 мың шаршы метрден астам коммерциялық үй-жай салынды. Тек 2022 жылы 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Еске сала кетейік, кеше елорданы дамытуға арналған отырыста Президент Тоқаев Астананы абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы қалалық ортаны дамыту тұжырымдамасын қайта қарауды, паркингсіз үйлер салуды, әлемнің үздік архитектуралық шешімдері есебінен елорданың эстетикалық келбетін сақтауды, сондай-ақ қаланы көгалдандыруды және стихиялық қоқыс орындарды жоюды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 09:58 8176
Антикор: Семей кәсіпкерлеріне жылу жүйесіне қосылудан заңсыз бас тартылды
"Теплокоммунэнерго" МКК жылумен жабдықтау желісіне қосуға техникалық шарттар беруден заңсыз бас тартқан
Достарға айту
Семей. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері "жылу берушілер" тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мәселен, бизнесмендердің өтініштерін зерделеу барысында "Теплокоммунэнерго" МКК екі жыл бойы құрылыс объектілерін қаланың жылумен жабдықтау желісіне қосуға техникалық шарттар беруден заңсыз бас тартқаны анықталды. Бас тартуға қалалық жылу желісінің өткізу қабілетінің болмауы деген себеп болған. Бұл ретте, материалдарды зерделеу барысында "Теплокоммунэнерго" кейінірек жүгінген басқа кәсіпкерлерге жылуға қосылуға рұқсат бергені анықталды", - деп хабарлады Антикор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кәсіпорын басшылығымен және өтініш білдірген кәсіпкерлермен көшпелі кездесу өткізді.
Екі күннен кейін Теплокоммунэнерго дәріханаға және азық-түлік дүкеніне жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық шарттар берді", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 18:32 16531
Мусин: Біз тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуге міндеттіміз
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бұл мәселе тек ауылдарда ғана емес, Астананың сол жағалауының орталық көшелерінде де өткір тұр
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ЦДИАӨМ министрі Бағдат Мусин байланыс сапасының проблемалық мәселелері бойынша байланыс операторларымен жиын өткізді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство басшысының айтуынша, байланыс сапасына тұрғындардың шағымдары арта түсуде.
Бүгінгі таңда интернет - бұл әлеуметтік қажеттілік, оны адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі деп айтуға болады. Біз тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуге міндеттіміз", - деді Бағдат Мусин.
Министр бұл мәселе тек ауылдарда ғана емес, Астананың сол жағалауының орталық көшелерінде де өткір тұрғанын атап өтті.
Жұртшылық бостан бос шағымданбайды. Астанадағы Тұран даңғылына шықсақ байланыстан ажырап қалатын кездер болады. Манхэттен, SAT City тұрғын үй кешені және КАЗГЮУ аумағында байланыс сапасы нашар. Сіздер бұл жақта көп қабатты үйлердің көп емес екенін түсінулеріңіз керек. Бұл мәселені бірлесіп шешуіміз керек", - деп атап өтті Мусин.
Бағдат Мусин өзара іс-қимылды күшейтуді және техникалық қызмет басшыларымен, құрылыс компанияларымен, жер иелерімен тығыз байланыс орнатуды және жағдайды үнемі бақылауды тапсырды. Оның айтуынша, проблемалық жер учаскелерін анықтап, әкімдікпен бірге мәселені сол жерде шешу қажет. Министр операторларды байланыс сапасына қатысты мәселелерді уақытылы шешуді тапсырды.
Біз реттеуші ұйым ретінде айыппұлдарды салуды тоқтатпаймыз, алайда бірақ менің ойымша, бұған басқаша бағытта қарау керекпіз. Яғни, келіссөздерге келіп, әр тақырып пен бағыт бойынша мәселелерді бірлесе шешуіміз керек", - деп қорытындылады өз сөзін Бағдат Мусин.
Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алқасының отырысында Мусинді Қазақстандағы интернет сапасының төмендігі үшін сынға алған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 16:10 16896
Тоқаев Астананы дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді
Достарға айту
Тапсырмалар қатарында: ЖЭО-3 бірінші кезегін іске қосу, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, Астананы газбен және сумен жабдықтау, қоғамдық көлікті дамыту және т.б.
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Астана қаласын дамытудың басым міндеті инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту болып табылады, деп мәлімдеді бүгін елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Ақорда.
Урбанизация үдерісінің қазіргі қарқыны сақталатын болса, елорда халқының саны 2030 жылға қарай екі миллион адамға жетуі мүмкін.
Қала тез үлкейіп келеді. Сол себепті қазіргі таңда Бас жоспарға қойылатын талаптар жиі бұзылады. Сондықтан инженерлік инфрақұрылымды кешенді түрде дамыту - басты міндет. Алайда бұл бағытта бірқатар мәселе бар. Атап айтқанда, әкімдік ЖЭС-3-ті пайдалануға бере алмай келе жатқанына 10 жылдан асты. Жобаны аяқтау мерзімі бірнеше рет шегерілді. Бұл оның 53 миллиард теңгеге қымбаттауына себеп болды. Аталған мәселе 2019 жылы көтерілді. Бірақ нысанның әзірлік деңгейі бұрынғыдай 83 пайызды құрап отыр. Нәтижесінде, қазір елорда 300 гигакалорийден астам жылу энергиясы тапшылығынан зардап шегіп отыр. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, жыл соңына дейін ЖЭС-3-тің бірінші кезеңінің іске қосылуын қамтамасыз етуге және екі газ қазандығының құрылысын аяқтауға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
Президент аса маңызды міндеттерге - электр қуатымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мен қаланы газбен қамту мәселесіне назар аударды.
2019 жылы "Сарыарқа" магистральді газ құбырының бірінші кезеңі аяқталды. Әкімдіктің міндеті - 300 мыңнан астам адам тұратын тұрғын үй алаптарына газ жеткізу. Қазіргі таңда небәрі 8 мыңға жуық абонент газға қосылған. Газбен қамту қарқынының баяу болуы салдарынан экология бүлінеді. Аязды күндері пешпен жылытылатын үйлердің түтіні қаланы басып қалады. Елорданы газбен қамту ісін аяқтау жөнінде бұған дейін бірнеше рет тапсырма бердім. Бірақ оның орындалу мерзімі үнемі кейінге шегеріледі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, газ желісіне қосылу шығыны азаматтарымыз үшін қымбатқа түсіп жатыр. Құны екі миллион теңгеге дейін барады. Мұндай жағдай барлық аймақта байқалады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне Үкіметпен бірлесіп, халық үшін газға қосылудың тиімді әрі ашық бағасын бекіту жөнінде нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысы саласында қордаланған мәселе көп.
Төрт мыңға жуық үлескердің мәселесі әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей тұр. Әкімдік пен Үкімет бұл мәселені жылдың соңына дейін шешуге тиіс. Сонымен қатар заңнамалық базаның осалдығы салдарынан қалада жаңа түйткілді нысандар пайда болуы мүмкін. Қазір Астанада рұқсат етілген құжаттары жоқ 90-нан астам тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс компаниялары жай ғана мардымсыз айыппұл төлеп, азаматтардан ақша тартуын қояр емес. Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатқаны жөн. Құрылыс компанияларының заңды белден басып, үлескерлерден ақша тартуына жол беруге болмайды. Бұл жұмысқа Қаржылық мониторинг агенттігі атсалысуға тиіс", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жер телімін бөлу жұмыстарының ашық болмауына қатысты өкілетті органдарға арыз-шағым көп түсетінін атап өтті. Әңгіме белгілі құрылыс компанияларына жасалатын "айрықша" жағдай туралы болып отыр. Мемлекет басшысы бұл процестің түгелдей ашық болуы керек екенін айтып, жерді цифрлық сервистер арқылы және конкурс негізінде бөлуді тапсырды. Сонымен қатар Астананың көлік жүйесін дамыту мәселесіне де тоқталды.
Автокөлік саны жыл сайын көбейіп жатыр. Сол себепті көлік кептелісі өте күрделі мәселеге айналды. Бұл, тіпті, қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызып отыр. Мысалы, Мәңгілік ел даңғылы кептелістен көз ашпайды. Тәуелсіздік даңғылында салынып жатқан көпірдің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Сонымен қатар кіші айналма жолдың (46 шақырым) құрылысы созылып кетті. Оның үстіне жаңа тұрғын үй кешендерін салғанда, жол мәселесі толыққанды ескерілмейді. Бір сөзбен айтқанда, көлік саласын дамыту жұмысы ақсап тұр", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімдігіне LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтауды тапсырды.
Мен бұрын да айттым. LRT жобасы, негізінен, қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ. Бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал балама жобалар жоқ", - деді Мемлекет басшысы.
Президент Қаланы дамыту тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынды. Оның пікірінше, қазір Астанада саябақтар жетіспейді, тұрғындар серуенге шығатын, демалатын орындар аз. Бірақ қала әкімдігі мұны ескермей, құрылысқа рұқсат береді. Саябақтарды, жаяу адамға арналған көшелерді көбейту қажет.
Қазір Есілдің жағасына дұрыс көңіл бөлінбей отыр. Мысалы, көрші елдегі Қазан қаласының тәжірибесін зерттеп көруге болады. Бұл қаланың көшелері, саябақтары және жағалау алаңдары өте әдемі және тартымды. Біздің мақсатымыз - елордамызды жылдың кез келген мезгілінде халқымызға және шетел адамдарына барынша қолайлы ету, Астананың келбетін мейлінше жақсарту. Өзенге жаяу адам жүретін көпірлер салу керек. Мұндай өткел, әсіресе, қазір салынып жатқан Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің маңайына қажет. Көлік жүруге болмайтын көшелер жөнінде талай рет айтылды. Бірақ қалада ондай бір де бір көше салынған жоқ. Жалпы, әлемдік тәжірибеде дәл осындай көшелер көптеп салынады. Бұл мәселені мұқият ойластыру керек. Білікті мамандарды тартып, оңтайлы шешім қабылдауға болады. Мысалы, бізде ЭКСПО аумағы бар. Бір қарағанда, өте әдемі жер. Бірақ қаңырап бос жатыр. Шын мәнінде, оған жан бітіріп, жұрт жаппай демалатын орынға айналдыруға болады. Қоғамдық кеңістікті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдаған жөн", - деді Президент.
Сонымен қатар қаланың келбетін сақтап қалу және қаладағы орынсыз құрылыс жұмыстары көбейіп кеткені жайында айтылды. Көлік тұрағы жоқ үйлердің көптеп салынуы тағы бір маңызды мәселе ретінде атап өтілді.
Қазір жұрт балаларын сыртқа шығарудан қорқады. Өйткені ауланың бәрі автокөлікке толып тұр. Бұдан былай көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек. Үкіметке нақты шешім қабылдауды тапсырамын. Сондай-ақ Министрліктер үйінің маңында автотұрақ тапшы. Жұрт көлігін қайда қоярын білмей әуре-сарсаңға түседі. Тіпті, көліктерін жақын жердегі үйлердің ауласына қоюға мәжбүр болады. Бұл тұрғындарға үлкен қолайсыздық тудыратыны түсінікті. Бас прокуратура және "Жусан банкі" ғимаратының ортасында бос жер бар. Жоғарғы Сот ғимаратының артындағы алаң да бос жатыр. Әкімдікке осы екі жердің біріне көп қабатты жабық паркинг және жаяу адам өтетін көпір салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қаланың абаттандырылу, көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ қала ішіндегі қардың уақтылы шығарылмау мәселелерін сынға алды. Оның айтуынша, қар жауып, боран соқса, тұрғындар қарға малтығып жатады. Жақында Астана көшелері бірнеше күн бойы кәдімгі мұз айдынға айналды. Қаланы көгалдандыру ісінің біртұтас тұжырымдамасы да жоқ.
Әр аудандық әкімдік өз білгенімен әрекет жасайды. Шаһардағы жасыл желектің саны мен сапасы туралы нақты мәлімет жоқ. Яғни, жүйелі жұмыс жүргізілмейді. "Астана-көгалдандыру құрылысына" қарасты тәлімбақтың мүмкіндігі толық қолданылмай отыр. Дұрыс күтім болмаған соң, қала аумағындағы көшеттер қурап жатыр. Көгалдандыру кезінде отырғызылатын жасыл желектің 10 пайызы ғана - көпжылдық өсімдіктер. Бір маусымдық гүлдерге жыл сайын шығындану - қаржыны желге шашу деген сөз. Әкімдікке үш жылдың ішінде көпжылдық өсімдіктердің үлесін кемінде 50 пайызға жеткізуді тапсырамын. Сіздерге нақты міндет қоямын: алдағы бес жылда елордамыз жасыл шаһарға айналуы керек", - деді Президент.
Мемлекет басшысы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән беру қажет екенін айтты. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, қаладағы жастармен жұмысты күшейтуі қажет. Сондай-ақ қалада медициналық қызметтің сапасына және оның қолжетімді болуына қатысты шағым көп екеніне назар аударды.
Елорда тұрғындарының саны соңғы 10 жылда 2,5 есе өсті. Медицина инфрақұрылымы бұл қарқынға ілесе алмай жатыр. Емханаларда кезек көп. Перзентханаларда орын тапшы. Ондағы жүктеме қалыпты нормадан 68 пайызға артық. Сондай-ақ кейбір ауруханада санитарлық талаптар сақталмайды. Балалар емханасындағы қабылдау бөлмелері заман талабына сай емес. Қалада балаларға арналған жалғыз травматология пункті бар. Жарақат алған балалар сол жерде ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болады. №3 көпсалалы балалар ауруханасы тек инфекциялық аурулардан емдейді. Онда хирургия, офтальмология және травматология бөлімдері жұмыс істемейді. Елорда үшін бұл - ұят нәрсе. Денсаулық сақтау министрлігі қала әкімдігімен бірлесіп, балалар медицинасына қатысты мәселенің бәрін шешуі қажет", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана дарынды және зиялы азаматтар шоғырланған орталыққа айналуға тиіс деп есептейді. Бірақ бұған кедергі болып отырған жайттар бар. Соның бірі - балабақшадағы және мектептегі орын тапшылығы. Қазір балабақша кезегінде 45 мың бала тұр.
Астанада білім ошақтарының құрылысы баяу жүріп жатыр. Былтыр небәрі 3 мектеп салынды. 8 мектеп дер кезінде пайдалануға берілмеді. Соның кесірінен бала саны артық және үш ауысыммен оқытатын мектептер көбейді. Кей сыныптарда 30-дан астам бала оқиды. Бұл, әрине, білім сапасына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектептерде орын жетіспейді. Әкімдік Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, мұның бәрін шешуге баса мән беруі керек. Жалпы, мектеп салу мәселесі бұл - стратегиялық міндет. Оны орындау үшін мемлекет қана емес, қалталы азаматтар да белсене атсалысуы керек. Мен бұл мәселені осыған дейін де талай рет айттым. Бірақ ниеті бар азаматтарды және нақты іс-әрекетті әзірге көріп отырған жоқпыз. Жалпы, жеке қаржыға мектеп салудың жолдарын ойластырған жөн. Сонымен қатар педагог мамандардың тапшылығын толығымен жою - маңызды міндет. Ұстаздардың біліктілігін арттыру мәселесі басты назарда болуға тиіс. Жалпы, қаланың білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтерген жөн. Әзірге бұл бағытта айтарлықтай ештеңе жасалып жатқан жоқ", - деді Мемлекет басшысы.
Президент Астананың және Астана агломерациясының экономикалық әлеуетін жүйелі түрде арттыру қажет деп пайымдайды. Елорданың қарқынды экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын қайта қарау керек.
Өңдеу өнеркәсібін, ІТ секторды және жаңа технологияларды дамытуға баса назар аудара отырып, арнайы экономикалық аймақ жұмысын қайта ұйымдастыратын уақыт жетті. Сапалы жұмыс орындарын ашу керек. Ол үшін тиісті инфрақұрылым қажет. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыс көңіл көншітпейді. №1 Индустриялды парктің іші 95 пайыз толғанымен, әкімдік оның инфрақұрылымын он жылдан бері аяқтай алмай келеді. Бұл мәселе көптен бері көтерілгенімен, әлі нәтиже жоқ. Мысалы, "Selena Insulations" ЖШС-нің құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыты алты жылдан бері жылу желілеріне қосыла алмай келеді. Оның үстіне 2017 жылдан бері әкімдік №2 Индустриялды паркке коммуникация жүргізбеген. Тіпті жобалық-сметалық құжаттамасы да жоқ. Шын мәнінде, бүгінде әлеуетті инвесторлар сұраншақтың күйін кешіп отыр. Қолын бір сілтеп, кетіп қалатыны содан. Нәтижесінде, Астана ірі көлемдегі инвестициядан қағылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, қаладағы өте өзекті мәселе - инфляцияның жоғары болуы. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бағаның қымбаттауы 23 пайызға жеткен. Бұл - республикадағы ең нашар көрсеткіштердің бірі. Астанада азық-түлік бір жылда, орта есеппен, 25 пайызға қымбаттады. Әкімдік тұрақтандыру қорында резерв жинауды қойып, "айналым схемасы" аясында сауда желілеріне жеңілдікпен зайым беруге көшті. 14 миллиард теңге бөлінген. Бұл - өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Қабылданған шаралардың тиімсіз екені анық. Жылдар бойы елорданың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтылды, бірақ бұл жұмыс орындалмады. Астана азық-түлікті Алматыдан 4 есе, ал Шымкенттен 2 есе аз өндіреді. Жалпы, барлық өңірмен салыстырғанда, қала бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында тұр. Кейінгі 8 жылда елордаға әкелінетін азық-түлік импорты 3 есеге артты. Негізінен осы жерде шығаруға болатын өнімдер туралы сөз болып отыр. Бұл ретте жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындары тек жарым-жартылай жұмыс істеп тұр. Көкөніс сақтайтын қойманың жетіспеуі салдарынан жағдай қиындап отыр. Сондықтан 2025 жылға дейін қалада 13 мың тоннадан астам көкөніс сақтайтын қоймалар салу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдағаны жөн", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана агломерациясын жүйелі дамытуды стратегиялық маңызды бағыт ретінде атап өтті. Елорда мен қала маңы арасындағы тығыз сауда-экономикалық, көлік-логистикалық кооперацияны ынталандыру қажет екені айтылды. Жаңа өндірістік кәсіпорындар мен инфрақұрылымдық нысандарды орналастыру елорда іргесіндегі ауылдардың әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Бұл Астана қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрмыс деңгейіндегі алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.
Астананың және Ақмола облысының әкімдері қала маңындағы аудандарда тұратын жұрттың әл-ауқатын арттыруға күш салуы керек. Астана агломерациясы инвестиция тартуға, инновацияларды енгізуге және білікті мамандардың еңбек етуіне барынша ыңғайлы болуға тиіс. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Әлем экономикасында түбегейлі өзгерістер болып жатқан қазіргі кезеңде бұл - өте өзекті мәселе. Біз осы тарихи мүмкіндікті пайдаланып, елорда аймағын еліміздің экономикалық тірегіне айналдыруымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.
Президент елордамыз дамудың жаңа үлгісіне көшуге, Астана инновациялық шаһар болуға тиіс екенін атап өтті. Әлемде қаланы басқарудың жаңа цифрлық тәсілдері қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Біз де бұған баса назар аударуымыз керек.
Мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 компаниясының басшыларымен арнайы кездестім. Бұл компания жасанды интеллектіні дамыту ісінде көш бастап отыр. Олар "ақылды қала" жобасы аясында осы саладағы озық тәжірибесін бізге ұсынуға дайын. Әкімдікке Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты дереу қолға алуды тапсырамын. Жалпы, ІТ-бизнес өкілдерін және осы саладағы білікті мамандарды тарту қажет. Сол арқылы бас қаламыз аймақтың "Digital nomads" орталығына айналмақ. Біз Астананы жасампаз, жайлы және таза қала қағидасына сәйкес дамытуымыз керек. Әлемдегі барлық озық тәжірибені тиімді пайдалануымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, елорданы тез арада жаңғыртып, қаланың даму стратегиясын қайта қарау керек.
Құжатта қаланы кешенді түрде дамытудың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілуге тиіс. Әкімдікке арнайы қоғамдық тыңдау өткізіп, қаланың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Сосын Үкімет оны жыл соңына дейін мақұлдауы керек. Президент Әкімшілігі жұмыстың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауға алады", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 14:06 17091
Ақпарат министрі қазақстандық журналистерге жасалған шабуылдарға қатысты пікір білдірді
АҚДМ қазақстандық журналистерге жасалған шабуылдарды тергеуді бақылауда ұстайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне жасалған түрлі шабуылдар туралы пікір білдірді.
"Қыркүйек айынан бері 6 рет арнайы мәлімдеме жасадым. Ақтөбедегі оқиғадан бастап журналистердің құқығын қорғауға, оларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенімізді айттық. Ол туралы әлеуметтік желіде де, жеке өз аккаунттарымда да баяндадым. Сонымен қатар, ол журналистермен кезедстім, сөйлестім. Мысалы, Самал Ибраевамен әңгімелестік. Сол сияқты Гүлжан Ерғалиевамен кездесіп, басқаларға да қолдау көрсетуге әзір екенімізді жеткіздік. Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берді. Сол бойынша кейбір күдіктілер ұсталып жатыр. Сондықтан өз бақылауымызда ұстап отырмыз. Әр уақытта журналистердің жағында және оларды қолдауға әзір екенімді тағы да айтқым келеді", - деді ол.
Министр журналист Динара Егеубаеваға жасалған шабуылдың тапсырыс берушілері туралы да пайымын айтты.
"Ол бойынша қазір тергеу жүріп жатыр. Жақында қорытындысы айтылады деп ойлаймын. Жалпы 5 адамды тапты. Бірақ оларға тапсырыс беруші кім? Бұл жөнінде Мемлекет басшысы да анықтап айтты. Тек қана орындаушылар емес, бұларға тапсырыс берушілерді де анықтау керек. Мұнымен құқық қорғау органдары айналысады. Сондықтан жақында жауабын білесіздер деп ойлаймын", - деді Дархан Қыдырәлі.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырған болатын.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 12:55 16701
Нұркен Шәрбиев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін "АМАНАТ" партиясы "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы қызметін атқарды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұркен Шәрбиев 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы шаруа қожалығының бас экономисті болып бастаған.
2000-2002 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті, Стратегия және мемлекеттік реттеу департаменті, Индикативтік жоспарлау және экономикалық талдау басқармасының жетекші, бас маманы болып жұмыс істеді.
2002-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2011-2012 жылдары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.
2012-2013 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссия Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары (Мәскеу қ.).
2013-2014 жылдары - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры.
2014-2017 жылдары жеке меншік ұйымда жұмыс істеді.
2017-2018 жылдары "ҚазАгроҚаржы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2018-2020 жылдары - "Тараз" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы.
2020-2022 жылдары - "Атамекен" ҰКП басқарушы директоры - департамент директоры.
2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін "АМАНАТ" партиясы "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы қызметін атқарды.
31.01.2023, 15.05 толықтырылды
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Галидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында туған.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы Су қорын қорғау және мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманының м. а. болып бастады.
2003-2008 жылдары - Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы Су қорын қорғау және мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы.
2008 жылы "СК Алатау" АҚ Атырау филиалы директорының орынбасары болды.
2009-2020 жылдары Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2020-2022 жылдары - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы, Атырау қаласы.
2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы болды.
Бұған дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 12:38 17596
Қазақстанда балалар азаматтық ауыстырған кезде Ұлттық қордан ақша алмайды
Бұл ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін бала 18-ге толған кезде азаматтығын ауыстырса, не болатынын айтты.
Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты ол алмайды. Бұл ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі. Ұлттық қордағы шотынан ақша алғанда оған салық салынбайды", - деді Әлібек Қуантыров.
Оның айтуынша, 18 жасқа толған бала шотындағы ақшаны алғанда салық салынбайды. Механизм дайын. Қаржы министрлігі ережелерін дайындап жатыр.
Сонымен қатар, ол Ұлттық қордан бала шотына ақша аудару ережелері қашан бекітілетінін де айтты.
2024 жылдан бастап осы тетік іске асады. Жүйеде болған 18 жасқа дейінгі балаларға жылдық қорытынды бойынша тиісті инвестициялық кірістің 50 пайызы түседі. Осы 50 пайыз әр балаға үлестіріледі. Жалпы 6,5 млн бала 18 жасқа толғанша осы жүйеде болады. Мысалы, инвестициялық кіріс теріс болса, не болатынын да талқыладық. Тек бір жылдың кірісін ғана қарамаймыз. Біз орташа 18 жылдағы кірісті аламыз. Себебі, біздің мониторинг бойынша 18 жылдың ішіндегі әр кезеңде кіріс оң болуы керек. Сол себепті осы механизм бойынша жұмыс істейміз", - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Ұлттық қордан қазақстандық балаларға есептеулер доллармен жүргізілетін болады.
Ұлттық банк пен Үкіметтің есептеулері бойынша, елімізде жыл сайын орта есеппен 400 мың бала туатынын ескерсек, 18 жасқа толуына орай жеке шотта кемінде 3 мың доллар жинақталатын болады.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
01.02.2023, 09:58Антикор: Семей кәсіпкерлеріне жылу жүйесіне қосылудан заңсыз бас тартылды 01.02.2023, 10:39 7821Қаңтар айында теңге бір доллар үшін 460,52 теңгеге дейін нығайды01.02.2023, 11:36 7016Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады01.02.2023, 11:47 6881Экология экс-министрі Брекешев ҚМГ төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды01.02.2023, 12:34 6706Авиаотынға монополиялық жоғары баға белгілегені үшін Қарағанды әуежайынан 80 млн теңгеден астам теңге өндірілді
26.01.2023, 11:42 59091Алматының Әуезов ауданындағы су құбыры және кәріз желілерінің тозуы 80%-дан асады26.01.2023, 13:29 58731Теміртауда ЖЭО-2-де қазандық қондырғылары жөндеу жұмыстарына тоқтатылды26.01.2023, 09:18 57886Экология министрлігі 1815 киік атуға рұқсат бермекші27.01.2023, 13:52 54991Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады27.01.2023, 13:36 54911Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу қағидалары өзгереді
12.01.2023, 12:02 63836Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 13:34 63651Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады12.01.2023, 12:49 62476ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды26.01.2023, 11:42 59091Алматының Әуезов ауданындағы су құбыры және кәріз желілерінің тозуы 80%-дан асады26.01.2023, 13:29 58731Теміртауда ЖЭО-2-де қазандық қондырғылары жөндеу жұмыстарына тоқтатылды